«Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту кезінде жұмыстың жаңа озық әдістері».
«Жауқазын» бөбекжай-бақшасы директоры:
Замира Ажибаева Амангелдіқызы
Тақырыбы: «Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту кезінде жұмыстың жаңа озық әдістері».
Қазіргі күні егемен Қазақстан үлкен әлеуметтік- экономикалық және мәдени өзгерістер жолында. Бұл өзгерістер уақыты білім беру жүйесінің беріктігін сынап, жаңа педогикалық ойларға, оқушы мен оқытушының арасындағы қарым-қатынас жасаудағы әдіс-тәсілдерінің жаңа жолдарын іздестіруге мәжбүрлейді. Әсіресе, өткен жылдардың тәжірибесіне сүйеніп отырған мектепке дейінгі білім жүйесінің жаңалап дамуына әсер етті. Баланың өмірінде ең маңызды кезең балалық шақ болғанымен , соңғы он жылдың ішінде мектепке дейінгі оқыту жағымды жағына өзгерді. Қабылданған «Білім туралы » Заңында білімнің демократизациясының және гуманизациясын қамтамасыз етіп отырған нормалар жазылған. Бұл заң арқылы ұлттық және әлемдік мәдениет , адамның жалпы құндылығы, оқу тілінің еркін таңдауы және қалаған оқу жері негізінде, мемлекет пен баланың даму қалыптасуына ықпал ететін керекті жағдай жасауға –мектепке дейінгі білімнің ең басты мақсаты болып анықталды . Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің даму жүйесі- мектепке дейінгі барлық білім кезеңдеріндегі тұлғаның әртүрлі оқу қажеттілігіне жарауының бағыт-бағдармен сипатталады. Мектепке дейінгі оқытудың базистік оқу жоспарына көшуі әр мекеменің білім берудегі тұлғалы –бағдарлы мазмұнын , жаңа оқу технологиясын ендіру және оларды балабақша жұмысында жұмсауы сияқты балабақшадағы білім берудің дәстүрлі емес әдістерін қолдану жағдайын әлі де өзекті мәселе қылып көрсетіп тұр. Білім берудегі тұлғалы-бағдарлы бағыт бала тұлғасын қалыптастырады, ал ол болса өз кезегінде көбінесе оның тұлғалы дамуының бағытымен анықталады. Сол кезде, балаға оқу үрдісін амал-тәсілін білу үстіндегі өзін-өзі тану құқығы қалады, сонымен қатар оқумен байланысты емес жағдайларда қолданылатын білім мен шеберлікке үйрене берудың тұлғалы-бағдарлы жағдайын жасауға көмектесетін кезең болып табылады, ал бұл көбінесе оқушыға бағытталған және оқу үрдісінің жаңарту жолындағы келесі жағдайда қызмет етеді:
1) Жеке тұлға және деңгейлі дифференсация;
2) Информатизация;
3) Даму арқылы интенсификация;
Осылардың барлығы баланың белсенділігін жоғарылатуға, біліммен шеберлікті меңгеруге көмектеседі.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды математикадан білім берудің алдында- олардың тану қызметінің белсенділігі , білім алудағы шығармашылық қатынастың қалыптасуы болып тұр. Баланың оқу танымдылық қызметі және білім алу арқылы ақыл-ойдың , зеректіктік тұлғалық ерекшеліктері дамиды. Осылардың барлығы ұжымдық оқу кезінде жеке тұлғалық, дидактикалық ұстанымның қажеттілігін білдірді. Балалардың жеке тұлғалық оқытудың келесі ұстанымы- дифференциялық оқытуы. Оның ең маңызды шарты – әр баланың жеке тұлғалық ерекшелігін ескеру және білу болып келеді . Математика санаудан емес , жұмбақтан басталады, яғни, туындап тұрған мәселеден. Балалардың шығармашылық ойлауы даму үшін, бала таңырқаушылық пен қызығушылықты сезу керек. Әр бала қиыншылықтардан өту, мәселелерді шешу арқылы ғана шығармашылық әлеміне шыға алады. Яғни, балаларды шығармашылық еңбекке дайындаудағы психологиялық негізі мектепке дейінгі жаста қалыптасады . Сол кезде қиялы , шығармашылық ойлауы, көріністі қадағалауы және талдау, салыстыра алатындығы, деректі талқылауы, қорытынды жасауы сияқтылар дамиды . Сонымен бірге, оқытудың жаңа технологиясына ТРИЗ жатады. Оның ең алғашқы рет 1946 жыла Г.С.Альтшуллер жасап шығарған. ТРИЗ бұл өнертапқыштық мәселелерді шешу теориясы. ТРИЗ дың басқа көптеген теориялар бар, мысалы РТВ –шығармашылық ойлаудың дамуы. АРИЗ- өнертапқыштық мәселелерді шешу алгоритмы. ТРИЗ-дың әдістері:
1)Санаудың және қателердің әдісі. Оның мәнісі –мәселені шешу үшін әр-түрлі шешу жолдары пайдаланады .
2) Қайшылықтарды шешу жолдарын іздестіру. Мысалы: ойындар пайдалануға болады. «Жақсы-жаман», «Керісінше айт», « Жаңбыр жақсы, жаңбыр жаман неге ?; Керісінше : қарындаш жазады, өшіргіш өшіреді т.б
3) Ақыл- ой әдісі. Оны 1953 жылы А Озборн шығарған . Оның ережелері:
1.Кез-келген сынауға тыйым салынған:
2.Әр түрлі ұсыныстарды, тіпті қиял-ғажайып және ертегілерді ұсыныстарды айтуға болады:
3. Кез-келген ойды , ұсыныстарды да айтуға болады
ТРИЗ көбінесе экологиялық тәрбиелеу сабақтарында қолданылады. Экология – бұл қоршаған ортамен ағзалардың қарым-қатынасы туралы ғылым. Экология- баспана туралы ғылым (грек тілінен аударғанда). Балалардың экологиялық тәрбиелеумен оқыту жұмыстарының ең басты бағыттары:
1. Балаларға табиғат әлемін көрсету қажет (адам қолынан жасалынатын нәрсе):
2. Балаларға мәдени әлемін көрсету(адамның ықпалы өте жоғары : саябақтар, саяжайлар):
3. Балаларға адамның жабайы және мәдени табиғатына ықпал жасауын көрсету:
4. Табиғатты қорғау
5. Табиғатта барлығы бір-бірімен байланысты өте тығыз байланысты екендігін және олар бір қатарлы болып келетіндігін көрсету:
6. Табиғаттағы өмір сүріп жатқан барлық нәрсе қоршаған ортаны шартына үйренгендігін көрсету(тамақтану тәсілі, тістердің ,аяқтардың құрылысы арқылы).
Экологиялық тәрбие беру кезінде ТРИЗ-ді қолдануда келесі бағдарламалы мәселелер шешіледі: балаларда табиғатта болатын өзгерістер туралы мәліметтерді қалыптастыру, табиғаттағы су айналымы туралы білімдерін қорытындылау, кішкентай адамдарды жасау тәсілдерімен таныстыру . ТРИЗ-ді пайдалану кезінде балаларда қиял, ойлау қабілеттері және сөйлеу дағдылары дамиды, мысалы, ТРИЗ бойынша өткізетін «Таза және ластанған ауа» тақырыбы. Балаларды осы сабақта өміріміздегі өсімдіктердің рөлі, олардың таза ауаға ықпалы және адамның денсаулығына әсер етуі туралы біледі. Осында кішкентай адамдарды жасау тәсілін пайдалануға болады. ТРИЗ арқылы өткізілетін сабақтардың бірі кіші топтағы «Бауырсақ» ертегісі. Осында балалар бауырсақтын түлкіден құтқару амалдарын ойластырады (бауырсақ шыршаға, күнге, кірпіге, т. б. айналады). Балабақшада өткізілетін сабақтарда дәстүрлі емес әдістерді қолдану мәселесі – оқытудың дифференциялық және жеке тұлғалық бағдарламаларға көшу қажеттілігі туындап тұрғанын көрсетіп тұр. Сабақтарда жаңа оқу технологиясын қолдану, шығармашылық үрдіс қажет болып тұр. Яғни, оқытудың және тәрбиелеудің дәстүрлі емес әдістерді – бала жеке тұлғалық қабілеттерін іске асыра алатын топта болуына талап етеді. Мектепке дейінгі оқытуда қолданылатын жаңа технологиялардың бірі- В.М. Монаховтың технологиясы. Оның – негізі білімнің «шашыңды » әдістері болып келеді. Оқушылардың өздерінің педагогикалық ойларын технологиялық карталарға жазады. Осында аксиомалық теорияға аса зор мән берілген. Аксиомалық теория барлығын дәлелсіз қабылдайды. Технологиялық карталар келесі пунктерден тұрады:
1. Тақырып
2. Оқу үрдісінің логикалақ құрылысы
3. Мақсаттылық
4. Диагностика
5. Түзетушілік
6. Үй жұмысы ( қалыпты, жақсы, озат)
Сонымен қатар сабақтын ақпараттық картасы жазылады.Ол технологиялық сияқты жасалады, бірақ мақсаты қойылады ( оқыту, дамыту, тәрбиелеу). Жаңа оқу технологияларға жоба әдісі де жатады. Жобалардың түрлері :
1.Қиялды- ол болмаған құбылыстарға және танымдылық жағынан пайдалы жобалардың құрылуына арналған. Мысалы «Уақыт көлігі», «Ғарыш кеменің пішіні».
2. Теориялық-әр түрлі негіздердің мазмұнына болған материалды танып-білу жатады . Қала, республика тарихымен байланысты Қазақстанның , өңірдің табиғи, аңдар мен өсімдіктер әлемдерінің ерекшеліктері туралы тақырыптар. Мысалы: «Жылға өзіне қалай жол табады?».
3. Тәжірбиелік- ол өтіл , өз жұмысын тәжірбие ретінде өткізу , алынған қорытындыны бағалау негізінде жасалады .
4. Шығармашылық –шешудің жолдары жасқа, қиялға тақырыпқа байланысты:
А) Қалыпсыз әдіс, яғни өзіндік:
Ә)Альтофиативтік-шешімдері керісінше;
Б)Жалпылық амалдар.
Тақырыптың таңдауы –балалардың қызығушылығына және мұғалімнің біліктілігіне байланысты. Тақырып таңдаудың ережелері .
1. Баладарың қызығушылығын ескеру:
2. Тез орындалатын тақырып таңдау керек:
3. Тақырып өзіндік болу қажет:
4. Орындалатын тақырып болу керек:
5. Балалардың қызығушылығы бар кезінде, оларды жұмысқа айналдыра алатындай тақырыпты тез таңдау қажет.
Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеудің тағы бір әдісі бұл –Верещагина бойынша 2-4 жастағы балалармен оқу жылдамдығын қабылдау әдісі. Сол әдістердің негізіне:
1. Буын жүйесіне оқыту:
2. Естің барлық түрін пайдалану
3. Балалардың ойлау қабілеттерінде дамитын саналы үрдісін ескеру керектігі жатады:
Психологтың кеңесі:
1. Мәжбүрлемеу
2. Сабақтың көрінісі арқылы өткізіледі.
3. Табиғи, өнегелік, материалдық ынталарды пайдалану.
Керекті құралдар:
Түрлі-түсті қағаз, ақ және түрлі-түсті картон, фломастер, улкен жазуы бар кітаптар, ойыншықтар, суреттер, әріптері бар кубиктер, әліпп, 3 кесте (40*80) .
1 кесте –әліппе бойынша әліпби, әр қатарға 3-тен немесе 4-тен
2 кесте –көлденең жазылған дауыссыз дыбыстардың буыны.
3-кесте тігінен жазылған дауысты дыбыстардың буыны (ав, аг, ад)
Дауысты дыбыстар қызыл немесе сары түсті
Дауыссыз дыбыстар көк немес көгілдір түсті.
Ба
Ва
Га Бо
Во
Го Бу
Ву
Гу
Аб
Ав
Аг Уб
Ув
Уг
А Б В Г
Д Е Ж З
Дыбыс жоқ және қолданбайтын буындар. Әр сабақта екі бағыт арқылы жасалады:
1. Әріпті тану
2. Сөздің қайталауы
Әріптермен танысу:
1. Әріпті 4 түрде көрсету
2. Осы әріп бар суреттерді, заттарды көрсету.
Әр суретте дауыссыз және дауысты дыбыстарды ашық түсті болып жазылу қажет.
3. Әріпті дәптерге немесе қағаз бетіне жазуға ұсыну
Осы кестелер күні бойы балалардың көз алдында болуы керек. Алғашқы 10-12 сабақтар балалардың назарын буындарға аудармайды. Ал содан кейін буындардың үндестігіне назар аудартады ( ма-ма, па-па, ба-ба ко-ко т.б) .
Жаңа технологияларға шығармашылық әңгімелесу де жатады. Оның ішіне кестелерде кіреді:
1. Кез-келген тақырып бойынша әңгіме немесе ертегі құрастыру. Мысалы: «Шоколадты адамның хикаялары», «Бір күні керең болғаны туралы түс көрдім».
2. Мақал-мәтелдер бойынша әңгіме, ертегі құрастыру. Мысалы: «Кішкентай әрі пысық»,
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718