Мектеп музейі


Құрастырғандар: 

Ж.У.Мырзагалиева — Круглоозерный ЖОББМ ІІ санатты тарих пәнінің

мұғалімі, үйірме жетекшісі.

Р.У. Нигметов —         Круглоозерный ЖОББМ І санатты тарих пәнінің.

мұғалімі, музей  жетекшісі.

 

Рецензенттер:

С. Б. Құрманалин –   Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық

университеті, тарих ғылымдарының кандидаты,

профессор.

Н.И. Алышева –        Круглоозерный ЖОББМ-нің жоғары санатты тарих

пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарлама 34 сағатқа жоспарланып,  өлкетану бағытында музей үйірмесін жүргізуге арналған. Тарих пәні мұғалімдеріне өлкетану саласында іздестіру-зерттеу жұмыстары барысында пайдаланылады. Мектеп музейлері жұмысын жүргізу кезінде бағдарламадағы қосымша мәліметтерге жүгінуге болады.

Үйірме бағдарламасы тарих пәні мұғалімдері мен музей жетекшілеріне арналған.

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………4

  1. Аналитикалық бөлім

1.1.Бағдарламаның мақсат-міндеттері……………………………………………..6

1.2. Күтілетін нәтижелер…………………………………………………………………6

  1. Тақырыптық –күнтізбелік жоспар………………………………………………………..8

III.Практикалық бөлім

3.1. «Мектеп музейі» үйірмесінің жетістіктері………………………………..10

3.2.Сыныптан тыс шаралар…………………………………………………………….11

3.3. Дәріс сабақтар…………………………………………………………………………

Қорытынды …………………………………………………………………………………..12

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………….13

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

ХХІ ғасыр жаңарған, дамыған реформалар ғасыры болып тарих сахнасына енуде. Сондықтан оқу-ағарту, ғылым саласында жаңа реформалар жасалуда. Әр елдің ұлттық салт-дәстүрі терең зерттеліп, соны игеруге мол мүмкіндік туды. Қазақстан Республикасы соңғы 27 жыл ішінде әлем таныған ел болды. Қазіргі жастарға зор міндеттер жүктелді, білімді ұрпақ қажеттілігі туындадады. Қазақ халқының көне тарихын, мол мұрасын оқып үйрену жаңа буын оқулықтарында көрсетілген. Соған қарамастан, қазіргі тарих оқулықтарында жергілікті өлкеміздің тарихы аз жазылған, толық зерттелмеген мәліметтер көп. Сондықтан ұстаздардың тарапынан оқушылардың  сабақтан тыс уақытта өлке тарихын оқуына мән берулері қажет.

Алдымызда қойылған міндеттерді орындаудың маңызды жолдарының бірі  тарихи өлкетану болып табылады. Өлкетану деп белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеп тану ісін айтамыз. Әдетте, ондай зерттеуге өлкенің әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи және мәдени дамуы, сондай-ақ, оның табиғи сипаты нысан болады.

Оқушыларға туған өлке тарихы бойынша белгілі бір негізделген нақты білім беру-басты міндет. Оқу-тәрбиелік міндеттермен қатар тарихи өлкетану қоғам мүддесіндегі міндеттерді де шешеді. Ол, өз кезегінде, оқушылардың бойында қоғамдық пайдалы істерге деген дағдыларды қалыптастырып, сонымен бірге, оларды тарихи жәдігерлерді қорғауға ынталандырады. Бұл жәдігерлерді алдымен мектепішілік музейлер қорынан ғана таба аламыз.

Оқушылардың  осы күнде тарихқа ден қоя зер салуы артқан жағдайда музей үлесіне үлкен міндет жүктеліп отыр. «Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың» — деген Елбасымыздың сөзі де дәлел. Музей-өткен мен болашақты жалғастырушы түйін. 1999 жылдың 26 сәуірінде Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің №213 «Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін мұражайлардың ережелерін» бекіту туралы бұйрығы жарияланды. Осы бұйрық  негізінде «Мектеп мұражайы туралы ереже» қабылданды.

Ережеде мектеп музейінің жұмысының мазмұны мен түрі, басқару мен ұйымдастыру жүйесі, қорды сақтау және есепке алуды қамтамасыз ету түрлері ашып көрсетіледі.

Музей-туған еліміздің асыл қазынасы. Музей оқушыларды, жалпы жұртшылықты  өлкеміздің шежіресімен таныстыра отырып, оны қастерлеуге тәрбиелейді. Жәдігерлерді қорғау мен жинақтау аясында жас ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу ісі жатыр.

Елбасымыздың таяуда ғана жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өз уақытында жарияланған бірден — бір маңызды құжат болды деп есептеймін. Бұл құжатта ұлттық кодты сақтау мақсаты анық айтылған. Бұл біздің қазақ халқының асыл мұраларын келешек ұрпаққа жеткізуіміз қажет деген ойды анық аңғартады. Елбасының бұл жолдауы аясында елімізде ата-баба салтын насихаттау мақсатында көптеген музейлер ашылуда. Мектеп музейлерінің саны саусақпен санарлықтай болса, қазіргі кезде саны біршама өскендігін байқаймын. Ендігі кезекте осы ашылған музейлер жай ғана ашылмай, оқушылардың шығармашылық орталығына айналса өте игі істердің бірі болары сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Аналитикалық бөлім

Бағдарламаның мақсат-міндеттері

Бағдарлама 34 сағатқа негізделіп құрылған. Өлкетану бағытын музей жұмысымен ұштастырған әдістемелік нұсқаулық.

Бағдарлама мақсаты— музей жұмысы арқылы оқушылар бойында өз өлкесіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Тәжірибе жұмыстары арқылы  ізденіс дағдыларын дамыту.

Өлкетану үйірмесінің басты мақсаты:

  • «Мәңгілік Ел» бағдарламасын орындау;
  • Оқушылардың бойында зерттеушілік қасиеттерін қалыптастыру;
  • Өлкеміздің тарихи – мәдени ескерткіштерін насихаттау.

Міндеті:

  • Оқушылар бойында шығармашылық жұмыстарға деген қызығушылықты қалыптастыру;
  • Жорықтармен қамтылған ізденіс-зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру;
  • Өлкетанулық жұмыстар арқылы тұлғаның әлеуметтік даралығын анықтау;
  • Отанға деген патриоттық сезімді дамыту.

 

Күтілетін нәтиже:

жәдігерлермен жұмыс жасап үйренеді;

— тарихқа деген қызығушылығы оянады;

— сабақ барысын әртүрлі әдебиеттермен толықтырады;

— ізденіс- зерттеушілік жұмыстарын жүргізеді;

— ақпараттарды жинақтайды, сараптайды, рәсімдейді;

— мұрағат қоры құжаттарымен жұмыстанады;

— әр оқушы өздігінен ақпараттарды іздеу және оны сараптама жұмыстары арқылы жобалар жасақтауға дағдыланады;

 

Үйірме мүшелерімен жүргізілген сабақтардың нәтижесінде:

  • Өлкенің тарихи ескерткіштерін біледі;
  • Батыс Қазақстанның тарихи дамуы ерекшеліктерін, мәдениетін, тарихи тұлғаларын және олардың өлкеміздің дамуына қосқан үлестерін анықтайды;
  • Еліміздің тарихи дамуын саралай алады;
  • Жәдігерлердің тарихи құндылығын ажырата алады;
  • Ғылыми құжатты дайындай біледі;
  • Шығармашылық жұмыстармен айналысады;
  • Ақпараттарды тез, әрі сапалы жинақтауды үйренеді.

Үйірме мүшелерінің жұмыс нәтижелері осы өлшемдермен анықталады.

Жеке тұлға дамуы нәтижелері:

  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын терең ұғынуға;
  • Қазақстанда өмір сүретін басқа да дін өкілдерінің мәдениеттерімен танысуына және оларды құрметтей білуіне;
  • өлке тарихын білуіне;
  • тарихи ескерткіштерді құрметтеуге тәрбиелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Тақырыптық- күнтізбелік жоспар

«Мектеп музейі» өлкетану үйірмесінің тақырыптық-күнтізбелік жоспары

2018-2019 оқу жылы

Сабақтың тақырыбыСағат саныМерзіміРесурстар
І – бөлім. Өлкетану
1Кіріспе. «Мектеп музейі» өлкетану үйірмесінің мақсат, міндеттерімен танысу.1 Қауіпсіздік ережесімен танысу
2Үйірме құжаттарымен жұмыс үлгілері1  
3Туристік өлкетану жорығымен танысу1 Жорық жазбалары
4Жорық есебін жазу үлгілерімен таныстыру1 Жорық есебі үлгісі
2 – бөлім. Этнография
5Туған жер – алтын ұя бесігім. Ауыл атауының шығу тарихын зерттеу1 «Туған өлке тарихы» жобасы
6Менің əулетімнің тарихы1 «Атадан қалған мұра» сайысы сценарийі
7Менің отбасымның құнды жәдігерлері. Эссе жазу1 
8Этнографиялық мәліметтер жинау үлгілері.1 С.А. Калентьев «Чтобы помнили…»

Мектеп музейінің жәдігерлері

9«Атадан қалған мұра» мектепішілік байқауын өткізу1 Плакаттар шығару
3 бөлім.Тарихи экскурсия
10Экскурсия түсінігі.1 https://kk.wikipedia.org/wiki,

http://www.zkolib.kz

e-history.kz,

http://zhasorken.kz

11Экскурсия тарихы1 
12Экскурсия түрлері1 
13Экскурсия жетекшісінің шеберлігі1 
14Жаңа экскурсияны дайындау технологиясы1 
15Орал қаласының тарихы. Орал қаласының тарихи-мəдени ескерткіштері. Мерейтойлар тізбесін дайындау1 
16БҚО өлкетану  музейіне экскурсия1 
17Суретші С.Ғұмаров атындағы мұражайға саяхат1 
18Табиғат жəне экология мұражайына экскурсия1 
19Е.Пугачев музей-үйіне саяхат1 
20Старый Уральск музейіне саяхат1 
21М.Мәметова музейіне саяхат1 
22Ортағасырлық Жайық қалашығына саяхат1 
4-бөлім. Топономика
23Жер-су аттарына шолу1 www.inform.kz
24Орал өңірінен шыққан атақты адамдар, қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар және еңбектері1 https://kk.wikipedia.org/wiki/
25Ауыл атауының шығу тарихын зерттеу. Деректер жинау1 С.А. Калентьев «Чтобы помнили…»

Бейімбет М. «Туған өлке» ғылыми жобасы

26Жергілікті өлкетанушы Калентьевпен сұхбат кеші1 
5-бөлім. Музейтану. Музей құжаттарымен жұмыс
27Инвентарлық кітапты жүргізу1 Инвентарлық кітап
28Қабылдау, беру актісін толтыру1 Қабылдау, беру актісі
29Ғылыми төлқұжатты рәсімдеу1 Ғылыми төлқұжат
30Шеберлік сынып өткізу

 

1 «Мұражай ережесі» БҚО туризм орталығы, 2012 ж
6-бөлім. Шығармашылық жұмыстар
31Музей белсенділерінің отырысы1  
32«Музей түні» акциясы1 Акция сценарииі
33Жоба жазу үлгілері. Жоба тақырыптарын сұрыптау1 «Туған өлке тарихы» ғылыми жобасы
34Қорытынды. Жобаларды талқылау1  
 Барлығы34

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *