Сабын көпіршіктерімен ойын

ІІ кіші тобына арналған

ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы: «Сабын көпіршіктерімен ойын»  (ауладағы  жазғы ойын әрекеті)

Мақсаты:

  1. Балаларға сабын көпіршіктерімен ойнау ережерелерін үйрету;
  2. Терең дем алу, дем шығару жаттығуларын ойын арқылы дамыту;
  3. Қауіпсіздік ережелерінің қарапайым қағидаларын есте сақтауға, достарна қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Қостілділік  компонент (сөздік жұмыс): сабын көпіршіктері –мыльные пузыри; вредно –зиян; туған күн –день рождения; құттықтау –поздравить.

Керекті материалдар:  Бала басына сабын көпіршіктері, « Туған күн» сюжеттік ойыны.

Қызмет-

кезеңдері

Тәрбиеші әрекетіБалалардың әрекеті
Мотивациялық

қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды ертіп, ауладағы күркеге жақындап келгенде, көңілсіз отырған Айгүл атты қуыршақты байқап қалады.

-Балалар Айгүл қуыршақ неге көңілсіз отыр екен?

-Қалай көңілін көтерсек екен?

 

 

Балалар оқиғаны білуге назар аударады.

 

 

Олар ойланады.

-Біз таптық, оған мереке жасайық.

Ұйымдастырушылық-ізденістік (оқиға әрі қарай күркеде өрбиді)

— Айгүл неге сенің көңіл күйің жоқ?

Айгүл үндемейді.

-Кәне ,балалар Айгүл неге көңілсіз екенін сұрайық………

 

 

 

 

 

 

–Жоқ, балалар, Айгүл  ауырып тұрған жоқ екен, бүгін Айгүлдің туған күні, ал оны ешкім құттықтамаған екен.

-Ой,  Айгүл біздің балалар білмей қалды, сен ренжіме саған балалар керемет мереке  жасайды.

–Бірінші біз қуыршақ Айгүлге арнап ән саламыз:

 

 

— Енді балалар,  құттықтау тілектеріңді білдіріңдер.

 

 

 

 

 

 

 

— Балалар Айгүл  сендерге   алғысын  білдіріп жатыр.

 

Балалар, біз қуыршаққа арнап ән салдық, жақсы тілектер айттық, енді ойын ойнайық:

— Балалар сендер қандай ойын ойнауды ұсынасыңдар?

 

 

— Балалар Айгүлге тосын сый жасайық:

Бір, екі, үш!

(тәрбиеші сабын көпіршігін қолдану ережесін айтып өтеді)

 

 

 

— Балалар қандай тамаша ,біз бүгін Айгүл қуыршақтың мерекелік көңіл- күйін туғыздық. Ол риза болып қуанып қалды. Рахмет сендерге!

 

Ойланады.  Айгүлге сұрақтар қояды.

— Қай жерің ауырып тұр?

— Суық су іштің бе?

— Әлде біреу ренжітті ме?

— Онда саған не болды?

 

 

 

Балалар келіседі.

 

 

Балалар қуыршақ Айгүлді ортаға алып шеңбер бойлай

тұрады. «Каравай» — әуеніне салып ән айтады.

 

Балалар өз тілектерін білдіруге тырысады:

— Айдай әдемі бол!

— Күндей сұлу бол!

-Ақылды бол!

–Достарың көп болсын!

-Айгүл сен ешқашан ауырма!

 

 

 

 

 

 

— «Үрпек төбет», «Күн мен жаңбыр»,«Пойыз»- ойындарын ойнауды  ұсынады.

 

 

 

 

Балалар шеңбер бойлап тұрады,қуыршақты ортаға  алады.

Барлық бала сабын көпіршігін алып үрлеп қуыршақты қуантады.

 Сергіп дем аламыз:

Қуыршақ, қуыршақ тұршы,

Бетіңді жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

 

Балалар қуыршақты ортаға алып шеңбер бойынша отырады.

Әндете отырып,  қимылдарды қайталайды.

Сөздік жұмыс:Сабын көпіршіктері –мыльные пузыри; вредно –зиян; туған күн –день рождения ; құттықтау –поздравить.
Рефлексиялық— түзетушілік 

-Балалар, Айгүл неге көңілсіз екен?

 

— Біз Айгүлдің көңілін көтеру үшін  біз не істедік?

 

 

 

-Мереке сендерге ұнады ма?

-Иә, балалар сендер бүгін мерекеге өте белсенді араласып өз достарыңа керемет сый жасадыңдар. Рахмет!

 

-Айгүлді туған күнімен ешкім құттықтамады.

 

— Өлең, тақпақ айттық,тілек білдірдік.

-Қызықты ойындар ойнадық.

-Сабын көпіршіктерімен тосын сый жасадық.

-Иә, мереке бізге қатты ұнады.

 

 

Балалар қуанып қалады.

 Мереке әрі қарай жалғасады (аулада көңілді билер биленеді, дербес ойындар ойналады)Балалар риза болады, қуанды.

Балалар  әр түрлі ойындар ойнап, би билейді.

Күтілетін нәтиже :

Біледі: терең дем алып және дем шығару арқылы, сабын көпіршіктерімен ойнау ережерелерін;

Игереді: қауіпсіздік ережелерінің қарапайым қағидаларын;

Меңгереді:  байланыстыра сөйлей отырып, өз ойларын білдіруді;  достарына қамқор болуды.

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *