Есікте бөтен адам

Атыгаева Бекзада Абдумажитовна

Тақырыбы:Есікте бөтен адам.

Біім беру саласы:Әлеумет,Таным,Шығармашылық.                                                       Мақсаты:Балаларға өзінің қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.Өзін-өзі қорғауға тәрбиелеу.

Оқу қызметінің түрі:ойын-тренинг.

 

Шаттық шеңбері.                                                                                                                                          Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал,кәнеки бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.

Бақыт деген-                                                                                                                                                        Осы шаттық шеңбері
Қол ұстасып
Тұрайықшы , кел бері.
Бақыт деген-
Көрмей қалса сағынып,
Мені іздейтін
Адал жүрек сендегі.

 

Жүректен-жүрекке.

Күніміз жарық болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Нанымыз көп болсы!
Көк туымыз биік болсын!
Аналар аман болсын!                                                                                                                          Тыныштық болсын!

Сәлеметсіздерме қонақтар,балалар.Бүгінгі біздің ойын-тренингіміз:”Есікте бөтен адам”деп аталады.

Бала қауіпсіздігіне назар аударыңыз! Ата-аналардың,тәрбиешілердің  назарына.


“Бала жоғалды.
Куәгерлер бейтаныс адамның баланы ертіп бара жатқанын көрген”. Осындай ақпарат жиі тарайтын болып кетті. Бұның алдын алу үшін балаға бөтен адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керек екенін үйрету керек. Ата-ана назарына бала қауіпсіздігіне арналған 9 ережені ұсынамыз.

1.Баланың есімін жасыру
Балаңыздың сөмкесіне, түскі ас қорабына атын ешқашан жазбаңыз. Сондай – ақ, аты жазылған ешбір құрылғыны бермеңіз. Бейтаныс адам содан балаңыздың есімін біліп алып, атымен шақырса, бала таныс адам екеніне, қазір оны ата – анасына апаратынына сеніп қалуы мүмкін.
Одан да сөмкесіне өзіңіздің телефон нөміріңізді жазып қойыңыз. Жоғалтып алған жағдайда, тапқан адам соған хабарласады.

2.Көліктен кері бағытқа қарай қашу.
Балаңыз бөтен адамның көлігіне отыруға болмайтынын біле ме? Білсе, тағы бір ескерту: жанына бейтаныс көлік тоқтап, рөлдегі адам балаға сөйлесе, назарын аударғысы келсе, машина жүріп бара жатқан бағыттан кері қарай қашу керек. Бұл уақыт жағынан ұтып, баланың қашып кетуіне немесе көмекке шақыруына мүмкіндік береді.

3.Құпиясөз ойлап табу.
Егер балаңыздың мектебіне бөтен біреу келіп, “Сені анаң алып кетуді тапсырды, қазір сені оның жұмысына алып барамын” десе, балаңыз одан ата – анасының есімі мен құпиясөзді сұрасын. Бұл құпиясөзді балаңызбен бірге ойластырыңыз. Себебі, шынында да жұмысыңыздан шыға алмай достарыңыздың біреуіне оны мектептен алып кетуді тапсырып қалуыңыз мүмкін.
Құпиясөз ешкімнің ойына келмейтіндей болуы керек. Мысалы, “Сары аспан”, “Қызыл банан”, т. б.
Баланың қай жерде екенін көрсететін қосымша орнату
Қосымшадағы GPS арқылы баланың қай жерде екенін, оның телефонындағы қуат мөлшерін біліп отыруға болады.

4.Дабыл тетігі бар сағат тағу.
Балаға арналған смарт – сағаттар қазір қолжетімді. Ол арқылы баланың қай жерде жүргенін біліп отыруға болады. Сондай-ақ, екі тетіктің біреуін басу арқылы бала әкесімен немесе анасымен бірден хабарласа алады. Ал, қауіп төнсе, SOS тетігін басып, ата-анасына хабар жібереді.

5.“Мен оны танымаймын!” деп айқайлау
Егер бөтен адам балаңыздың қолынан ұстап, бір жаққа әкетіп бара жатса, ондай жағдайда “Мен оны танымаймын! Мені әкетіп бара жатыр!” деп айқайлауды үйретіңіз. Барынша қарсылық танытып, тырнап, тістеп, теуіп, айналадағы адамдардың назарын аудартсын.

6.Арақашықтықты сақтау.
Балаға бейтаныс адаммен сөйлесуге болмайтынын айтыңыз. Егер сөйлесе қалса, екі жарым метр қашықтықта сөйлесу керек екенін түсіндіріңіз. Оның қандай аралық екенін көрсетіңіз. Егер бейтаныс адам балаға бір қадам жақындаса, бала сонша қадам артқа шегінсін. Осыны балаға көрсетіп, үйретіп қойыңыз. Бөтен адаммен ұзақ сөйлесуге де болмайды.

7.Бейтаныс адаммен бірге лифтке кірмеу.
Балаңызға лифт күткен кезде айналасына назар салуды үйретіңіз. Тағы кімдердің күтіп тұрғанын көрсін. Егер танымайтын тағы бір адам лифт күтіп тұрса, онымен бірге кірмегені дұрыс. Балаңызды лифтке шақырса, “Әкемді күтіп тұрмын” деп айта салсын.

8.Есікті бөтен адамдарға ашпау.
Балаға есікті біреу қаққанда “Бұл кім?” деп сұрауды үйретіңіз. Егер оған ешкім жауап бермесе, есіктің “көзінен” ешкім көрінбесе, есікті ашуға болмайды. Егер “сантехик, электрикпін” десе де, есікті ашпасын.

9.Әлеуметтік желіде танысқан адаммен кездеспеу.
Балаңызға әлеуметтік желіде танысқан адамдарға өзінің қайда тұратынын, телефон нөмірін, қай уақытта қай жерлерде серуендейтінін, мектептен нешеде шығатынын айтуға, онымен жалғыз кездесуге болмайтынын түсіндіріңіз. Себебі, желідегі 10 жасар Марат шын мәнінде қырықтың үстіндегі арам пиғылды адам болуы мүмкін.

«Сен қалай жасар едің?»

Жағдай №1:Әдемі киінген сыпай бір апай саған келіп «Сәлеметсіңбе балақай!Сенің атың кім?Сен қайда тұрасың?»-деп сұраса сен не деп жауап бересің?                                                                Үш жауабы:                                                                                                                                                  1.Мен қазір милиционерді шақырамын.

2.Кешіріңіз,мен асығып тұр едім.

3.Менің атым Жанар,мен осы № 23үйде,8 пәтерде  тұрамын.

 

Жағдай №2: Бала анасынан адасып қалды.Ол не істейді.

Үш жауабы:                                                                                                                                                       1Әр жерге жүгіріп анасын іздейді.

2Көшеде өтіп бара жатқан адамдардан милиция бөлімшесіне апаруын өтінеді.

3.Жоғалған орнында  қозғалмай тұру.

 

Жағдай №3: Үлкен бір ер ағай кішкентай балаға жүр мен сені машинамен қыдыртамын деп баланың қолынан тартып,машинаға апара жатыр. Бала өзін қалай ұстау керек.

Үш жауабы:                                                                                                                                              1Бала айқайлап,көмекке шақырады.

2Бөтен адамның көлігіне мініп кетеді.

3.Телефонға хабарласу.

«Бөтен адам»

Мақсаты:балаларды өздерін бөтен адамдармен және әр түрлі жағдайларда қалай ұстау керектігін үйрету,әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін жаттықтыру

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *