Ғарыш әлеміне саяхат
Білім беру саласы:Таным, шығармашылық.
Оқу қызметінің түрі: Айналамен таныстыру, мүсіндеу.
Мақсаты: Ғарыш әлемі туралы мағлұмат беру. Ғарышкерлермен таныстыру.
Қиялын, ұсақ қол саусақ қимылдарын дамыту. Қамқорлыққа, қонақ жайлылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Ғарышкерлер, ғарыш кемесі, зымыран, инопланетьянин
(робот), 12- сәуір ғарышкерлер күні.
Көрнектілер:Ғарышкерлердің, зымыранның, ғарыш кемесінің суреттері, ермексазданжасалған ғарыш кемесінің үлгісі, тақтайшалар, ермексаз.
Сабақ барысы: Шаттық шенбері:
Шеңбер болып турайық,
Алақанды ашайық.
Жүрекке жылу салайық,
Жиналған жылы шуақты,
Бір – бірімізге сыйлайық.
- Балалар орнымызға жайғасып отырайық.
- Балалар айтындаршы қазір қандай жыл мезгілі?(Көктем)
- Көктемде қандай мерекелерді білесіндер?(Аналар күні, наурыз мерекесі.)
- Иә, дұрыс.
- Осы мерекелерден тағы мереке бар.Ол 12- сәуір «Ғарышкерлер күні».
- Қандай ғарышкерлерді білесіндер?(Ю. Гагарин, Т.Әубакиров, Т.Мусабаев.)
- Ғарышкерлердің көлігі қалай аталады?(Зымыран)
- Олар немен ұшады? (Зымыранмен)
- Зымыран қайда ұшады?(Аспанға)
- Дұрыс балалар, енді менің сендерге қосатыным бар.
- Айға дейін ұшатын, өте биік, ауа көлігі ғарыш кемесі – Зымыран. Зымыранды ғарышкерлер жүргізеді. Ең бірінші ғарышқа көтерілген Ю.Гагарин болған. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы (космодром) деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерінде орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады. Ғарышкерлердің арнайы киімдері бар – ол «скафандр» деп аталады.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл – гүл жайнап, жанамыз.
( Музыка әуеніне топ ішіне инопланетьян кіреді)
- Балалар қараңдаршы кім бізге қонаққа келді?
- Бәріміз амандасайық.
(инопланетьянин басын ізейді)
- Кешіріңіз, сіз біздің тілімізде сөйлейалмайсыз ба?
- Жоқ (басын шұлғыйды)
- Мүмкін түсінетін шығарсыз?(Иә)(Ым мен, қол қимылы мен ғарыш кемесінің сынып қалғанын көрсетеді)
Ғарыш кемесінің суретін көрсетеді.
- Балалар олардың кемелері сынып қалған екен, бізден көмек сұрайды.
- Балалар қалай көмектесуге болады?
- Мүмкін ермексаздан ғарыш кемесін мүсіндеп көрерміз.(балалар келіседі)
- Ал сіз балалардың жанына отырып көріңіз.
(Балалар ермексаздан ғарыш кемесін мүсіндейді)
- Балалар қараңдаршы қандай әдемі ғарыш кемелер шықты.
- Біздің қонағымыз сендерге рахметін айтты.
- Балалар қонағымызға қайту керек, ал ғарыш кемесі қатты жел соққанда ұшады екен.
- Қане бәріміз көзімізді жұмып ғарыш кемелерге үрлейік.
( Балалар көздерін жұмған кезде, музыка әуенімен инопланетьянин ғарыш кемелерін алып ұшып кетеді.)
Қорытындылау:
- 12 сәуір кімдер күні?
- Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?
- Ғарыш кемесі қалай аталады?
Күтілетін нәтиже:
Білу: 12- сәуір «Ғарышкерлер күні», Ғарышқа ұшу үшін көп оқу керек.
Түсінуге тиіс: Ғарышқа арнайы ғарыш кемелер ұшады. Зымырандар ұшатын арнайы орны бар, ол ғарыш айлағы.
Істей білу керек: Ғарыш кемесін ермексаздан мүсіндей алуы керек.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718