Қызықты математика әлемі
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: «Қызықты математика әлемі»
Мақсаты: Балаларға білім беру бағдарламасында математиканың белгілеп берген сан және есеп,көлем,кеңістікті,уақытты бағдарлау,геометриялық денелерден бөлінген бес тармағын негіге ала отырып пәндерді ң байланысын құрастыру, сауат ашу,дидактикалық ойындар көмегі арқылы балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру.Ф.Фребель заттарымен тапсырмалар орындау,оларға ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Зайцев технологиясы «Аққонжық», суретті тапсырмалар,Ф.Фребель
заттары
Билингвизм: бір-один-уан,екі-два-чу,үш-три-сри,төрт-четыре-фо,бес-пять-файф
Көк-синий,қызыл-красный,сары-желтый,қара-черный
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс-әрекеті Балалар іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Жылулық шеңбері
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауадан салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Осы жақсы лебізді
Бір-бірімізге сыйлайық.
– Жарайсыңдар, балалар!
-Балалар бүгін бізде ерекше күн.
-Неге ерекше күн?
-Дұрыс айтасыңдар, бүгін бізге сендердің ата-аналарың қонаққа келіп отыр.Ал ата-аналарымызға білімді екенімізді дәлелдейтін уақыт келген сияқты.
-Дайынбыз ба?
-Жарайсыңдар,балалар!
Бүгін біз қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оқу іс-әрекетінде көптеген қызықты тапсырмалар орындаймыз.
Балалар алақандарын ашып,жылы лебіздерді айтып бір-біріне сыйлайды.
-Өйткені бізге қонаққа ата-аналарымыз келді.
-Иә,дайынбыз.
Ұйымдастырушы-ізденушілік
Ғажайып сәт.
Топта бағыттаушы белгілері жарқылдайды.
-Ой,балалар мынау не?
Бүгін бізге келетін қонақты осы бағыттаушы белгі арқылы табамыз.
Ортаға Аққонжық келеді.
-Балалар, бізге Аққонжық қонаққа келіпті.Сендерге бірнәрсе айтқысы кеп тұр.
Аққонжық амандасып, өз тапсырмаларын айтады:
-Балалар, сендер осы кезге дейін қандай әріптермен таныстыңдар?
-Менімен бірге қайталаңдаршы?
-Рахмет!
Тәрбиеші:
-Балалар, енді осы әріптерден буын,сөз құрап көрейікші?
-Керемет, балалар!
-Аққонжық бізге көмек сұрап келіп отыр.
Аққонжық:
-Балалар менің бал жинайтын ыдысым сынып қалды.Оны құрастыру үшін сынған пішіндерде тапсырмалар бар,сол тапсырманы орындап,бал жинайтын ыдысымды құрастырып беріңдерші.
-Балалар , көмек береміз бе?
1-тапсырма: Жолақшамен жұмыс
Балаларға алдарында берілген суреттен қайсысы артық,қайсысы кем екенін,олар тең болу үшін не істеу керегін сұрау.
(киіз үй,ою)
2-тапсырма:
А)«Математикалық қосу,азайту амалдарын қолданып,ойлана отырып есептің шешімін табыңдар.
(балаларға амалдарды шешу үшін текшелер таратып беремін)
Ә) 4 шелек жемістен 1 шелек жемісті азайтқанда теңдігі қанша болады?
Үш пальма ағашымен 1 пальма ағашының айырмасының теңдігі қанша болады?
3- тапсырма: «Шыршадағы ойыншықтар нешеу?Сана»
Суретте берілген шыршаның ойыншықтарын жеке-жеке санап нешеу екенін анықтау.
Енді осы тапқан сандармен д/о:«Көршісін ата» ойынын өткізіп жіберейік.
Сергіту сәті.
Балаларды жарты шеңбермен тұрғызып, доп лақтыру арқылы сандарды тура және кері санату.
4-тапсырма:
Кюизенер таяқшаларынан – алма,үй,түйе құрастыру.
Математикалық планшетпен жұмыс: Сандар құрастыру.
Ф.Фребель заттарымен жұмыс:
«Шаршыларды дөңгелектермен біріктір және үйшік құрастыру»
Балаларға 5В жәшіктегі материалдың көмегімен төмендегі суретте көрсетілген симметриялы пішіндерді құрастыру.
5-тапсырма: Сурет бойынша кеңістікті бағдарлау.
«Қыс мезіліндегі ойындар»
Міне,балалар Аққонжықтың берген тапсырмаларын орындадық.
-Балалалар, тақтада не көріп тұрсыңдар?
Аққонжық:
-Балалар,сендер өте білімді екенсіңдер,маған ұнадыңдар!
Аққонжық:
-Рахмет балалар!
Балалар ғажайып сәтке таң қалысады.
-Бұл жылтыр шамдар
Бағыттаушы белгі
бір бала шығып бағыт бойынша жүріп қонақтың орнын табады.
Балалар Аққонжыққа таң қалады.
-А,У,О,Н,Л,Ә,Т
Балалар алдарына берілген текшелерден буын,сөз құрап шығады.
-Иә, көмек береміз.
Суретке қарай отырып,балалар есептің шешуін табады,оларды салыстырып,теңестіреді.
Қосу,азайту амалдарын орындайды.
Лақтырған допты қағып алып,сандарды тура және кері санайды.
Тәрбиешінің берілген тапсырмасын орындап шығады.
Кеңістікті бағдарлау.
Тақтадағы сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.
-Бал салатын ыдыс
Рефлексивті-түзетушілік -Бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Бізге қонаққа кім келді?
-Ол қандай тапсырмаларымен келді?
– Біз Аққонжыққа қандай көмек бердік?
Балаларды мадақтап, смайлик тарату.
Балалар тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.
Смайликтер алып,қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: 5 көлемінде санауды,0-5 дейінгі цифрларды
Нені игерді: көрнекі түрде азайту,қосу туралы түсінікті
Нені біледі: азайту мен қосуға қарапайым есептерді шығаруды,
Ф.Фребел заттарымен,Кюзинер таяқшаларымен, математикалық планшетпен жұмыс жасауды, геометриялық пішіндерді
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718