Құстар
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тақырыбы: «Құс»
Тәрбиеші: Бұхарбай Ж
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы:Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Мүсіндеу
Тақырыбы: «Құс»
Мақсаты: Ермексаздан,сазбалшықтан және тұзды қамырдын кесектерінен түрлі тәсілдерді қолданып құс бейнесін мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру; құстардың дене құрылысын бөлшектеп көлемдеуді үйрету.
Құстар туралы білімдерін кеңейту.
Қолданылған әдіс тәсілдері: Ашық сұрақ, бала үні, сын тұрғысынан ойлау әдістері
Қолданылатын көрнекі құралдары: үнтаспа, торғай ойыншық, ермексаз, сазбалшық,тұзды қамыр ,тақтай, стек пышағы, сулы майлық, үлгі.
Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі.
Құстар туралы бейнеролик көрсету.
Ашық сұрақтар:
-Балалар бейнероликтен қандай құстарды көрдіңдер?
-Ол құстарды неге дала құстары деп атайды екен?
-Жалпы құстар қандай түрлерге бөлінеді? Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.
Жарайсыңдар!
Сиқырлы тақтадан құстар туралы слаид көрсету.(қарлығаш,торғай,сауысқан,қарға)
-Балалар, торғайдың дене құрылысына сипаттама беріңдерші.
Балалар торғайдың дене құрылысына сипаттама береді:
Денесі сопақша, басы дөңгелек, тұмсығы үшбұрышты, қанаты ұзын сұрғылт, боз түсті болып келеді.
Балалар,біз бүгін осы құстарға достар жасап берейік,оларды біз ермексаз,сазбалшық және тұзды қамырдан мүсіндейміз.
Тәрбиеші балаларға жұмыстың жасалу жолдарын түсіндіреді :
-ермексазды үлкен және кіші екі бөлікке бөлеміз;
-үлкен ермексазды алақанға салып, сағат тілімен айналдырып домалату;
-есу әдісі арқылы сопақша жасау;
-сопақшаны қою;
-кіші ермексаздан домалақ жасау;
-созу әдісін пайдаланып, басы мен денесін біріктіру;
-созу және шымшу әдісі арқылы тұмсық жасау;
-созу және шымшу әдісі арқылы құйрық жасау;
-таяқшамен көзін тесу, сызу арқылы қанатын сызу;
-қолды сүрткішпен сүрту.
Балалар үш топқа бөлініп жұмыс жасайды.
1топ «Торғайлар»:Тұзды қамырмен құс мүсіндеу
2 топ «»: Ермексаздан құс мүсіндеу
3 топ «»: Сазбалшықпен жұмыс
Тәрбиеші балалардың жұмысты таза әрі ұқыпты жасауларын қадағалайды,қиналған балаларға көмектеседі.
Дидактикалық ойын: «Құстарды дауысынан таны»
Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
Қорытынды жасау: смаилик арқылы досының жұмысын талдайды.
Балаларды мадақтау.