«Бұл қай кезде болады?»
Жаңаөзен қалалық білім бөлімі
«Рахат бөбекжай-бақшасы»
жедел басқару құқығындағы
МКҚК тәрбиешісі
Нурахметова Жазира Отепбергеновна
Білім беру саласы: Коммуникация, шығармашылық, таным, денсаулық, әлеумет.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет, жапсыру, математика, дене, орыс тілі.
Тақырыбы: «Бұл қай кезде болады?»
Мақсаты:
Білімділік: Жыл мезгілдері туралы білімдерін тиянақтау, жарты жыл бойы алған білімдерін бекіту;
Дамытушылық: Ойлау, еске түсіру қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Аю-ю-ю, қоян-н-н, қасқар-р-р,
Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, үйрету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, қорытынды.
Әрекеттер кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Ұйымдастыру:
Арайлап таң атты!
– Балалар бір жылда неше мезгіл бар? – Жыл мезгілдерін кім атап береді? – Қазір жылдың қай мезгілі? – Қыс мезгілінде неше ай бар? – Апта күндерін атайықшы? |
Балалар шаттық шеңберді, өлең жолдарына сай қимылдармен орындайды.
Бір жылда төрт мезгіл бар. Қыс, көктем, жаз, күз. Қыс мезгілі -Үш ай бар, желтоқсан, қаңтар, ақпан. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі
|
Ізденуші ұйымдастыру |
– Балалар біз неше күн демаламыз және неше күн балабақшаға келеміз?
– Біздің балабақшамыз қалай аталады? – Ал тобымыз қалай аталады? – Балалар тобымыздың ұранын айтыңдаршы. – Өте жақсы балалар бүгінгі біздің оқу қызметіміз ерекше болмақ,жылдың басынан алған білімдерімізді көрсетейік. – Балалар жақында біз қандай мерекені атап өттік? – Біз жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алдық? Жаңа жыл мерекесі сіздерге ұнадыма? Жарайсыңдар балалар, ендеше сол шырша мерекесіне біздің ормандағы жабайы жануарларымызда барғысы келеді екен. – Бірақ біз оларға көмектесуіміз керек. – Көмектесемізбе, балалар? – Ол үшін балалар жабайы жануарларымыздағы жасырынған тапсырмаларды орындауымыз керек. 1-тапсырма: Қасқыр: Жұмбақ: «Бұл қай кезде болады?» 1. Қар, мұз еріп, Су көбейіп, Жапырақ ашып, Бәйшешектер басады Айтыңдаршы балалар Бұл қай кезде болады? 2. Күннің көзі шуақты Балалар жүр шомылып, Көбелек қуып ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың?
3. Жапырақтар сарғаяды Күн бұлттанады Жаңбыр жиі жауады Құстар жыллы жаққа ұшады Айтыңдаршы, балалар Бұл қай кезде болады?
4. Шана зырғып, желетін Шаңғы коньки тебетін Аққала жасап ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың?
– Жарайсыңдар, балалар, жыл мезгілдеріне арнап кім тақпақ айтып береді? 2-тапсырма: Түлкі: Санамақтар,тура және кері санау. 1 ден 5 ке дейін сандарды тура және кері санау. 3-тапсырма: Аю: «Мақал-мәтелдер» Сергіту сәті: 4-тапсырма: Қоян: Шыршаны безендіру. Ойын: «Ойлан тап.» |
Бес күн балабақшаға келеміз, екі күн демаламыз.
-«Рахат бөбекжай-бақшасы»
-№7 «Жауқазын» ортаңғы тобы
-Биік-биік белеске,
Қарлығаш болып самғаймыз. – Жаңа жыл – Жақсы көңіл күймен – Иә – Иә, көмектесеміз
(Көктем) (Жаз) (Күз) (Қыс) Омар Айару Алихан: Айзере: Көзайым: Амина: Аймерей: Балалар мақал-мәтелдер айтады. Ян-ян-ян секіреді қоян Балалар түрлі пішіндерден жасалған ойыншықтарды алып, желім арқылы шыршаға жапсырады. Ойынға жаппай қатысады.
|
Рефлексті түзетуші | Қорытынды:
Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнадыма? Біз не туралы әңгімеледік? Жарайсыңдар тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Балалар жабайы жануарларымызда шырша мерекесіне келіп жайғасты. Балалар жабайы жануарларымыздың шырша мерекесі көңілді өту үшін біз жаңа жылдық әнімізді шырқап берейікші? |
– Иә ұнады.
Ән: « Шырша жыры» |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: мезгілдердің бір-бірінен айырмашылығын ажырата біледі;
Болуы керек: тірек сызба арқылы жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін;
Қолынан келу: табиғатты аялауға:
Тәрбиеші: Нурахметова Ж.О.