Төрт түлік
Төрт
Білім беру саласы: Таным Білім бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: «Төрт түлік» Мақсаты: Үй жануарлары туралы білімдерін пысықтау.Төлдерін,қоректеуін түсіндіру. Көрнекілігі: Үй жануарлары және төлдерінің суреті. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ұйымдастырушы қозғаушы
Ұйымдастырушы ізденуші |
Жарқырайды күніміз Жарқырайды даламыз Қайырлы таң достарым Қайырлы таң қонақтар
Балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «төрт түлік» Жануарлар екі топқа бөлінеді. Үй жануарлары және жабайы жануарлар.Бүгін үй жануарларымен танысамыз.Үй жануарларына: жылқы,сиыр, түие,қой жатады. Олар үйде, күтіп баптау арқылы өседі.Сондықтан оларды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларының берер пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жиміз,жүнінен киім тоқиды. Сиырдың төлін- бұзау, Жылқының төлін – құлын, Түйенің төлін – бота, Қойдың төлін – қозы деп атайды.
Балалар сендерді аналарың ботам, құлыншағым деп еркелетеді ме? Үй жануарлары дала шөптерімен қоректенеді. Сергіту сәті: Саусақтарым тұрыңдар, Сапты бірге құрыңдар. Желмен бірге майысып, Оңға,солға бұрыңдар.
Дидактикалық ойын: «Төлін тап» Шарты:Тақтаға үй жануарлары ілінеді. Балалар әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс.Ойын осылай жалғаса береді. Қорытынды: -Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?
-Қой,сиыр түйе,жылқының төлдерін ата?
-Жарайсыңдар,балалар.Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. Оқу қызметіміз осымен аяқталды.
|
Шаттық шеңберін орындайды.
Ия
Жаттығуды орындайды
Сүтін ішеміз, етін жиміз.
Бұзау, қозы,құлын, бота.
|
Күтілетін нәтиже: Не білді? Төрт түлік жайлы мағлұмат алды. Не істей алады? Олардың төлдерін атай алады.
Алдабергенова Жанар