“Тұрмыстық техникалық заттар”

Білім беру саласы:Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы:Тұрмыстық техникалық заттар.

Мақсаты:

Қауіпсіздік ережесін сақтап,тұрмыстық заттарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелей алады.

Тұрмыстық техника,оның қолдануы туралы білімдерін жетілдіре алады.

Олардың атқаратын қызметімен танысты.

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: Тұрмыстық техникалық заттарды қайталайды.

Түсінеді:Тұрмыстық заттарға ұқыптылықпен қарауға және қауіпсіздік ережесін түсінді.

Қолданады: Тұрмыстық техниканың қолданылуын білді.

Тәрбиеші:  Балалар үш тілде амандасып алады.

Жұмбақ жасыру:  Киноменен концертті

Үйде қойып беремін

Жаңалығы бар елдің

Өз көзімен көремін.(теледидир)

Осы заттарға ұқсайтын,тағы қандай заттарды білесіңдер ?

— Балалардың жауабы.

Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Тұрмыстық техникалық заттар»

Балалар сендер білесіңдерме техниканың өзі 2түрге бөлінеді. «көлік техникасы»және «тұрмыстық техника» болып.Жаңа сөзді қайталайықшы  «техника».

—Бүгін біз күнделікті өмірде пайдаланатын  «тұрмыстық техникамен»танысамыз.

–Балалар мынау ненің суреті ?

–Шаңсорғыш

–Шаңсорғышпен нені тазалаймыз?

_Шаңды тазалаймыз.

–Дұрыс балалар,шаңсорғышпен кілем,еденді шаңтозаңнан тазалаймыз.Егерде бөлмеміз таза болса ауамыз да таза болады,денсаулығымыз да мықты болады екен.

–Ал мыну не?

Тоңазытқыш.

–Дұрыс, бұл тоңазытқыш.Тоңазытқышта біз нелерді сақтаймыз?

–Тамақтар, май, балық,сүт сақтаймыз.

—Мынау кір жуатын машина.Кір жуатын машина киімдерімізді жуып,сығып тазалап береді.

—Ал мынау үтік.Онымен нені үтіктейді?

—Киімдеріміздің қыртысын жазу үшін үтіктейміз.

—Ал, мынау компьютер.

—Дұрыс. Бізге компьютер сонымен қатар түрлі ақпараттар алу үшін,жазу үшін, түрлі тапсырмаларды орындыу үшін қажет.

Дидактикалық ойын: «Тұрмыстық техникалық заттардың дыбысын тап»

Ғажайып сәт:

1.Сулы қолмен тоқты қосуға немесе ажыратуға болмайды.

2.Балаларға ересектерсіз электр тоқтарын ұстауға болмайды.

3.Ересектерсіз тұрмыстық техникаларды қолдануға болмайды.

Белгішілер арқылы 3топқа бөлінеді:

Теледидар тобы

Мнемо әдісі арқылы тақпақ жаттау.Сиқырлы қаламмен техникалық заттарды ажыратып,оларды топтастыру.

Шаң сорғыш тобы

Дәстүрден тыс әдісі құммен теледидарды бояу.

Үтік тобы:

Ноутбуктың көмегімен флипчарт әдісін пайдаланып техникалық заттарды топтастырып,оларды бояимыз.

Балалар жұмыстарын аяқтайды.

Сергіту сәті:  (помогатор)

Дидактикалық ойын: «Не қайда орналасады?»

Шарты:Суреттерге қарап, заттарды топқа бөлу  және олардың   жалпы   атауларын атау.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *