Жусан иісі

Мектеп: Ақтөбе қаласы, №60 ЖББОМ  
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған.  
Күні: 28.01.2020ж Сынып: 6

Қатысқандар:                                    Қатыспағандар:

 
Мұғалімнің аты-жөні: Сырбаева Сагадат Маликовна  
Сабақтың тақырыбы С. Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі  
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасынасілтеме) 6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық   мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

6.3.4.2 шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау.

 
Сабақтың мақсаты

 

Барлық оқушылар орындай алады:

1.С.Мұратбековтің«Жусан иісі»әңгімесінде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсінеді.

2.Мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: 1.С.Мұратбековтің«Жусан иісі»әңгімесінде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені екі мысал келтіре отырып,идеясын түсінеді.

2. Мәселенің әлеуметтік  рөлі туралы бір дәлел келіре отырып сыни хабарлама жасайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

1.С.Мұратбековтің«Жусан иісі»әңгімесінде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені үш –төрт мысал келтіре отырып, идеясы арқылы түсінеді.

2.Мәселенің әлеуметтік рөлі туралы 2 дәлел келтіре отырып сыни хабарлама жасайды.

 
Бағалау критерийі

 

1.Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтап,идеясы арқылы түсіндіреді.

2.Мәселенің әлеуметтік ролі туралы сыни хабарлама жасайды.

 
Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану деңгейі  
Тілдік мақсаттар

 

Әдеби тіл нормаларын сақтайды.

Пән лексикасы және терминология:

тірек сөздер: отбасы,тәрбие, балалық шақ, Отан, ерлік, намыс, шежіре т.б

Оқушылар орындай алады:

Тірек сөздерді байланыстыра отырып, пікірлерін көзқарастарын дәлелдей алады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жетім бала тағдыры қалай көрініс тапқан?

Жанашырлық, мейрімділік сөзінің мағынасы

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; менің ойымша, сондықтан..

 

 
Құндылықтарға баулу

 

Оқушылардың бойына  бір-біріне деген құрмет көрсетуді,өзгенің пікірін тыңдауды, бағалай білуді қалыптастыру. Жанашырлыққа, бауырмалдыққа,мейірімділікке  үйрету, қиындыққа төзе білуге баулу  
Пәнаралық байланыс Тарих (XX ғасырдағы тарихи кезең, халықтың басындағы әлеуметтік жағдай), өзін-өзі тану.  
Тақырып бойынша алдыңғы білім Сайын Мұратбековтың өмірі мен «Жусан иісі» повесінің қысқаша  мазмұнын біледі. Ұлы Отан соғысы туралы түсінік қалыптасқан.  
                                                             

                                                             Сабақтың жоспарланған кезеңдері.

 

 
 

 

Сабақтың басы

5-мин

 

Күнделікті шаралар:

Ұйымдастыру кезеңі. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру:

-оқу құралдары, сабаққа қатысымы,назарларының сабаққа шоғырлануы.

Ширату жаттығу. Тақырыпты айқындату.

«Алдын ала берілген атаулар» әдісін пайдаланып, тақтаға бірнеше атаулар жазылып, олардың мағынасын , өзара байланысы сұралады.Бірнеше оқушының ойы мен пікірі тыңдалады.

Жусан иісі, Сайын Мұратбеков, жетім бала, достық, соғыс жылдары, адамгершілік, балалық шақ, сыни  хабарлама,  шолақ жең,  әже, ақ жейде, мұғалім, тазалық, әлеуметтік-қоғамдық мәселе, жағдай.

Олай болса,  бүгін біз С. Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесімен толық танысып, шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсінеміз және көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасаймыз.

«Суреттерді құрастыр» әдісі бойынша тақырыпқа сәйкес суреттердің қиындыларын құрастыру арқылы оқушыларды топқа бөлу

 

Сөздер жазылған таныстырылым

 

 

Суреттер қиындылары.

Жусан

адыраспан

алабұта

долана

жалбыз.

 
Сабақтың ортасы

30

Ж .«Жигсо» әдісі арқылы әңгіменің мазмұнымен танысады.

1-қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады.

2-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді

3-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды.

4-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген әңгіме мазмұнын түсіндіреді.

 

«Жигсо» әдісі арқылы әңгіме желісін талдауда қарым-қатынас формалар бойынша саралау жүзеге асады.

Себебі, шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.

Дескриптор

– Әңгіме мазмұнын меңереді.

 

Тапсырма  Т.Ж«Екі жақты күнделік» әдісі.

(Топтарға А5парақшалар  таратылады, топтың жұмысын түсіреді)

1-3 топқа – Оқыған әңгімелерінің идеясын тауып, кесте бөлігін толтыру.

2-4  топқа  –  Оқыған әңгімедегі әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді тауып, кесте бөлігін толтыру.

 

 

 

Мысалы:

Шығарманың идеясы Шығармадағы әлеуметтік-қоғамдық мәселелер

 

1.Ауыл балаларының мінез-құлқын ,көңіл күйін, тұрмыс-тіршілігін суреттеуге арналған.

2.Тақырып арқылы өмір шындығын суреттегенде өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелеп, өз мақсат мүддесін, арманын білдіреді.

3. Аянның ата-анасын, ағасын сағынуы, оның арманы мен үмітін көрсетуі арқылы көпшілікке ой салу.

4. Ауыртпашылық жылдардағы халықтың, елдің көрген қиындықтары Аянның тағдыры арқылы баяндалады

 

 

 

1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл тіршілігі.

2.Соғыс салдарынан әкелерінен айырылған балалар тағдыры.

3.Соғыс зардабынан  қазақ ауылының жоқ – жітік тіршілігі мен кейбір жосықсыз әлім- жітіктер, күш көрсету.

4.Аурухананың болмауы.

5. Біріншіден, өздеріде күні кеше қоғамның ең төменгі әлеуметтік иерархиясынан, жетім – жесір ортадан шыққан бұл авторлар осы жандардың көзіндегі мұң мен үмітті қаршадайынан оқып өсті. Сондықтан да олардың күнделікті қам – қаракетін әлеуметтік, психологиялық жай – күйі бес саусақтарын дай жете білді, екіншіден, олар көркем әдебиет қара халықтың мұң – мұқтажын жоқтаушы, сондықтан да сол мұң – мұқтажды халықтың қалың ортасында жүрген қарапайым қоғам мүшелерінен артық ешкім білмейді деп түсінді.

Дескриптор

Әңгіменің идеясын анықтайды.

-қоғамдық –әлеуметтік мәселені табады

– кесте толтырады.

 

Қалыптастырушы бағалау

«Шындық па, жалған ба?» әдісі арқылы мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.

1.Шығармадағы соғыс зардабын тартқан ауыл адамдарының жағдайы саяси мәселе(жалған)

2. Әңгіменің негізгі түйіні ауыл баларының мінез-құлқын,көңіл күйін,тұрмыс тіршілігін суреттеуге арналған.(шындық)

3.Аянның достарымен қоштасар кездегі көңіл-күйі көтеріңкі болды(жалған)

4.Ауыл-балаларын оқытқан мұғалім Иманжанов болды.(шындық)

5.Аянның досы –Есікбай(жалған)

6.Әңгімеде  әкелерімен ойнап жүрген балалардың  көтеріңкі көңіл-күйі баяндалады (жалған)

 

2.Тапсырма  Ж. « Жусан иісі» әңгімесіндегі  көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасаңдар.

 

«Дербес пікір»жазу тәсілі.

1.Өзіндік пікір.(ой, идея) –1 сөйлем

2.Дәлел-3-4 сөйлем

3.Өз пікірін айғақтайтын мысал- 3-4сөйлем

4.Өз пікіріне қарсы дәлел-1сөйлем

5.Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал-1сөйлем

6.Қорытынды-2сөйлем

 

Дескриптор

– көтерілген мәселені анықтайды

– әлеуметтік рөлін көрсетеді

– сыни хабарлама жазуда 9-13 сөйлем қолданады

– сыни хабарлама жазуда 5-8 сөйлем қолданады

 

Қалыптастырушы бағалау:  Өзара бағалау және топтық бағалау

Барлық оқушы сыни хабарламаны жазып болған соң, дескриптор арқылы сағат тілімен бір-бірінің жұмыстарын тексереді.

Топ бойынша үздік жұмыс сыныпта оқылады.

Мұғалім бағалауы  «Үш М және Ә» әдісі

(Оқушы  жазған сыни хабарламасының ішінен  3 мәселені оқиды,өзінің  бір  түйінді әрекетін айтады.)

Ж.Ж

Бұл тапсырманы орындауда оқушыларға жеке қолдау арқылы саралау көрсетіледі.

­Қолдаудың жоғары деңгей  – Әрбір қадамға дайын сөйлемдер легі беріледі, соған байланысты жазу тәсіліне сәйкес сыни хабарлама құрастырып жазады.

( Мені ойландырған әлеуметтік мәселе-соғыс кезіндегі халықтың қиын, әрі  ауыр тұрмыс-тіршілігі. Дегенмен, сол кездегі ауыл балаларының достығы,бір-біріне деген жанашырлығы әңгіме барысында айтылады. Балалардың  көңілді ойнауы керемет суреттеледі. Сол себепті қай кезде де халықтың әлеуметтік жағдай бірінші орында болу керек деп ойлаймын.Бірде Аянның тобығы тайып, ауыртып алғанда кезде, қарап, көмек көрсететін аурухананың болмауы. Осындай ауыртпашылық жылдардағы халықтың, елдің көрген қиындықтары Аянның тағдыры арқылы баяндалады.Күтінетін жағдайының жоқ болуы. Содан өмір бойы аяғын сілтіп басатын болып қалуы да жаныңды ауыртады. Әжесі қайтыс болғаннан кейінгі туысының жанашырлық танытпай,дұрыс күтім жасамауы. Денсаулығыңды түзейтін жердің де жетіспеуі.

Қолдаудың орташа деңгей –  әңгімеден әлеуметтік-қоғамдық мәселелерге қатысты тірек сөздер беріледі. (Әлеуметтік мәселе, ауыл балаларының достығы, тұрмыс-тіршілігі, жанашырлық, қиындыққа төзу,  тамақтың болмауы, Тұржанның соққыға жығуы, тобығын тайдырып  алу, Аянның тағдыры)

Қолдаудың төменгі деңгей –Мұғалімнің көмегінсіз жұмыстанады.

6-сынып қазақ әдебиеті оқулық

 

Қадам алгоритмі жазылған таныстырылым

 

 

 

 

 

А5 парақша,ватман

маркерлер

 

парақшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5-мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс:

Мұғалім «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жаздырады.

1.      Бас бармақ- басты мәселе.Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2.      Балаң үйрек-бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

3.      Ортан терек-ойлану. Мен бүгінгі сабақтан қандай білім   алдым?

4.      Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.      Кішкентай бөбек-көңіл күй  ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?

( Пікірлер тыңдалып,жекеленген оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс жасалады.)

 

 

«Бес саусақ» суреті салынған парақшалар

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *