Достық неден басталады?

Білім беру саласы: “Әлеуметтік орта”
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Өзін – өзі тану.

Тақырыбы: “Достық неден басталады?”
Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Достарға деген мейірімді қарым – қатынасқа үйрету.
Тәрбиелігі: Адал дос, достаса білуге тәрбиелеу..
Әдіс – тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ – жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, дәптер, хрестоматия, жүрекшелер.

Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар? Амансыңдар ма достарым!
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз.
Балалар: Сәлеметсіз бе.
Балалар: Сәлеметсіз бе Сәуле? Мен сенің досыңмын.
Сәлеметсіз ба Жарас? Мен сенімен достасқым келеді.

Әңгімелесу
Тәрбиеші: Балалар біз «Өзін – өзі тану әлемінің» картасындағы екінші аялдамаға назар аударайық. Суреттен не көріп тұрмыз. Бұл аялдамадағы суретке әңгіме құрастырады.
Балалар: Бұл суреттен бір – біріне қамқор, тату, адал достарды көріп тұрмыз.
Біз осы «Өзін – өзі тану әлемінің», « достық» аялдамасының дос, достық туралы біліп, бір – бірімізбен достасуды үйренеміз.

Тәрбиеші: Сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар: Достар бір – бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады. Балабақшада бір – бірімізбен доспыз.

Әңгімелеу
В. Осееваның «Үш жолдас» әңгімесі.

Тәрбиеші: Қалай ойлайсыңдар, асын жоғалтқан баланың достарының қайсысын шын, нағыз дос деп айта аламыз?
Балалар: Үшінші бала нағыз жанашыр дос екенін көрсете білді.
Тәрбиеші: Сендер олардың орнында болсаң не істер едіңдер.?
Балалар: Мен досыма қолымдағы асымды берер едім. Бөліп беремін.

Ойын: «Менің досым»
Тәрбиеші: Балалар, сендерді ойын ойнауға шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын. Сендер допты маған қайта лақтырып, достарынның қандай екенін айтасыңдар?
Балалар: Менің досым ренжітпейді
Менің досым алдамайды.
Мен досыммен бірге ойнаймын.

Дәптермен жұмыс:
Тәрбиеші: Балалар барлығымыздың достарымыз бар. Олар сүйкімді, мейірімді, қайырымды.. Өз достарыңды естеріңе түсіріп, суретін салып көреміз. Содан кейін суретке қарап, достарың жайлы әңгімелеп береміз.

Сергіту сәті
(Қимыл – қозғалыспен көрсету.)
Орнымыздан тұрамыз
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз солға бір.
Бұрыламыз оңға бір
Біз мейірімді баламыз.
Біздер тату боламыз
Гүл – гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ
Жақсы сергіп қаламыз.

Ғажайып сөздер:
Тәрбиеші: Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Достар тату, мейірімді болады.
Достар бір-біріне көмектеседі.

Қорытындылау:
Тәрбиеші: Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достарымыз үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достар бір – біріне көмектеседі. Достарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір – бірлеріңе көмектесіп, адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.
Тәрбиеші; Балалар достар қандай болу керек?
Балалар: Адал, тату, мейірімді, қамқор.
Балабақшада бір – бірімізбен доспыз. Ренжітпейміз. Бірге ойнаймыз.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *