жаңартылған білім беру бойынша технология
Балабақша – барлық тәр¬бие мен білімнің ең алғаш¬қы баспалдағы іспеттес. Мұн¬¬¬дағы тәрбие мен білім ба¬лବлар¬дың табиғи мінезін, қа¬бі¬летін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қам¬ту өзімнің басты мақсат¬тарым¬ның бірі екенін қуана айта аламын.
Оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айта¬рлықтай шамада анық-тайды, балаларға мінезін қа¬лыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ой¬лау¬¬ды,- дү¬¬ние¬танымды да¬мы¬¬туға, сыни ойлауды қалып¬тас¬тыруға және жеке мүм¬кін¬д-іктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік б¬ере¬ді.
Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке¬зең болып келеді. Өйт¬кені осы кезде баланың бойын¬дағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.¬ Сондықтан осы шақта бала¬лар¬мен анағұрлым жан-¬жақ¬ты дамытушылық әре¬кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон¬¬ша¬лық¬ты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұр¬¬пақ балабақшадан мектепке да¬йын шәкірт болып шы¬¬ғады.
Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны
Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты үш апталық курс бағдарламасын және жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренері курсын аяқтап биылғы оқу жылында Балабақша бүлдіршіндерін жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқытудамын.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір баланы оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Тәрбиеші оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Бүлдіршіндерді заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
Білімнің бастауы-Балабақша
Білім беру балабақша табал¬дырығынан басталады десек ешқашан қате¬леспейміз. Барлық білім¬нің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі ме¬к嬬ме¬лер¬де тәрбие мен білім сବласында заманауи¬ педа¬го¬гикалық технология¬лар қан¬шалықты маңызды болса, мек¬теп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техноло¬гиялар ұғымы кеңінен қол¬данылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының бас¬ты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдіс¬терін енгізу. Әрине бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да бай¬ланыс¬ты.
Тәрбие мен білім – егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мем¬лекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұр¬пақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты тәрбиешілердің ен¬шісінде. Заман өзгерген сайын¬ әдіс-тәсілдер көбейіп, жа¬ңବ¬рып, толығып жатыр. Бала¬лар¬дың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технология¬ны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады.
Жаңа заман баласы –¬ ер¬¬теңгі еліміздің бола¬ша¬ғы. Жаңа заман баласын қалып-тастырып, дамы¬ту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анық¬¬тап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағ¬дай жасау қажет. Біздің ба¬ла¬бақ-шамызда балаларға үз¬діксіз білім беруде барлық жағ¬дай қарастырылған. Бала-бақшада балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педа¬гогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Осы уақытқа дейін тәр¬биеші ретінде балаларға үздік¬сіз тәрбие мен білім беруде жаңартылған педа¬гогикалық технологияларды¬ кеңінен қолдануға тырысамын. Себебі қазіргі заман бала¬ларының берілген ақ¬парат¬ты тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоға¬ры дамығандығын байқауға болады.
Мектепке дейінгі меке¬ме балаларына үздіксіз тәр¬бие мен білім беру келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына тікелей әсер ететін балабақша мен тәрбиешілері. Осыған орай мектепке¬ де¬йін¬¬гі мекемелердің тә¬жі¬ри¬бесіне оқыту мен тәр¬бие¬леудің әртүрлі технологиялары енгізілуде. Мә¬селен, ынтымақтастық пе¬дବгогикасы, білім беруді ізгі¬¬лендіру, ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқы¬ту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлау¬ды дамыту, оқытудың ком¬пьютерлік технологиясы, психологиялық, педа¬го¬ги¬ка¬лық әдістемелік білімді, педагогикалық ше¬бер¬лікті, балалардың жан-дү¬ниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді Қазіргі таңда мектеп¬ке дейінгі білім беру мекеме¬ле¬рінде тәрбиешілер¬дің¬ ұста¬нымы ауысқан: ол¬ балаларға басшы емес, білім беру қыз-метінің тең қатысушысы.
Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері.
ТРИЗ шығармашылық технологиялары бүгінгі мектепке дейінгі мекемелер үшін өте тиімді болмақ. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновацияға деген қажеттілік қандай да бір мәселені шешу жолында туындайды. Кез- келген педагогикалық ұжым, кез- келген педагог инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға құқылы. Бірақ жаңашылдықты дайындау және ұйымдастыру барысында өзіне нақты міндет алуы тиіс, өйткені кез келген педагогикалық бастаманың нысаны бала екенін ұмытпаған жөн.
Педагог Бағдарламада анықталған міндеттерді жемісті іске асыру үшін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барынша тиімді құралдары мен технологияларын қолдануы және игеруі қажет. Осы мақсатта ол үнемі өзінің кәсіби шеберлігін арттыруы, білімін көтерумен айналысуы қажет.
Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалды
Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады.
Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығынқа Мен өзімнің іс тәжірибемде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалана отырып,бағалаудың қалыптастырушы түрін кеңінен қолданамын. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап , ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға , шешім қабылдауға,өзін-өзі бағалауға ,бірін-бірі бағалауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор деп ойлаймын.
Қорытынды.
Қорыта келгенде жаңартылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іс ке асырудың негізгі бағыттары ол жаңартылған Стандарт және Бағдарлама-дағы мектепжасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне қойылған талап-тарды жүзеге асыру болып табылады, жаңа инновациялық технологияларды оқу және іс-әрекет барысында қолдануымыз қажет. Мұның ішінде М.Монтессори,Воскобович.Зайцевтің технологияларын пайдалануға ұсынамын.Жаңартылған технологиялардың тағы бір технологиясы ол әрине жобамен жұмыс жасау. Жалпы барлық технологияларды ойын әрекетінде пайдалануымыз керек. Мектепке дейінгі ұйымның заманауи педагогі келесі талаптарға жауап беруі қажет: рухани, кәсіби, жалпы мәдени
және денесін жетілдіруге ұмтылған, ішкі дүниесі бай, үйлесімді дамыған, тұлға.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718