Наурыз мейрамындағы қала көшелеріне саяхат.

Тақырыбы: Наурыз мейрамындағы қала көшелеріне саяхат.

Мақсаты: Ермексазбен   кесені қошқармүйіз өрнегімен әшекейлей білуге үйрету.

-Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс барысында тьютордың көмегімен ермексазды үзіп алып, бөлшектеп, екі алақанның ортасына салып, үйкеуді, домалатуды үйрету.

-Ермексазды шиыршықтап илеп, қошқармүйіз өрнегі пішініне келтіру.

-Мүсінделген дайын кесеге оюды дұрыс жабыстыра білуді қалыптастыру.

2.Қатарластарымен бірге сөздік байланысқа түсу, сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін, шеберліктерін, іскерліктерін, ұсақ-қол  моторикасын дамыту.

3.Балаларды достыққа, қамқорлыққа, сыйластыққа, кішіпейілділікке, халқымыздың рухани байлығын дәріптеп, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: шымшу, ерсілі-қарсылы есу, созу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Наурыз мейрамы туралы әңгімелеу, кесені      жеңіл ермексазбен мүсіндеу.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Алақай, алақай көктем келді, наурыз келді!

Тазша бала келеді.

Тазша бала: Сәлеметсіздер ме, балалар, мен Тазша баламын! Наурыз мейрамдарын құтты болсын!   Балалар, менің әжемнің үйіне сендерді көжеге шақыра келдім, келіңіздер!

Тәрбиеші: Балалар мен білсем әжейдің үйі қатты қашық емес, жаяу қала көшелерін аралап барсақ қалай қарайсыздар?

Бала: Әрине, жаяу барайық,таза ауада жаяу жүрген денсаулығымызға пайдалы.

Алихан: Ал біз тазша бала екеуміз баралмаймыз, әжемнің көже ішетін  кеселерін байқаусызда сындырып алдым. Енді сондай кесе іздеп келеміз.

Тәрбиеші: Тазша бала сенде бізбен жүрсенші қазір қала көшелерінде Наурыз мерекесі болып жатыр мүмкін сенін іздеген кесеңді кездестіріп қалармыз. Тәрбиеші: Ал, ендеше кеттік!

Тәрбиеші: Балалар, кім біледі Наурыз мейрамы ол қандай мейрам?

-Ол біздің жаңа жылымыз

-Ұлыстың Ұлы күні!

-Наурыз жыл басы!

-Наурызда күн мен түн теңеледі!

-Ұлттық ойындар ойналады

:Наурызда наурыз көже пісіріледі.

-Көже 7 түрлі тағамнан жасалады.

Адамдар Наурызда көшеге шығып бір-бірін құттықтайды.

Тәрбиеші: Балалар, бізді әжеміз күтіп қалған шығар, көже суып кетпей тұрғанда тезірек  барайық!

Музыка ойнайды

-Достарменен бір жолда,

Йықтасып жүреміз

Қиындықта қол ұшын

Береріне  сенеміз

Бірінші киіз  үйге келеді

Ануар: Сәлеметсіздер ме!

Қандай керемет көрме, балалар!

Сіздің көрмеңізде көже ішетін қандай ыдыстарың бар?

Тәрбиеші: Балалар,  кесе- қазақтардың ыдыс-аяғы, оны ата-бабаларымыз бұрын ағаштан жасаған, тіпті малдың терісінен де жасаған,ал мына кеселер фарфор деген материалдан жасалған екен, бұл ыдыстар қолданысқа кейін еңген

Балалар,  бұл ұлттық ыдыстарда, байқасаңыздар, ою-өрнектер бар, оюлардың түрі өте коп.  Соның бірнеше түрін еске түсіріп «Екінші бөлігін тап» деген ойынды ойнайық.

Ойын: «Екінші бөлігін тап»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші: Қараңыздар балалар жаңа біз айтқан ою-орнектер көше бойы ілулі тұр, оларды заманауи бағытта  салған екен. Қандай әдемі, оларды өзіміздің киіп жүрген киімімізде кездестіруге болады.

Екінші киіз үйге келеді

Сәлеметсіздерме, ме балалар! Менің ұлттық шеберханама қош келдіңіздер! Мен бұл жерде ұлттық ыдыстар жасаймын.

Тәрбиеші: Шебер бізге улттық кеселер керек еді. Тазша бала әжейдің ыдыстарын байқаусызда сындырып алып соған кесе іздеп келеміз.

Шебер: кеседен басқа менде көптеген ұлттық заттар бар.

Қане Айсана, тазша бала шеберханадағы заттармен таныстырып отіндер?

 

Шебер: Сендерге сонда қандай кесе керек?

Тазша бала: Менің сындырып алған кесем мынадай

Құрастырады

Шебер: Шебер деген атым барго және менің сиқырлы желімім де бар, қане, жөндеп көрейін.,.

Сиқырлы сөз айтады, көздерін жұмдырады.

-Рахмет сізге шебер! Әжейдің үйіне барайық, сізде бізбен жүріңіз!

Шебер: сендерге бір ұсынысым бар  мейрам болса жақындап қалды ,ал менің кеселерім әлі өрнексіз тұр.

Сендер маған көмек берсеңіздер, менде Наурыз мейрамын мейрамдауға барар едім

Балалар: Арине, әкеліңіз жасап көрейік!

-Балалар кесе  қандай?

-дөңгелек, кішкентай,шұңғыл, өрнекті

-Дұрыс айтасыңдар, бұл кеседе қандай өрнек?

-қошқармүйіз

Тәрбиеші: Ою өрнек туралы мәлімет суреттер көрсетеді.

-Өрнек қай жерде орналасқан?

Кесені әдемі етіп әшекейлеу үшін Ермексазды үзіп алып алақанымыздың ортасына салып домалақтаймыз, дайын болған домалақтан сопақша жасаймыз, шиыршықтап илейміз, сосын шығыршықтап оюды пішініне келтіріп жапсырамыз.

Шебер: Балалар, керемет болып шықты жұмыстарын! Көп-көп рахмет сендерге!

Ендеше әжемізге барайық!

Әже: Салеметсіздер ме, балалар қош келдіңіздер! Көріседі

-Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

-Көжеден дәм татыңыз, төрге шығып жайғасыңыздар!

-Арсен, Айсана балаларым қане көмектесіп жіберіңдер!

Көже құятын ыдысты табалмай жатырмын. -Мінекей әже!

Әже: Ой, көзіңнен айналайын балапаным рахмет саған!

Шебер: Әжей балаларға ренжімеңізші байқаусызда сындырып алыпты ыдысыңызды, бірақ жөндеп сайлап қойдық.

Әжей: Жоқ балам, ешқандай реңіш жоқ. Наурызда ренжіген адамдарды кешіреді.

Әжей: Оданда сендер маған айтып беріңдерш қалай жеттіңдер маған.

-көрмеге бардық;

-ұлттық ыдыстармен таныстық

-шеберханаға бардық

-шебердің жасаған ыдыстарын көрдік

-кесені әшекейледік

Тәрбиеші: кесеге қандай өрнек салдыңдар?

Тәрбиеші: кеселер неден жасалған?

-ағаштан, фарфордан, пластмассадан да жасаған

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, құрметтеп келгендеріңізге рахмет!

Қане, Айсана, Арсен қонақтарға да көжеден бауырсақтан беріп  құрмет көрсетейік!

Султанова Айман Мухамидияровна

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *