«Мажорлы тональдікте құрылатын интервалдар»
«Мажорлы тональдікте құрылатын интервалдар»
«Мажорлы тональдікте құрылатын интервалдар»
- Сабақтың тақырыбы
- Тәрбиелік
- Сабақтың түрі
- Үй тапсырмасын тексеру
- Интервал атауы Белгіленуі Басқыш саны Тондық құрамы
- Мажорлы тональдікте құрылатын интервалдар
- Сабақты қорытындылау, үй тапсырмасы
- Бағалау
Ашық сабақ Күні: 1 10.2015ж Пән: Сольфеджио Мұғалім:Ргелова К.Б. Сынып: 4 бөлімі: ХАБ Сабақ жоспары – Ұйымдастыру 2мин – Үй тапсырмасы 15мин – Жаңа тақырып 45 мин – Қорытындылау, бағалау 3мин Сабақтың тақырыбы: «Мажорлы тональдікте құрылатын интервалдар» Керекті құралдар: тақта, магнитті тақташалар, кестелер, плакаттар, оқулықтар, фортепиано, лото-интервалдар, карточкалар. Сабақтың жүру барысы Сабақтың жүру барысы
Үй тапсырмасын тексеру:
Үй тапсырмасын тексеру:
Балалар, біз өткен сабақта «Мажорлы және минорлы тональдіктер» деген тақырыпты өттік. Үйден ережені жаттадық па? Олай болса біз қазір екі топқа бөлініп, сабағымызды қызығырақ болуы үшін топ-топпен жарысып көрейік. Өткен тақырыпты бекіту үшін, әр топқа бір кестеден беріліп, дұрыс жауабын табу. Оқушылар стрелкамен белгілеп көрсету керек. Әр дұрыс жауапқа сәйкесінше қызыл карточкадан беріледі 1-топқа:
2-топқа:
Жаңа сабақ: -Бүгінгі біздің танысатын жаңа тақырыбымыз «Мажорлы тональдікте құрылатын интервалдар». Мажор сөзіне түсінік берсек. «Мажор» – итальян сөзі – «үлкен, қатаң» деге мағынаны білдіреді. Мажор ашық, көңілды саз. Әріптік жүйеде dur сөзімен белгіленеді. Оның тондық құрамы манадай: Тон – тон –жарты тон -тон – тон -тон – жарты тон немесе 2 тон – жарты тон – 3 тон – жарты тон – Интервал деген не? (кез келген 2 дыбыстың аралығы) ИНТЕРВАЛДАР
– Интервалдың сапасына қарай қандай түрлерін білеміз? (таза, кіші, үлкен) – Интервалдың жалпы неше түрі бар? (сегіз: прима, секунда, терция, кварта, квинта, секста, септима, октава) – Олардың қайсысы тек қана таза болып бөлінеді? (т1, т4, т5, т8) – Ал кіші және үлкен болып бөлінетін интервал түрлерін атап шығайық (секунда, терция, секста және септима). – Жарайсыңдар, өткен материалды ұмытпапсыңдар! Енді тақтадағы кестеге назар аударайық. Мажорлы тональдікте құрылатын интервалдар
Бұл кесте бойынша сол қатарда жазылған интервалдарды берілген басқыштарда (оң қатарда) құрылады. Бұл кестеге қарап, тондық құрамын есептемей-ақ, интервалды жылдам құра аламыз. Мысалы, үлгі ретінде До мажорда құрып көрейік. Сұрақ: – До мажордың әріптік белгісі мен кілт белгісін кім айтады? (С-dur, кілт белгісі жоқ). Тақтаға кесте бойынша секунда және терция интервалдарын құрып көрейік. к2 – III (ми-фа); к2 – VII (си-до) ү3 – I (до-ми); IV (фа-ля) V (соль-си) Біз жаңа секунда және терция интервалын құрдық. Әлі кварта, квинта, секста және септима интервалдары бар. Оларды үйден аяқтап құрып келеміз. Тыңдау анализі Қазір мен сендерге (екі топқа) магнит-тақташадан беремін. Ал сендер естіген интервалды өздеріңе үлестірілген лотомен тексеріп, тақтаға жабыстырасыңдар. Мен сендерге тек таза интервалдарды ойнаймын. Қай топта лото неғұрлым көп болса, сол топ жеңімпаз болады. Алдымен, әр интервалға кішігірім талдау жасайық: 1) прима – бір дыбыстың қайталануы (оңай) 2) октава – бір дыбыстың келесі биіктікте естілуі (өте кең) 3) кварта – төрт дыбыстың аралығы (естілуі қатты, «Оян, қазақ!» өлең жолдарына сай келеді және домбыра аспабының екі ішегінің аралығын еске түсіреміз) 4) квинта – бес дыбыстың аралығы. (іші бос, әрі жұмсақ естіледі) т1 т4 т5 т8 т5 т1 т4 т8 т5 т4 т1 т5
карточкадан тарату) Сабақты қорытындылау, үй тапсырмасы:
ойнайық. Ойынның шарты: әр топқа бір жаттығудан беріледі. Топтағы оқушылар сол жаттығудың ішінен соғұрлым көп интервал табу керек. Көп тапқан топқа қызыл карточка беріледі. 2-топқа: Бағалау: Екі топтан жеңімпаз топты анықтау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: Кесте бойынша кварта, квинта, секста және септима интервалдарын дәптерге құру, ереже жаттау. Қолданылған әдебиеттер: 1. Баева Н., Зебряк Т., «Сольфеджио для І-II классов»: №296 / Москва «Кифара», 2003. 2. Давыдова Е. «Сольфеджио IYкл ДМШ»: №27 / Москва «Музыка» 1991 3. Калинина Г.Ф. «Сольфеджио, рабочая тетрадь 4класс» / Москва, 2013 4. Камаева Т., Камаев А., «Азартное сольфеджио» / ЦРТС «Доминанта» 5. Қазиева Б. «Музыка сауатынан практикалық көмек» / Алматы, 1995. |
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718