Бірлесіп орындалатын  жұмыстарға  қатысты есептер

Сабақтың  тақырыбы:Бірлесіп орындалатын  жұмыстарға  қатысты есептер

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)5.5.2.3. Жай бөлшектерге арифметикалық   амалдар  қолданып мәтін есептер шығару (мысалы, бірлесіп  орындалатын жұмыстарға қатысты есептер).

 

Сабақ мақсаттары:

 

Мәтін есептер шығару дағдысын қалыптастыру  (мысалы, бірлесіп

орындалатын жұмыстарға қатысты есептердің шартын түсініп).

 

Бағалау  критерийлеріМәтін есептер шартын түсініп, қысқаша шартын жаза алады  (мысалы,   бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер);

Есеп шарты бойынша теңдеу немесе өрнек құрай алады ;

Жай бөлшектерге арифметикалық  амалдар қолдана алады;

Тілдік мақсаттарОқушылар

— мәтін есептердің шешімін түсіндіреді;

— практикалық есептердің математикалық моделін сипаттайды

Пәнге тән лексика мен терминология:

— бөлік;

— шама;

— жылдамдық, уақыт, қашықтық;

— уақыт, өнімділік, жұмыс;

— баға, саны, құн;

— ұзындық, ені, периметр, аудан

Құндылықтарды дарытуТоппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстаржаратылыстану
АКТ қолдану дағдыларыИнт тақта
Бастапқы білімМәтін есептер , теңдеулер, өрнек құру
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Cабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Ширату жаттығуы

Жауабы: 21

Өткен тақырыпты қайталау:

Жеке тапсырма:

Цистернаны  бензинмен  бiрiншi  насос  24  минутта

толтырса, екiншi насос 40 минутта толтырады. Екi насостан қатар аққан бензинмен цистерна қанша уақытта толтырылады?

Дескриптор:   Білім алушы

— есептің шарты бойынша математикалық өрнек құрастырады;

— жұмыс өнімділігін анықтайды;

— арифметикалық амалдар қолданады;

— жауабын жазады.

Үй жұмысын тексеру  №581

Жауабы:

Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен ,  бағалау критерийлерімен таныстыру.

 

 

 

Сабақтың ортасы

25 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс №583, №585

№583. Катер  тынық  сумен  жүзе  отырып  бiр  кемежайдан  екiншi кемежайға дейiн 18 мин, қайық 36 мин жiбередi. Егер олар бiр мезгiлде  қарама-қарсы  бағытта  жүзсе,  қанша  минуттан  кейiн кез деседi?

Дескриптор:     Білім алушы

— жылдамдықтарды анықтау үшін өрнек құрастырады;

— бөлшектерге амалдар қолданады;

— есептің шешімін табады.

№585. Бiрiншi тiгiншi жұмысты 20 күнде орындайды, ал екiншi тiгiншiге осы жұмысты орындау үшiн бiрiншi тiгiншiнiң уақытының 3/5-i қажет, үшiншiге екiншiге қарағанда 2 есе артық уақыт қажет. Осы жұмысты үш тiгiншi бiрiгiп қанша күн де бiтiредi?

 

Дескриптор:   Білім алушы

— есептің шарты бойынша математикалық өрнек құрастырады;

— жұмыс өнімділігін анықтайды;

— арифметикалық амалдар қолданады;

— жауабын жазады.

Сергіту  сәті

№586. Аква риумге су екi құбыр арқылы жiберiлсе, ол 5 сағ­та, ал бiрiншiқұбыр арқылы 6 сағ­та толады. Аква риум тек екiншi су құбыры арқылы қанша уақытта толады?

 

№587. Екi  трактор  жердi  6  сағ  жыртады.  Сол  жердi  бiрiншi  трактор жалғыз жыртқанда 15 сағ жұмсаса, екiншi трактор осы жұмысқа қанша уақыт жiбередi?

 
Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақты қортындылау  Рефлексия.

Мұғалім сабақты сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өзіне қортындылатып, рефлексия жүргізеді

Үй жұмысы: №584

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *