Вариатив “Шебер қолдар”

Түсінік хат

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бекіту туралы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Негізгі ережелер 28.11. 2008 жылғы №628 бұйрығымен жүзеге асырылуда. «Зерек бала» бағдарламасы Қазақстан Республикасының жаңа МЖМБС –на сүйене отырып, мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды жан-жақты, толыққанды дамуына, олардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауына, сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты мақсаттарын шешуге бағытталған. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМБС-на сай 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған білім берудің 5 саласы бойынша («Денсаулық», «Қатынас», Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта») жүзеге асып, МЖМБС талаптарына сай болуына көңіл бөлініп отыр. 2012 жылдың 20-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігінің №557 бұйрығы бойынша вариативтік оқу бағдарламасын бекіту туралы бұйрығы негізінде  ересек топта 3 сағат енгізілді. 3сағат «Таным» білім беру саласынан (Логика) 1 сағат  «Қатынас» білім беру саласынан (Ертегілер елінде) 1сағат, «Шығармашылық» беру саласынан «Шебер қолдар» 0,5 сағат, «Денсаулық» білім беру саласынан (Өзіңді тани біл) 0,5 сағат болып бөлінді.Жыл сайын бала дамуында, өз құралпастарының қатарынан қалып бара жатқан бала саны көбейіп келеді. Адамның қолы- ол бір құрал іспеттес, қол, баланың дамуына әсерін тигізеді.

Тәжірибеге сүйенсек, бала мектеп табалдырығын аттағанда (6-7) жас 70-80 пайызы саусақ маторикаларының жеткілікті дамымағанын көреміз.

Саусақтарының әлсіздігі, нашар дамығаны, жазуларының нашарлығына, ұзақ уақыт жаза алмауларына әкеліп соғады.

Саусақ маторикаларының нашар дамуы көбінесе ауырушаң, кіші кезінен балабақшаға бармаған балаларда көп кездеседі. Сондықтан да біз «Шығармашылық» білім беру саласынан «Шебер қолдар» (Тұзды қамырдан мүсіндеу) –ді кіргізуге ұйғардық.

Мүсіндеудің мақсаты:

Мүсіндеудің   бала тәрббиесінде алатын маңызы өте зор.

Мүсіндеу арқылы баланың саусақ маторикалары дамиды, ой-қиялы артады, эстетикалық талғамдары қалыптасады.

 

Міндеттері:

  1. Мүсіндеуде техникалық дағдылар мен іскерліктерін қалыптастыру.
  2. Шығармашылық іс-әрекет процесіне, көркем шығармалары мен қазақ халқының және өзге де халықтардың шығармашылығына эмоционалдық қарым-қатынастарын білдіруге тәрбиелеу.

Мазмұны:

Сазбалшықтың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру:сазбалшық жұмсақ, бөліп алуға, илеп мүсіндер жасауға болады.

Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен үзу, жұлу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып мүсіндеуге үйрету,

Кесекті алақан арасында және жазықтықта түзу және домалақтау арқылы илеу іскерліктерін жетілдіру.

Бөліктері бірнеше заттарды мүсіндеу, дұрыс орналастыру, қатынастарын сақтау, бір-бірімен біріктіру тәсілдерін көрсету.

Мүсіндеуді сазбалшықпен, ермексазбен, тұзды қамырмен пайдалануға болады. Соның ішіндегі тұзды қамырды пайдаланудың  ерекшелігі басым түседі.

Тұзды қамырдың артықшылығы:

  1. Көп шығын шығармай, өзіңізге керек уақытта дайындап алуға болады.
  2. Тез жуылады, дақ қалдырмайды.
  3. Ауызға түскенде қауіпсіз.
  4. Мүсіндегенде қолға жабыспайды.
  5. Кептіруге болады.
  6. Боялған қамырмен жұмыс істеуге болады, дайын мүсінге сурет салуға қолайлы
  7. Тұзды қамырдан жасалған ойыншықтармен қорықпай ойнауға болады
  8. Лакпен қатырса, ұзақ мерзімге сақталады.

 

Тұзды қамырдан мүсіндеу жасау  балабақша тәрбиеленушілеріне өте қолайлы.

 

                                                                   

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің  күнтізбелік- тақырыптық жоспары.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»                                                                                 Тарау: «Шебер қолдар»   (Тұзды қамырдан мүсіндеу)

 

Р\с     Айы                Тақырыбы Сағат саны Апта күні
1 Қыркүйек 1. «Күз сыйлығы»

2. «Добым, добым дөңгелек»

1

1

 
2 Қазан 1. «Жүзік»

2. «Алтын балық»

1

1

 
3 Қараша 1. «Үйрек»

2. «Торғай»

1

1

 
4 Желтоқсан 1. Үй жануары «Қозы»

2. «Шыршаға арналған ойыншықтар»

1

1

 
5 Қаңтар 1. «Мен, менің достарым  жануарларым»

2. «Аққала»

1

 

1

 
6 Ақпан 1. «Ұшақ»

2. «Машина»

1

1

 
7 Наурыз 1. «Анама арналған гүл»

2. «Қуыршаққа арналған моншақтар»

1

1

 
8 Сәуір 1. «Түймедақ»

2. «Адам бейнесі»

1

1

 
9 Мамыр 1. «Гүлді алма ағашы»

2. «Үлкен және кіші саңырауқұлақтар»

1

 

1

 

 
  Барлығы   18  

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *