Жақсы деген немене, жаман деген немене?

Болатбек Мейрамгүл

Білім беру  саласы: Қатынас

Мақсаты:Балаларға жақсылық пен жамандық туралы түснік қалыптастыру.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, баланың  жан-жақты ойлау қабілетін ,тіл байлығын дамыту.Адамгершілікке, ұқыптылыққа кішпейілдікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер

Көп тілдік: жақсы- хорошо, жаман –плохо.

Жылулық шеңбері:

Жылы- жылы  жүзбенен, маңдайыңнан сыйпайын,

Жылы-жылы жүзбенен, жүрегімді  сыйлайын.

Ыстық алақаным мен, қолыңды бер қысайын.

Амандасып өзіңмен құшақтасып алайын.

Педагог:  Ө.Ақылбековтің өлең жолдарын оқиды.

Жақсы болу өзіңнен

« Мен қандаймын?- деп ойла»

Жаман болу өзіңнен

«Мен қандаймын?- деп ойла»

Өзіңсің ақыл айнасы

Өзіңнен үйрен өзіңнен.

Жақсылық істесең біреуге

Пайдасы тиер өзіңе! (Өлең туралы ойларын сұрау)

Педагог : мен не туралы  оқыдым?

Балалар сендер Адманың бойындағы жақсы ,асыл қасиеттерге не жатады деп ойлайсыңдар?

Балалар: Мейірімділік, адалдық, қайырымдылық, үлкенді сыйлау, ізеттілік, табиғатты қорғау, тазалық сақтау, әділ болу, достыққа берік болу, уәдеге тұру.

Педагог:Ал адамның бойындағы жаман қасиеттерге не жатады?

Балалар:Әдепсіз, жалқау, сөзінде тұрмау  еріншек, қызғаншақ, шыдамсыз, қатыгез ,өтірікші.

Жарайсыңдар балалар.

Педагог адамның бейнесін тақтаға іліп қояды.Балалар бұл адам,адамның екі  түрлі  қасиеті  болады, ол және өздерің айтқан қандай  қасиет?

Балалар: Жақсы  және жаман

Дұрыс айтасыңдар,қандай  адам болсын ол адамның жақсы жаман қасиеттері  болады.Ол адамның тең жартысы жақсы  қасиеттерге  толы  болады.Мынау  боялған жағы жақсы қасиеттер,ал қандай  жақсы адам болса да оның жаман қасиеттері болады.

Тәрбиеші:Ал өздеріңнің жаман қасиеттеріңді  айтыңдаршы?

Балалар;

Педагог:Тек өздеріңнің жаман қасиеттеріңді түсініп, жақсылық жасай алатын мейірімді , қайырымды болған кезде ғана жақсы адамға айналасыңдар.

Педагог:Жақсы қасиеттерді  кімнен үйренесіңдер?

Ата –анамыздан , үлкен кісілерден, апайлардан.

Педагог:Ал, қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?

Балалар: үлкенді  сыйлаймын, тыңдаймын, досымды ренжітпеймін, мен уәдемде  тұрамын,  өтірік айтпаймын. Т.б

Педагог:Жақсы  сөз естігенде  қандай сезімде  боласыңдар?

Балалар:смайлкпен көрсетеді

Педагог: Ал сендерге дауыс, көтергенде, ұрысқанда, қандай күйде боласыңдар?

Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқыларың келеді?

Жақсы сөз естісең, жаның жадырайды, жақсы сөз ашуды шақырмайды жүрегіңіді жылытады бақытқа қуанышқа бөлейді.Сондықтан  бір- біріңе жылы жақсы сөздер айтқандарың дұрыс.

Балалар біз жақсы мен жаман туралы көркем әдебиет оқу қызметінен өткенбіз .Ол қандай  ергегі деп ойлайсыңдар?

Балалар: Жақсылық пен Жамандық, Екі  дос

Педагог: Ертегідегі  жағымды жағымсыз кейіпкерлерді  есімізге түсірейік

Балалар егер мен жағымды кейіпкерлерді айтсам шапалақ ұрасыңдар, ал егер жағымсыз кейіпкерлерді  айтсам, сендер аяқпен тоқылдатасыңдар.

Педагог:Ертегі де жақсылық жеңді ме , жамандық жеңді  ме?Неліктен адам жақсылық жолын таңдады?

Педагог:Тағы қандай ертегіні білесіңдер?

Сергіту  сәті: орнымыздан тұрып бой  сергітіп алайық

Суретпен жұмыс: тақтадағы  суретке байланысты тақпақ айтады.

Дидактикалық ойын: «Жақсылық жасап көпірден өт»

Шарты: Қиын жағдайда қалған адамдар, жануарлар, құстарға жақсылық жасау арқылы жыртқыштары бар өзен үстіндегі көпірден өтеді.

Құс, Ағаш,  Гүл, Мысық, Жылап отырған қыз.

Тәрбиеші: Балалар жақсылық жасау үшін адамдардан басқа қоршаған ортада жақсылық жасауға болама? Ал айтыңдар?

Суретпен жұмыс.Тақтадағы сурет бойынша әңгіме құрайды.

Мақал-мәтел: 1.Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.

2.Жақсыда кек жоқ.

3.Жақылық біреуден қайтпаса, біреуден қайтады.

4.Жақылық жүрген жереде тапшылық болмайды.

5.Жамандық жақын, жақсылық алыс.

6.Жамандық көрмей  жақсы болмас.

7.Өзіңе тілемеген жамандықты өзгеге тілеме.

8.Жасылық қылсаң жақсылық табарсың , жамандық қылсаң жамандық табарсың.

9.Жаманнан жиерен жақсыдан үйрен.

Қорытынды:

1.Балалар бүгін не  туралы әңгімелестік?

2.Жақсылық дегеніміз не  екен? (Бәрінен сұрау)

3.Сендер оны қалай  түсіндіңдер?

4.Енді біздің арамызда жақсылық жасайтын адамдар бар мекен?

5.Осыған байланысты  қандай  ертегіні  талқыладық?

6.Маған сол туралы  кім әңгімелеп береді?

7.Тағы қандай жаман қасиеттерді біз өз бойымыздан аулақ ұстаумыз керек?

Жарайсыңдар балалар!

Абай Құнанбаевтің осыған байланысты өздерің жаттап жүрген өлеңін айтып берейік. Абай  Құнанбаев «Ғылым таппай  мақтанба» балалар орынан тұрып айтады.Жарайсыңдар балалар сендердің осындай жақсы бала болғандарың үшін  менде  сендерді  жақсы  көріп өзімнің жүрегімді  ұсынамын.(Жүрекше  таратады)

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *