«Тазша бала -Тіл мерекесінде!»
Технологиялық карта.
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеумет,Шығармашылық.
Білім көздері: Тіл дамыту,айнала қоршаған орта,музыка.
Тақырыбы: «Тазша бала -Тіл мерекесінде!» Мақсаты: Балалардың патриоттық сезімін ояту, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Халқымыздың ана тілін сақтауға тәрбиелеу. Құрал -жабдықтар: Нақыл сөздер,суреттер. Әдіс -тәсілдер: Әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ -жауап,ойын. Сөздік жұмыс: Сыйлау, құрметтеу. « 22-қыркүйек Тіл мерекесі!» Сабақтың барысы: Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. Тәрбиеші: Балалар, құтты болсын тілің бүгін, Ашатын жан сарайын білімдердің. Кешегі анаң айтқан,бабаң айтқан, Тіліңе зер салыңдар бұрынғының. Қайырлы күн, балалар! Біздің елімізде «22-қыркүйек Тіл мерекесі күні болып саналады» Бүгінгі тіл мерекесі құтты болсын! – Қанекей балалар,тіл мерекесін бастайық ! (сол кезде,есікті қағып Тазша бала келеді. Қолында домбырасы бар) Тазша бала: Ассалаумағалекүм! Сәлеметсіңдер ме, балалар? Балалар: Сәлеметсіз бе! Тазша бала: Балалар, сендер мені таныдыңдар ма? Балалар: Жоқ!
Тазша бала: Ендеше,таныс болайық балалар. – Менің атым Тазша бала. Сендер бүгін, өте әдемі,сұлу,сымбатты болып кетіпсіңдерғой. Не, болып жатыр бұнда? Тәрбиеші: Сен, не білмейсің бе? Бүгін, мерекеғой. Тазша бала: Қандай мереке?
Тәрбиеші:
Қане балалар,Тазша балаға айтыңдаршы есіне түссін , қандай мереке екенін. Балалардың жауабы: Тіл мерекесі…
Тазша бала: Ия,ия, енді есіме түсті,бүгін мерекеғой. Балалар: « 22- қыркүйек –Тіл мерекесі!» Тәрбиеші: Тазша бала,бүгін тіл- мерекесін тойлап жатқанда келдің,төрлет қонағымыз бол. Балалардың,тіл мерекесіне деген тақпақтары мен әндерін,ертегілік қойылымдарын көріп,тамашалап,демал. Тазша бала: Рахмет,рахмет. Тәрбиеші: Әрбір тілде сөйле,әлемді таң қылып. – Ана тілін білмеу қандай заңдылық. – Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда, – Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. Ал енді, балалар тіл мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтып берейік те,Тазша баланы таң қалдырайық.(Балалардың тақтақтары) Меруерт,Дильназ,Айша,Женя, Толғанай,Бақтияр,Рамазан,Альдияр,Ханзере
Тазша бала: Қандай тамаша! Керемет. Тәрбиеші: Тазша бала, біздің балалар тіл туралы мақал-мәтелдер де біледі.
Тазша бала: Қане,қане тыңдайық. (Балалардың мақал-мәтелдері) Аяна, Амир-Али,Толғанай,Ханзере,Әлім.
Тазша бала: Мақалды көп білетін,қандай ақылды балалар. – – Маған қатты ұнады. Тәрбиеші: Тазша бала,біздің балалар, ана тілін құрметтей біледі. – Тілдің қадірін біледі.
Тазша бала: Онда,балалар,айтыңдаршы,қандай қазақ ертегілерін білесіңдер?
Балалар: « Алтын сақа», « Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» « Мақта қыз бен Мысық» Тәрбиеші: Балалар,біз өзіміздің қазақ ертегілерін жақсы білеміз. Ендеше ,Тазша балаға «Мақтақыз бен Мысық» ертегісін сахыналап берсек қайтеді? (Балалар ертегіні сахыналайды) Тәрбиеші: Тазша бала,балалардың өнерлері, қойылымдары ұнады ма?
Тазша бала: Қандай керемет, балалар ертегіні өте жақсы біледі екен,қызықты болды.Маған қатты ұнады. Тәрбиеші: Тазша бала,бұл тақпақтар да, әндер де,ертегіні сахыналау да, балалардың өз тіліне деген құрметі, сүйіспеншілігі,қызығушылығы. Тазша бала: Балалар,сендердің өнерлеріңді көріп риза болдым.Рахмет! Ал енді,сендермен бір «сұрақ-жауап» ойынын ойнайық.
Балалар: Ойнаймыз! Тазша бала: Еліміз бен Жеріміз туралы, кім көп біледі екен? Соны тексерейін! Д/О: «Соны Кім көп біледі?» (сұрақтар)
- Біз қай Республикада тұрамыз?
- Біздің астанамыз?
- Біздің елбасымыз?
- Біздің тұратын қаламыз?
- Тіл мерекесі қай айда болады?
Тәрбиеші: Тазша бала,балалардың жауабы көңліңізден шықты ма? Тазша бала: Балалар ,бүгінгі мерекеге өте жақсы дайындалып келіпті,өздері ақылды,алғыр екен.Балалардан, мен қатты ұялып тұрмын. Тәрбиеші: Неге? Тазша бала: Балалар тіл мерекесіне жақсылап дайындалған, әдемілеп киінген, тақпақ, мақал-мәтелдерін жаттаған. Ал мен болсам, еліміз тойлап жатқан мерекені ұмытып қалыппын. Тәрбиеші: Тазша бала , сен ренжіме. Бірақ, бүгіннен бастап сен де барған,жүрген жеріңде осы Тіл- мерекесі туралы айтып жүретін бол! Тазша бала: Ия,ия дұрыс айтасыз! Енді мен, басқа балабақшаға да барып,осы №7 бала –бақшасының «Айгөлек» мектепалды даярлық тобы « тіл мерекесін»қалай өткізіп жатқандығын хабарлауға асығайын. Тәрбиеші: Тазша бала, тоқтай тұр,бізбен бірге көңліңді көтеріп би биле. «Қаражорға» биі. Тазша бала: Билесек ,билейік! (балалармен би)
Тәрбиеші: Тазша бала, сенен қайда болдың десе, сен недейсің?
Тазша бала: Мен, яғни Тазша бала «Тіл мерекесінде» болдым деймін. Мен асығайын балалар.
Тәрбиеші: Балалар,Тазша баламен қоштасайық. Балалар:Сау болыңыз, Тазша бала! Тазша бала: Сау болыңдар, балалар! Көріскенше. Тәрбиеші: Балалар,сендерге тіл –мерекесі ұнады ма? Балалар: Бізге ұнады, жақсы өтті. Тәрбиеші: – Мінікей,балалар, біздің «Тіл мерекеміз» осымен аяқталды!
Технологиялық картаны толтырған :Орденхан Г.