«Бөлме өсімдіктер»
Сұлтанова Фатима Ергенқызы
«Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктер»
Мақсаты: балалардың табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы білімдерін толықтыру. Қазтамақ, Фикус, Кактус, Алоэ, Хлорофитум гүлдері туралы айтып, оларды бір – бірінен ажырата білуге, тани білуге үйрету және күту ерекшеліктерімен таныстыру. Бөлме өсімдіктерін қалай күту керектігін іс жүзінде көрсету арқылы еңбекқорлыққа баулу. Гүлдің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын, оларды баптап күту ережелерімен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп, табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: бөлме гүлдері, тамырланған гүл, ыдыс, тағы басқа қажетті заттар.
Әдіс – тәсілі: көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап,слайд. Билингвальды компонент: өсімдіктер – растения , гүл – цветок, сабақ –стебель жапырақ – лист, раушан-роза, бәйшешек-подснежник, қызғалдақ-тюльпан.
Мотивациялық қозғаушылық кезеңдері
Тәрбиешінің іс әрекеті
Шаттық шеңбері:
Гүлдей болып жайқаламын
Күн нұрына бояламын,
Жапырағым желбіреп.
Таңмен бірге оянамын,
Көрік беріп далаға.
Жүремін әркез қуана.
Сәлеметсіздер ме!!!
Балалардың іс әрекеті
Балалар шаттық шеңберді педагогпен бірге қайталайды.
Іздену ұйымдастырушылық
Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
Жыл мезгілдерін атайық.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?
Қыс мезгілінде неше ай ?
Қандай айлар айтамыз?
Өткен ұйымдастырылған оқу қызметінде қандай тақырыпты өттік? «Дала гулдері»
(балалар экранға қараймыз дала гүлдерін атайды)
Жарайсыңдар дала гүлдері туралы қандай тақпақтар білесіздер балалар?
Балалардың іс әрекеті
4 мезгіл бар
Қыс, көктем, жаз, күз.
-Қыс мезгілі
– 3 ай бар.
желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-дала гүлдері.
-дала гулдері
Бақбақ, бәйшешек, қызғалдақ
Амина:
Көз тартып маңына жинайды
Қызғалдақ қуаныш сыйлайды.
Табиғат өсірген бізге арнап
Даладан тереміз қызғалдақ.
Ақтілеу:
Жомарт мына табиғат,
Өсіргендей бізге арнап.
Қып-қызыл құлпырып,
Қырға өсем қызғалдақ.
Ақжүніс:
Үлбіреген бақбақ,
Үлпілдеген аппақ.
Ұшып жүрген қаптап,
Мен әдемі бақбақ.
Жұмбақ :
Адамдардың бәрі қызығады,
Су құймасаң сәні бұзылады.( гүл )
-Дұрыс .Жарайсыңдар,ендеше біз бөлме өсімдіктерімен танысамыз.
– Өсімдіктердің өзі дала және бөлме өсімдігі болып екіге бөлінеді. Біздің бүгінгі жаңа ұйымдастырылған оқу қызметімізде бөлме өсімдіктерімен туралы тоқталамыз.
Өсімдік өмір сәні,табиғат көркі, көп деген дәрі-дәрмек жасалады.
Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп қоймайды оған көрік беріп,үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды,көңіліміз көтеріңкі болады екен.
Ендеше балалар экранга назарымызды аударайық.
Тәрбиеші: бөлме гүлдерін көрсетіп, әңгімелейді. Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтан да оларды терезенің алдына қоямыз.
Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар.
Міне, мынау раушан гүлі. Гүлдің түсі қызыл, хош иісті болып келеді екен. Раушан гүлі өте әдемі, бөлмемізді әдемі етіп тұрады.
Ал мынау алоэ – өсімдігі.
Жапырақтары тікенді болып келеді ,бірақ тікені қолымызға кірмейді. Алоэнің емдік қасиеті бар одан дәрі-дәрмек жасайды. Алоэ – үйге аурудың бактерияларының енуіне төтеп береді. Бөлменің энергетикалық қалпын жақсартады. Егерде бір жеріңізді жарақаттап алсаңыз сол жерге осы алоэні кесіп шырынын жақсаңыз тез жазылып кетеді.
Қазтамақ– қазірде қазтамақтың 200-ге жуық түрі белгілі. Көптеген гүлпаздар қазтамақты әдемі гүлі үшін ғана емес, хош иісті жапырақтары, сондай-ақ шипалық қасиеті үшін де өсіреді. Гүлдері қызыл, көкшіл, күлгін, ақ түсті ал, жапырақтары түкті ашық жасыл, түсті болып келеді.
Қазтамақ тез өсетін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады.
Фикус – шаңсорғыш сияқты жұмыс жасайды. Сондай-ақ, бөлме ішін ылғалдандырып, уытты заттардан тазартады. Жапырақтары арқылы бөлме ішін шаң-тозаңнан сақтайды. Сондай-ақ, бөлмедегі гулдер ауа қысымын және ылғалдылықты реттеп отырады. Бөлмеде төселген линолеумнан бөлінетін уытты заттарды жоятын қабілеті бар.
Кактус бұл- қазіргі таңда адамдар интернет желісінде көп қолданылады.Сондықтан бұл гүл компьютер алдына қойып қояды. Өйткені компьютердегі бөлінген адамдарға зиянды вирустарды жояды.
Хлорофитум гүлінің атауы грек тілінен аударғанда – жасыл және – өсімдік деген сөздерден шыққан. Отаны – Оңтүстік Африка. Хлорофитум тұқымдасына жататын өсімдіктердің 215-ке жуық түрі бар. Ерте көктемде гүлдейді. Гүлдері ұсақ, пішіні лала гүлдікіне ұқсайды, төрт күлтелі, ақ түсті болады. Гүлдері гүлсидамында кезектесіп орналасады. Гүлдеп болған соң, гүлдеген жерлерінен балапандар шығарады. Балапандары біраз уақыттан кейін үлкейіп өсіп, тамырланады. Оны бірден аналығынан бөліп, бөлек түбекке отырғызу керек. Басты ерекшелігі, күтімді көп қажет етпейді, есесіне бөлменің ауасын жақсы тазартады. Ғалымдар хлорофитум өсімдігінің ауаны формальдегид пен улы тұншықтырғыш газдан жақсы тазартатынын анықтап, бұл өсімдікті әсіресе ас бөлмесінде өсіру керектігін айтқан.
Традесканция – мәңгі көгеріп тұратын, көп жылдық шөптесін өсімдік. Отаны — Америка. Оның бірнеше түрі өсіріледі, бұлардың жапырақтары көк болып келеді де, сабақтары тік немесе жайылып өседі. Жапырағының формасы жұмыртқа тәрізді сопақша болады. Традесканция жылы бөлмеле де, салқын бөлмеле де жақсы өседі. Бұл өсімдіктерді ең жарық жерге қойған жөн. Жаз айларында жиірек, ал қыста көп суармау керек. Традесканцияны көктемнен күзге дейін бірнеше данадан отырғызып көбейтеді. Оны жапырақ араластырған қара-шірікке отырғызады. Өсімдік тез тамырлануы үшін оның бетін жауып көлеңке түсіреді. Бұдан кейін өсімдікті қайта отырғызудың қажеті жоқ.
Сергіту сәті:
(видео ролик)
Міне өсімдіктердің осындай адамға деген пайдасы бар екен. Өсімдіктер тек әдемілік сыйлап қана қоймай, адамның денсаулығына да жағымды әсер тигізеді. Гүлді тек бөлмеде ғана емес, жұмыс орнында, аулаға, демалыс орындарында, адам көп шоғырланатын жерлердің барлығына өсіру керек.
Енді осы гүлдердің сырт келбетімен танысайық.
Практикалық әрекет:
Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс қажет. Ыдысты алып түбіне бірінші тастарды саламыз. Ыдыстың түбі тесік болады. Содан кейін топырақ саламыз. Жәй даладағы топырақ емес құнарлы арнайы гүл отырғызуға арналған топырақты саламыз. Содан соң топырақ ортасынан құдықша жасап, гүл өсіндісін отырғызамыз. Енді бұл гүлімізді табиғат бұрышына қоямыз. Балалар гүл отырғыздық, енді тек осылай қоямыз ба? Жоқ гүлге су құю керек.
Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек. Гүлдерді жазда көбірек, ал қыста сирек суарады. Оларды суқұйғышпен суарады.
– Жылына бір рет топырағымен, ыдысын ауыстырып тұру керек.
– Гүлдерді бөлме температурасындай сумен суару керек, өйткені гүлдер ауырып, өліп қалуы мүмкін. Гүлге бірден суық су құюға болмайды. Суды ыдысқа бір күн бұрын құйып қою қажет. Содан соң ғана суаруға болады. – Тамыры топырақтың астында болады, олар көрінбейді, өсімдіктердің су ішуіне көмектеседі, сондықтан да оларға су құйып тұру қажет.
Гүлдердің тамыры дем алып тұру үшін топырағын қопсытамыз. Балалар гүлдердің жақсы жайнап өсуі үшін гүлдерге су, жарық, жылу, топырақ қажет . Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек.
Билингвальді компонент:
гүл –цветок, бөлме гүлі-комнатный цветок, Раушан-роза, бәйшешек-подснежник, қызғалдақ-тюльпан
Лэпбукпен жұмыс.
Тапсырмалар
Бөлме гүлдерін ажырат.
Рет-ретімен орналастыр.
Балалардың іс әрекеті
Балалар педагог айтқанын тындайды.
-Гүл
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Сау болың гул ханшайымы
Рефлексивті түзетушілік
Текшемен ойын.
(Гүлдердің атауларын айтады.)
-Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық?
-Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?
-Бүгінгі отырғызған гүліміздің аты қандай?
Балаларды мадақтау.
Жылулық шеңбері:
Балалар сіздер бүгінгі ашық ұйымдастырған оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар сендерге рахмет.
-кактус,алоэ, қазтамақ.
Ауа тазартады
әдемі.
Кактус
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Өсе берші нұрланып,
Өсе берші ырғалып.
Көріскенше күн жақсы,
Сау – саламат болайық!
Нені игерді: бөлме гүлдерімен және оны күтудің ережелерін игеру.
Нені меңгерді: гүлдерді күтіп баптауды, аялауды, қорғауды меңгеру.
Нені біледі: бөлме гүлдерін күтіп –баптау жолдарын білу.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718