(Ұ) (С) Дереккөз. «Ақпарат желісі» әдісі. Тапсырма:Суреттерге қара жануарларды салыстыр,олардың ұқсастығымен айырмашылықтарын атайық. 
Дескриптор: -жануарларды атайды — жануарлардың класын анықтайды. ҚБ: Тамаша! Жарайсыңдар! (Ұ) (С) Диалог және қолдау. «Ұқсастықтарын тап»әдісі  Тапсырма:- Суреттерге қарап жануарларды салыстыр. -Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ата? Дескриптор: — Суреттерге қарап жануарларды салыстырады. — Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атайды. ҚБ: Өте жақсы! Керемет! (Т) «Дене мүшелері ұқсас бөлігін тап»әдісі — Ара мен құмырсқаның дене мүшелерін салыстыр. — Олардың қандай ұқсастығын байқадың?  Дескриптор: — Ара мен құмырсқаның дене мүшелерін салыстырады. — Олардың ұқсастығын анықтайды. ҚБ:«Үш шапалақ» арқылы қолдау көрсету. Дәлелдеме.Бунақденелілердің денесі үш бунақтан тұрады:бас,кеуде және құрсақ.Осыған байланысты оларды бунақденелілер деп атайды.Барлығының алты аяғы мен мұрты болады. (Т) (С) Тапсырма бойынша: А- деңгейіне: «Суреттер сөйлейді»әдісі. Тапсырма: — Берілген сөздерден мақал құрастып жаз: бұзба,ұясын,құстың. — Құстарды сақтаудың маңыздылығын анықтап,сурет бойынша әңгімеле.  — Құс пен ұяның өзара байланысты болуының себебі неде? -Құстарды қалай қорғайсың? Дескриптор: — Берілген сөздерден мақал құрастырады. — Құстарды сақтаудың маңыздылығын анықтайды,сурет бойынша әңгімелейді. В — деңгейіне: «Зуылдақ» әдісі. — Өзіңе таныс жануарды таңда,ол туралы әңгімелеп бер.  Дескриптор: — Өздеріне таныс жануарды таңдап,ол туралы әңгімелеп береді. С — деңгейіне: «Зерттеу» әдісі. (Т) Тәжірибе жасау Тапсырма: Балығы бар аквариум алыңыз. Балықтың қалай қоректенетіндігін зертте. Сүзіге балықты алып көр, ол қандай күйде болады? Не байқадыңыздар, жазыңыз. Коректі шашыңыз, балықтардың әрекеті? Не байқадыңыздар, жазыңыз. Қорытынды жазыңыз.  Дескриптор: — Балықтың қалай қоректенетіндігін зерттейді Сүзгіге балықты алып көреді, ол қандай күйде екенін зерттейді.. Нәтижесін жазады. Коректі шашады балықтардың әрекетін жазады Қорытынды жазады.. . Тіктеп титтей құлағын, Ботам былай жүреді, Сыртылдатып тұяғын, бұзау оған ереді. Алға созып мойнын, ойнақтайды ботақан, Көкке қарай мұрынын шүйіреді бұзауқан. (Ұ ) (С)Талдау. Жануарларды топтастыр. Тапсырма.Сурет нөмірлерін кестенің дұрыс бағандарына орналастыр. І топ: сүтқоректілер мен құстар. ІІ топ: бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер. ІІІ топ: балықтар, бунақденелілер  Дескриптор: -сурет нөмірлерін кестенің дұрыс бағандарына орналастырады (Т) (С)Қарқын. Тапсырма: Жануарларды сәйкестендір.  Дескриптор: -жануарларды атайды — жануарлардың класын анықтайды. Қосымша тапсырма: (Ө) Дәптермен жұмыс. «Тауып көр» әдісі «+» таңбасымен тек бунақденелілерді белгіле. Қанша бунақденеліні таптың?  Дескриптор: — «+» таңбасымен тек бунақденелілерді белгілей алады. — Бірнеше бунақденелілерді таба алады. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма Бағалау критерийі: —Жануарлардың белгілі бір ортаға қарай бейімделе тіршілік ететінін түсіндіреді. Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану. Тапсырма: — Суреттерге мұқия қара.Қай жануар қай жерде тіршілік етеді? Сәйкестендір. — Жануарлар сол ортаға қалай бейімделеді? Топта ой бөліс.  Дескриптор: — Жануарлармен олардың тіршілік ортасын сәйкестендіреді. — Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі жолдарын түсіндіреді. ҚБ: «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау.  |