ЭССЕ
Мен таңдаған мамандық тәрбиеші. Бұл мамандықты бала күнімнен армандадым. Себебі: тәрбиеші болып балаларға қамқор болғым келді. Тәрбиеші болу үшін ең бірінші балаларды жақсы көру керек. Бұл мамандық үлкен жауапкершілік пен төзімділікті қажет етеді. Тәрбиеші мамандығы маған өте қызықты. Осы мамандықтың арқасында ата-аналармен тіл табысуды да үйрендім. Бұл мамандық маған көп нәрсені үйретті. Әсіресе тілдері балдай бүлдіршіндердің сыңғырлаған күлкілерін естігенде менің бойымда керемет әсер болады. Баланың баладан ешқандай айырмашылығы жоқ. Сондықтан да балаларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.