Тіршілік көзі
Мектеп: | ||||
Тақырыбы: Тіршілік көзі | ||||
Мұғалімнің есімі Аханова Б.К. | ||||
Сынып 4 | Қатысқандар саны | Қатыспағандар саны | ||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты | 4.1.3.1 Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру
4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең жазу |
|||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Мысалдың бөлімдері негізінде сюжеттің дамуын болжайды. Болжау себептерін түсіндіреді. Жаңа кейіпкерлер мен жаңа сюжетті енгізе отырып, мысал мазмұнын жаңартады.
Оқушылардың басым бөлігі: Тіршілік көзінің маңызы жайлы ой түйіндейді. Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтап жазады. |
|||
Бағалау критерийлері: | Сюжеттің дамуын болжайды. Мәтінге жаңа кейіпкерлер қосады. | |||
Құндылықтарды дарыту | Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау | |||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану | |||
АКТ қолдану дағдылары | Дереккөз ретінде ғаламторды пайдаланады. | |||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім | Жыл мезгілдері, жанды табиғаттың тіршілік көзі жайлы білім қоры | |||
Жоспар | ||||
Жоспарланға
н уақыт |
Жоспарланған әрекет | Ресурстар | ||
Басталуы | Қызығушылықты ояту
(Т) «Орында» айдары«Әңгіме тізбегі» әдісі . Сөздер мен сөз тіркестерін оқу және ретімен қиыстыру, әңгіме құрастырып, мазмұндап айту және оқу дағдыларын жақсарту, топта ынтымақтастықпен жұмыс істеу. Шағын топтарғатүйін тастады, қозы бақты, тамырланды, көктемді күтті, отырғызылды, көктеді, жинап алды, гүлдеді, пісті, орды, тасыды, жер жыртты, тұқым дайындады, тұқым септі, мал төлдеттідеген сөздер араластырылып беріледі. І топ – «Алма ағаш» ІІ топ – «Егінші» ІІІ топ – «Қойшы» тақырыбына шағын мәтін құрастыру үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін таңдап алады. Тіршілік иелерінің табиғаттағы өсіп-өнуін ретімен айтып, әңгімелейді. Осы тапсырмадан кейін берілген сұрақтар талданады. Дескрипторы: 1. Тақырыпқа сай сөздер мен сөз тіркестерін таңдап алады. 2. Оларды ретімен қойып, қиыстырады. 3. Жыл мезгілдерін тіркестіріп айтып, шағын мәтін құрастырады. Қорытынды жасайды. |
Сөздер мен сөз тіркестері жазылған қима қағаздар |
||
Ортасы | Мағынаны тану
(Ұ) «Тыңда» айдары бойынша И. Крыловтың мысалдарына |
Ғаламтор желісі |
||
жазылған бейнебаян
Дескрипторы: 1. Мысал өлеңді тыңдайды. 2. Шегіртке мен құмырсқаның тіршілігін табиғатпен, Жер- Анамен байланыстырып түсіндіреді. (ЖЖ)«Қойын дәптер» әдісі бойынша И.А. Крылов өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады. |
https://www.yout ube.com/watch?v | ||||||||||||
Аты-жөні И.А. Крылов Туған жылы 1769 – 1844 ж.ж. Туған жері Мәскеу Шығармалары «Қарға мен Түлкі», «Шегіртке мен Құмырсқа» мысалдары Ақпарат Ақын, сықақшы |
|||||||||||||
(Ұ) «Түсініп оқы» айдары«Аялдамамен оқу» әдісі бойынша жүргізіледі.«Жапырақтар мен Тамырлар» мысалы оқылып, оқу барысында аялдамалар жасау арқылы мәтінді бөлімдерге бөліп, оқиғаның жалғасын болжауға мүмкіндік тудыру.
«Оңай, қиын сұрақтар» қою арқылы мәтін мазмұнына талдау жасау Дескрипторы: 1. Мысал мазмұнын түсінеді. 2. Сюжеттің дамуын болжайды. Болжау себептерін түсіндіреді. 3. Мысалға қатысты сұрақтарға жауап береді. ҚБ: қолдау сөздері арқылы жүзеге асады. (Т) «Есіңе түсір» айдары І топ – «Күннің жапыраққа пайдасы» туралы Күннің атынан сөйлеседі. ІІ топ – «Судың жапыраққа пайдасы» туралы Судың атынан сөйлеседі. ІІІ топ – «Ауаның жапыраққа пайдасы туралы» Ауаның атынан сөйлеседі. Дескрипторы: 1. Күн, Су, Ауа рөліне еніп, жапырақпен сөйлесу диалогін құрастырады. 2. Барлығы тіршілік көзі екендігін дәлелдейді. ҚБ:«Отшашу» |
Ақпараттық – анықтамалық әдебиеттер, көркем әдебиеттер, ғаламтор беттері |
||||||||||||
Аяқталуы | Рефлексия
(Ж) «Қорытындыла» айдары «Өлең мазмұнынан өзіңе пайдалы не алдың? Тіршілік көзі неліктен табиғат құбылыстарымен тығыз байланысты болатынын түсіндір» деген тапсырмаға жазбаша жауап ретінде өз ойын жазады. |