Әдемі торғай

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Мүсіндеу
Тақырыбы: Әдемі торғай.
Мақсаты: Балаларға торғайлар туралы білім беру. Ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың сөз қорларын молайту, өз ойларын жеткізе білуге үйрету. Балалардың сұрақтарға толық жауап беруге тәрбиелеу. Ермексаздан мүсіндеуді.
Көрнекіліктер: Торғай суреттері; ойыншықтар, ұя, ойынға керекті заттар,
Құрал – жабдықтар: ермексаз, тақтайша, ермексаз кесетін арнайы пышақ.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, сергіту сәті, шаттық шеңбері, ойын.
Блингвалды компонент: Құс – птица;Торғай – воробьи;
Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті.
Мотивация – қозғаушы кезең -Балалар, қане шеңбер болып тұрамыз.
Армысың, Алтын күн!
Армысың ,Жер ана!
Армысың ,Көк аспан!
Армысын, Жан досым!
Жылуыңа жылу қос,
Міне менің қолым.
Қайырлы таң достарым. Балалар шаттық шеңберінде тұрып өлең жолдарын айтады, бір-бірлеріне алақан жылулығын сыйлайды.
Ұйымдастырушы – қозғаушы кезең -Балалар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын, бүгінгі көңіл –күйлерің қандай?
Ендеше осы жақсы көңіл-күймен бүгінгі оқу қызметімізді бастайық.
суреттен не көріп тұрсыңдар?
Терезені ашып ,балалар мұхият тыңдаңдаршы ненің даусын естідіңдер?
-Дұрыс айтасындар торғайлар.
Бұл торғайлар қыстап бізбен бірге қалып қойды.біз оларға қандай қамқорлық жасауымыз керек?
-Біздің топта торғайдың ойыншығы бар ма?
Балалармен торғайдың дене пішімін талдап шығады және торғайды ермексазбен мүсіндейтіндерін ескерту.
-Торғайды мүсіндеудің алдында ермексазбен жұмыс жасау ережелерін есімізге түсірейік.
Балаларға торғайды қалай мүсіндеу керектігін түсіндіріп, көрсету.
Сергіту сәті: «Көгершіндер»
Біз ұшамыз , ұшамыз,
Бар әлемді құшамыз.
Әрбір үй мен қалаға,
Тыныштық бақыт сыйлаймыз.
Бірімізбен біріміз,
Қанекей дос болайық.
Көктегі құс пен шөп тербеген желдейміз,
Теңіздегі желкен мен жаңбырдан кейінгі селдейміз.
-Серігіп алдық, ал енді орнымызға отырып, ермексаздан торғайды мүсіндеуді жалғастырып, соңына жеткізу.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, мұхият тыңдаңдар.
*Тал басында түндіксіз отау.
Орамалмен жабулы тұрған құстың ұясын көрсету және балалардың мүсіндеген торғайларын сол ұяға отырғызу. Өте жақсы.

-Торғайды.
-Шырылдаған торғайлардың.

Балалардың жауабы тыңдалады.

-ия

Ермексазбен жұмыс жасау ережелерін еске түсіреді.
Балалар бірге ермексазды пайдаланып торғайды мүсіндеуге кіріседі.

/Қолды екі жаққа қанатша керіп, бірінің артынан бірі шеңбер жасай жүгіру. Қолдарын төмен, жоғары сермейді./

Балалар ермексазбен торғай мүсіндейді.

Ұя.
Мүсіндеген торғайларынан ұяға отырғызуды ұйымдастырады.
Рефлексиялық кезең -Балалар біз нені мүсіндедік?
-Не туралы әңгімелестік?
Дид ойын: «Дала құстар мен үй құстарын ажырат.»
Балаларды мадақтау. Балалардың жауаптары тыңдалады.
Үй құстары мен дала құстарын өз ұяларына тауып отырғыз.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Торғай туралы толық біледі;
Нені білу керек: Құстарды ермексаздан мүсіндеуді;

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *