Музыка дыбыстарын ажырату .

Мақсаты: Музыка дыбыстарын ажырату .

Міндеті:

1) Аспаптарды тембірлік үнінен ажырату.

2) Музыканың динамикалық және қарқындық өзгерістерін сезініп салыстырып, сәйкес қимылдар жасау.

3) Музыканың жоғары, орташа, төменділігін сезіне білу.

4) Әнді қуанышты екпінді орындауға, әнге сәйкес би қимылдарын үйлестіріп қозғалуға талпындыру.

 

Ұйымдастыру кезеңі :

Балалар ән- күй залына марш ырғағымен кіреді, шеңберге тұрады.

Ән- күй жетекшісі : Сәлеметсіздерме балалар!

Балалар:Сәлеметсіз бе!

Амандасқаннан кейін балалар орындыққ барып отырады. (Сол кезде жылаған дауыс естіледі.)

Ән- күй жетекшісі : Балалар сендер жылыған дауыс естіп тұрсыңдар ма?Дауыс есіктің артынан естіліп тұр ма? (Есікті барып ашады) арғы жағында балапан жылап тұрады, балапанды алып кіреді де.)

Ән- күй жетекшісі : Балалар бізге балапан қонаққа келіпті, бірақ ол көңілсіз, «Әнші балапан» болғым келеді екен, бірақ ән айту білмеймін деп жылап тұр екен. ( Оның қолында қоржыны болады ,оның ішінде сиқырлы ноталар болады.) . Әр қайсысының артында тапсырмалары бар екен. Осы сиқырлы ноталар арқылы балапанға ән айтуды үйренеміз бе? Бірінші нота «До» оның артында аспаптардың суреті бар екен. Балалар біз сендермен қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстық .Қандай аспаптарды білесіңдер?

Балалар :Домбыра, қобыз, сазсырнай, жетіген.

Ән- күй жетекшісі :Ендеше осы аспаптардың дыбыстарын қазір біз ажыратамыз. ( Балалар үш столға бөлініп тұрады, үнтаспадан музыка қойылады, балалар ажыратады.)

1)Ойын : «Аспаптарды ажырату»

Келесі нота « Ре» оның артында дауысыңды жаттықтыр деп жазылып тұр.

« Нота үйренеміз» айтып дауысымызды жаттықтырайықшы.

2) Дауыс жаттықтыру.

Балапанның келесі нотасының  «Ми» .Оның артында ән айтып тұрған  бала . Кәне бәріміз тұрып балапанға ән салып берейікші. (Әннің бастамасы басталады,қай ән екенін сұрау.)

Мына нота « Фа» оның артында үнтаспаның  суреті бар екен. Сендермен мен қазір «Үнтаспа» ойынын ойнаймыз. Мына дөңгелекті айналдырып, тетікке қай суретке барып тоқтайды, сол жайлы біз ән білеміз бе екен.

4) Ойын « Үнтаспа»

Келесі нота  «Соль» оның артында құстардың суреті бар балалар. Ендеше біз қазір төмен, орташа, жоғары музыканы ажыратамыз. Ол үшін біз мына қарлығаштарды музыканы тыңдай отыра ,бағандағы сымдарға қондырамыз. Егер жоғары жіңішке дыбыс болса онда үшінші сымға құсты отырғызамыз, ал егер орташа дыбыс болса онда екінші сымға орналастырамыз, ал егер төменгі жуан дыбыс болса, онда бірінші сымға орналастырамыз.

5) Құстарды орналастыр « Ля»нотасының артында балалар ән айтып тұрған баланың суреті . Балапанға сендердің  ән айтқандардың ұнады ғой деймін. Ендеше балалар балапанға « Бақытты балалық» әнін айтып берейікші.

әнен кейін балалар шеңберге тұрып қортындылайды.

Балалар біз балапанға мына сиқырлы ноталар арқылы көп нәрсені үйреттік. Біз бүгін ән айттық , аспаптардың дыбысын ажыраттық жоғары төмен орташа дыбыстарын ажыраттық, Үнтаспа арқылы әндерді қайталадық Балалар блапан сендерге қарап көп нәрсе үйренді . «Си» нотасының артында  Ойын: «Өз орныңды тап» деп жазылып тұр. Балапан өзінің ризашылығын осы ойын арқылы білдіргісі келеді.

Бәрәміз үш топқа бөлінеміз. І топ  өзбек ұлты, ІІ  топ қазақ ұлты, ІІІ топ орыс ұлты. Қазір үнтаспамен әр түрлі музыка қоямын ,әр ұлт өзінің музыкасын таныса қимылдар жасап билейді . Ал егер  қакзіргі заман музыкасы ойналса ,бәрің шашыцраңқы  билейсіңдер.  де,музыка тоқтаған кезде әр кім өз орындарына тұра қалады.

Балапан сендерге рахметін айтып жатыр.Кәне балапанмен қоштасайық балалар .

Ән- күй жетекшісі :Сауболыңдар балалар!

Балалар :Сауболыңыз !

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *