Ыдыс

«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Білім беру саласы: Коммуникация
Тақырыбы: Ыдыс

Орындаған: Ускенбаева Г.М.

2020 жыл

Білім беру саласы: Коммуникация
Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Ыдыс.
SMART мақсаты: Балалар заттарды жалпы белгілері бойынша топтастырады.
Қолданылатын ресурстар: дамытушы орта, тапсырмалар, көрнекіліктер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбер:
Көктем келді алақай,
Қуанар барлық балақай,
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.
Балаларды екі қатарға тұрғызып, бірінші қатардағы балалардың қолында суреттер беріп,екінші қатардағы балалар сұрақтарына бір мезетте жауап береді. Балалар бір –бірімен ақпарат алмасады.
Мынау не? кесе, шәйнек, тәрелке т.б.
Ашық жабық сұрақтарды пайдалану, әткеншек әдісі
Шәйнек не үшін қажет?, тәрелкені не үшін пайдаланамыз? Кесеге не құямыз?
Педагог жетекшілігімен ойын. «Сынады, сынбайды?»
Шарты: педагог ыдыстарды көрсетіп тұрады да балаларға ашық жабық сұрақтар қояды.
Сергіту сәті:
Қолға кесе аламыз
Кесеге шай құямыз.
Шәй ыстық фу-фу деп үрлейміз.
Шәйден барлығымыз ішейік.

Балаларды қалауы бойынша саралап топқа бөліп тапсырма беру.
1 – топ қызыл қолшатыр қойылған үстелге отырады;
2 – топ сары қолшатыр қойылған үстелге отырады;
3 – топ көк қолшатыр қойылған үстелге отырады;
4 – топ жасыл қолшатыр қойылған үстелге отырады, еркін ойын.
Әр топтың тапсырмалары әртүрлі.
Құрылымдалған ойын. «Топтастыру»
Мақсаты: Заттарды жалпы белгілері бойынша топтастырады.
Шарты: Ыдыстар, ұлттық ыдыстар, ас ішетін құралдар ажыратып жинау керек.
4К моделі – бала командада жұмыс істейді, сыни ойлайды, коммуникативті дағды қалыптасады. Мерседес әдісін пайдаланамыз.
Құрылымдалған ойын. «Сиқырлы суреттер»
Мақсаты: ыдыстардың қиынды суреттерін құрастырады. Үштікте жұмыс жасайды. 4К моделі – сыни ойлау.
Құрылымдалған ойын. «Ыдыстарды түсіне қарай топтастыру»
Мақсаты: Бала дөнгелекті ыдыстың түсіне қарай сәйкестендіреді.
Жеке жұмыс, 4К моделі- сыни ойлау.
Құрылымдалған ойын. «Крушканың қасығын тап?»
Шарты: Крушканың түсіне қарай қасығын қасына қояды.
Жұптық жұмыс . 4К моделі- сыни ойлау.
Саралау оқыту стратегиясының қабілеттеріне қарай топқа бөлу, жұпта,үштікте,жеке жұмыс жасауы.
Ресурстарды саралау,баланың алдына ортақ міндет қойылады, бірақта әртүрлі деңгейде дамыған дағдыны талап ететін түрлі ресурстарды ұсыну.
Педагогтің түрлі қажеттіліктері мен деңгейі бар балаларға қолдау көрсету. Балаларға жалпы ортақ тапсырманы орындау барысында тәрбиеші кейбір балаға басқа балаға қарағанда көп немесе аз қолдау көрсету.
Диалог \ сұрақтар қолдану.
Нәтиже.
Жылдамдық, қарқын, уақыт.
Балаларға жалпылама бақылау жүргізу.
Бақылау формасын толтыру: біледі- жұлдыз, көмек қажет-ай. Түсінбеген баламен жеке жұмыс жүргізу.
Еркін ойын
Сюжеттік ойын: «Қонақтарға тағам әзірлеу»
Балаларға заттық кеңістік орта ұйымдастырылған, ыдыстармен өздері ойнайды.
Еркін ойында мақсат пен шарт қойылмайды.
Қорытындылау:
Диірмен тәсілі: Әр топтан спикер сайланып өздерінің жұмыстарынмен таныстырады, қалған балалар айналып жүріп барлық жұмыстарды көріп шығады, балалар бір- бірін бағалайды.
Балаларды бағдаршам әдісі бойынша бағалау.
Жасыл түсіндім, қызыл түсінбедім.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *