Көкөністер

Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер»
Мақсаты: Жемістер мен көкөністерге түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету. Ойын, есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту. Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Көрнекілігі: ойын, слайд, суреттер, үлестірмелі материал.

Іс-әрекет түрлері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту Шаттық шеңбері:

Бақшамызға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе, міне мен,
Доспын енді сенімен. Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық ізденушілік

Қазір жылдың қай мезгілі?
Суретке қарап күзде қандай өзгерістер болады екен?
Жиі жиі не жауады?
Күз туралы кім тақпақ айтып береді. Сап сары маңай
Сап сары тоғай
Күз түсті , дән пісті. Айтамыз алғысты.
Алтын сары қызыл көк
Алуан – алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуі бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы болмақ. Дайынсыңдар ма? Жұмбақ: Өзі бақта өседі? Ол не?

Бұтақта ілініп тұрамын, Піскенде себетке құладым.
Сонымен, балалар бүгінгі оқу қызметіміздің: Тақырыбы: Жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелейміз.
Жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі.
Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім, шабдалы, өрік, шие.
Көкөністерге: картоп, қызылша, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ т. б. жатады.
Жемістер мен көкөністерді қарайтын адамды бағбан дейміз.

Ғажайып сәт. Бағбан:
Бақшада өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын микробтарды көреміз.
Көкөністер. Сәбіздің құрамында дәрумендер көп. Көп жесеңдер бойларың өседі.
Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар.
Көкөністерді тұқым себу арқылы өсіреміз көктем айында. Күз айында жинап аламыз.
Алманы көп жесеңдер түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады, шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді.
Көкөністерді тағам ретінде салаттар жасаймыз.
Ал көкөністердің пайдасы мысалы;
Қызанақ ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы.
Ал, енді балалар мен сендерге жемістер мен көгөністер туралы жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ:
Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от.
Ішін ашып қарасаң,
Майда майда қызыл шоқ. \анар\

Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. \пияз\

1 – тапсырма: «Қайда өседі?» ойыны. Тәрбиеші жеміс – жидектердің қайда өсетінін айтып отырады. Егер дұрыс жауап болмаса, балалар аяқтарымен жерді соғып, бастарын шайқайды, егер жауап дұрыс болса, қолдарын шапалақтап, бастарын изейді.

Сергіту сәті…

Көкөністер мен жемістер туралы тақпақтарын айту.
*Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.* Шие

Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат – қабат киініп,
Қырыққабат атандым. Қырқабат.

2-тапсырма. «Жемістер мен көгөністерді ажырат» деген ойын ойнайық.

Шарты:Балалар жеміспен көгөністерді ажырата білуі керек. Екі себетке бөлек- бөлек орналастыруы керек.
Бүгінгі оқу қызметіміздің қорыта келе жемістер мен көкөністерді бөлек алып қоюмыз керек.
Күз
Жапырақтар сарғайды, күн суыта бастайды.
Жаңбыр.

/Жанайым/

/Алдияр/

Балалар мұқият тыңдайды.

/көгөністер/

\жеміс\

Қимыл-қозғалыстар арқылы жасайды.

Мөлдір

Рухия

Рефлексивті – түзетушілік Сонымен бүгін біз не туралы өттік?
Жемістер мен көкөністер туралы.
Олардың бізге пайдасы бар ма?
Дұрыс айтасыңдар.

Алманы жеміске ме, әлде көкөніске жатқызамыз ба?
Қауынды ше?
Құрамында не бар екен. \дәрумендер\
Жемістерді жумай жеуге бола ма? \жоқ, іш ауырады\
Жарайсыңдар балалар барлықтарың дұрыс жауап бердіңдер, ойынды да жақсы ойнадыңдар.
Балаларды мақтап мадақтау.

Сұрақтарға жауап
береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Жемістер мен көкөністерді ажырата білуі;

Игерді:Жемістер мен көкөністер туралы түсініктерін;

Меңгерді: Көрнекілік суреттерді пайдалана білуі және әңгімелеу керек.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *