Тақырыбы: 2 санына көбейту жəне бөлу кестесін бекіту. | Мектеп: Қ.Аманжолов атындағы ЖОМ | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сулеева К | ||||
2-сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Оқыту мақсаттары | 2.1.2.4** 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу жəне қолдану. 2.5.1.3.Бірдей қосылғыштардың сомасын табуға; мазмұнына қарай жəне бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есеп құру жəне шығару. | ||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: •2-ге көбейту жəне бөлу кестесін біледі жəне қолданады. | ||||
Көптеген оқушылар: •көбейту жəне бөлуге берілген есептерді шығаруда амалдарды дұрыс таңдауды іске асыра алады. | |||||
Кейбір оқушылар: •көбейту жəне бөлуге берілген есептерді өз бетінше құрастырады жəне шығара алады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:2-ге көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндіреді, көбейту жəне бөлуге берілген есептерді шығаруда амалдар таңдауды түсінеді. Пəндік лексика жəне терминология: Көбейту кестесі, көбейту мен бөлудің байланысы, көбейту мен бөлуге берілген есептер. | ||||
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау:
2 санына көбейту жəне бөлу кестесі қалай құрастырылғанын түсіндіре аласың ба? Көбейту кестесін есептеулер барысында қалай қолдануға болатынын түсіндіре аласың ба? Есепті қалай шығаратынын түсіндір? Есептің шешуін қалай жазатынын түсіндір? | |||||
Жазу: 2 санына көбейту жəне бөлу кестесі, есептердің шешуін жазу. | |||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Көбейту мен бөлу амалдарының мағынасы, 2 санына көбейту жəне бөлу кестесі. | ||||
Жоспар | |||||
Жоспарланған уақыт (минут) | Жоспарланған іс-əрекет | Ресурстар | |||
0–3 | Қызығушылықты ояту. Психологиялық дайындық. Мұғалім оқушыларды қазақтың ұлттық ойындары туралы, математиканың ойын жүргізуге қалай көмектесетіні (есеп жүргізу, командаға бөліну, ойынға керекті заттарды санау жəне т.б.) туралы əңгімеге тартады. | ||||
Үй тапсырмасын тексеру. Пысықтау. Моншақ түзу әдісі | 2 санына көбейту жəне бөлуге | ||||
|
4–6 | берілген мысалдары бар карточкалар. | |
7–11 | Жаңа сабақ Қимылды ойындар. Асықтарды екі екіден санату. Ұжымдық жұмыс. 1-тапсырма. Асықтарды санатып тақ сандар мен жұп сандарды ажырату. Топтық жұмыс. 1. Қалдықсыз бөлінетін сандарды ата. 2. Қалдықсыз бөлінбейтін сандар 3. Асықтардан жұп және тақ сандарды атау.
| Оқулық. |
12–29 | Ұжымдық жұмыс 2- тапсырма. А) 20-ға дейінгі жұп сандарды өсу ретімен ата. Ә) Оқушылар 20-ға дейінгі жұп жəне тақ сандарды өсу жəне кему реті бойынша жазады. Шыбын ұрғыш әдісі. Әр топтан оқушылар шығып тақтадағы есептердің жауабын табу. Жұптық жұмыс. «Ойлан –жұптас-бөліс» әдісі 3-тапсырма. | Оқулық жəнедəптер. |
30–40 | Сергіту сәті. Топтық жұмыс. Дәптермен жұмыс. 4-тапсырма. Салыстыру. Топтық жұмыс. 5-тапсырма. А) 18 бала ойнау үшін жұптасып сап құрды. Неше жұп болды?
Ә) Балалар ойнау үшін әр командаға 4 адамнан бөлінді . 2 командада барлығы неше адам болды? Б) Аулада 14 бала ойнап жүр. Олар 2 командаға теңдей бөлінді. Әр командада неше адамнан болды? Үйге. 6 тапсырма.
| Оқулық. Құрастырмалы жинақ. |
41–45 | Рефлексия. Жетістік деңгейін бағалайды. Оқушылар: •2-ге көбейту жəне бөлу кестесін біледі жəне қолдана алады. •көбейту жəне бөлуге берілген есептерді шығаруда амалдарды таңдауды дұрыс жүзеге асыра алады. •көбейту жəне бөлуге берілген есептерді өз бетінше құрастырады жəне шығарады.
|
Жетістіктер жолағы. |