Ақиқатты іздеу жолында

Өзін-өзі тану сабағының жоспары Мектеп: Бостандық ОЖББМ Күні: 7.09.2020 № 2 сабақ Сабақтың тақырыбы: Ақиқатты іздеу жолында Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: Өсек айтпау, басқалар туралы жамандық ойламау, өз-өзіне сенімді болу, әдепті болу. Мұғалім: Адиева С:З. Сынып: 6 «а,б.»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өмірдегі орнын дұрыс әрекетте болғанда ғана табатынын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: – Өмірде басқалар туралы жаман ойламауға үйрету;
Дамытушылық: – өз-өзіне сенімді болуға ықпал жасау;
Тәрбиелік: – өсек айтпауға, әдепті болуға тәрбиелеу. Ресурстар: дәйексөз,
стикер қағазы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап. Жағымды көңіл-күйге ену. «Су асты патшалығына саяхақа » барамыз.

2. Үйге тапсырмасын сұрау.
«Ақиқат жайлы мен не ойлаймын?» өз ойларыңды жазып, оқу.
. 3. Дәйексөз
«Адам туа жаман болмайды, жүре жаман болады»
4. Әңгімелесу.
Ақиқат айнасы (аңыз) Ғалым Бақыткерейұлы
– Балалар арасында айна үшін туған үлкен даудың себебі неде деп ойлайсыңдар?
– Аңыз неліктен «Ақиқат айнасы» деп аталынған?
– Сенің пайымдауың бойынша ақиқат деген не? Мысал келтір.
– Өзіңнің күнделікті өміріңде осындай ақиқат айнасы керек пе? Неліктен?
– Өзің ақиқат айнасынан нені көргің келеді?
– Ақиқатқа апарар жол қандай деп ойлайсыңдар?
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс:
1-топ: 12-13 беттегі Ақиқат туралы жазылған өлең жолдарын оқып, ақиқат жайлы түген ойларыңды сыныптастарыңмен бөліс.
2-топ: Төменде берілген Ақиқат жайлы қанатты сөздердегі негізгі ойды анықтап, бүгінгі өмірмен байланыстырып, өз ойларыңмен бөліс.
… «Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша сүйіспеншілікті қорғайды»? М.Ганди

… «Ақиқат жол-жөнекей жұлып ала салатын гүл емес, ол ұзақ жолдың түпкі мақсаты». Гераклит

… «Ақиқатты көрем десең,
Бас көзімен қарама.
Жүрегіңнің аш көзін,
Жанның сырын арала» Шәкәрім

3-топ: 13-14 беттегі Жағдаятты оқып, өз шешімдерің мен өз тұжырымдарыңды айтыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
– Сенің бойыңдағы жан құмарыңа нелер жатады?
– Ақиқатқа жету үшін қай құмарлық маңызды?

4 – топ: Ақиқат құндылығына қатысты сөздерді тауып, сөзжұмбақты шешу:
1 2 3 а
д
4и 5а а
г 6д ү н и е т а н ы м
і а з
л м а
7і з г і л і к т
к е
р 8а
9ш ы н д ы қ
і и
л қ
і а
к т

6. Топпен ән айту.
«Сен маған сүюді үйреттің» Ә:ЕрболБайырбеков,
С:АқмаралЛеубаева
1.Сен маған сүюді үйреттің, 2. Кім дос,кім дұшпанды үйреттің, Ұмытып кеткен едім. Уайымшыл бір мұң едім. Басымды июді үйреттің, Иіскеп қысқанды үйреттің,
Тәкаппар өктем едім … Құшақсыз бір гүл едім. Шынайы күлуді үйреттің, Шынайы күлуді үйреттің,
Нөсерлі көктем едім. Нөсерлі көктем едім
Өмірді сүруді үйреттің,
Ұстазсыз мектеп едім.
Қайырмасы: Сен маған ұшқанды үйреттің,
Тордағы бұлбұл едім.
Сезіммен құшқанды үйреттің,
Күдікшіл құмбыл едім.
7. Үй тапсырмасы
Келесі сабақ: «Табиғат – баға жетпес сый» жобасының жоспарын түзіп келу

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *