“Көктем гүлдері”
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы
ЖШС “Амалия” бөбекжай-бақшасы
Тәрбиеші: Орысбай С.Қ.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру.
Тақырыбы: «Көктем гүлдері»
Мақсаты: Балалардың көктем мезгілі және көктем гүлдері туралы түсінік беру. Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін, қол моторикаларын дамыту, берілген сұраққа жауап беруге үйрету. Әдептілікке, үлкенді сыйлауға үйрету.
Қажетті құрал–жабдықтар, көрнекіліктер: Көктем гүлдер суреттері, слайд, үлгі суртеттер, ақ қағаз, түрлі-түсті қағаздар қиылған, майлық.
Билингвалды компонент: Бәйшешек-подснежник-snowdrop , бақ- бақ –одуванчик- dandelion, қоңыраугүл – колокольчик- bell flower, қызғалдақ- тюльпан- tulip, гүл- цветок-flower, көктем – весна- spring.
Мотивациялы-ынталандыру кезең
I.Кіріспе бөлім.
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Ендеше күндей жадырырап бүгінгі күнімізді бастайық. Шұғылалы күнмен амандасып алайық.
«Амандасу рәсімі»
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Шуағын төгіп нұр,
Сәлем, Күн – анаға!
Саламатсыздар ма?! Здраствуйте?! Good morning?!
Балалар тәрбиешімен қонақтармен амандасады
Шаттық шеңберіне тұрып, күнге қолдарын созып күннің жылуын сезінеді
Кіріспе сұрақтар қою:
-Балалар, қанеки, есімізге түсірейікші жылдың неше мезгілі бар?
Балалар: – Күз, қыс, көктем, жаз.
Тәрбиеші: – Жыл мезгілдерін атаңдаршы.
Балалар: – Күз, қыс, көктем, жаз.
Тәрбиеші: – Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: – Қазір – Көктем мезгілі.
Тәрбиеш: – Көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалар: – 3 ай бар
Тарбиеші: – Қане, айларды атап щығайық?
Балалар: – Наурыз, сәуір, мамыр.
Ұйымдастыру ізденгіш кезең
II.Негізгі бөлім:
Жаңа тақырыппен таныстыру.
Тарбиеші: Балалар, қазәір мен сендерге жұмбақ жасырмын, сол жұмбақтың жауабын тауып көріңдерші. Мұқият тыңдаймыз.
Өзі сондай нәзік,
Су құйсаң кетеді.
Алақанын жайып.(гүл)
Тарбиеші: Ал, енді бейне таспадан гүлдерді тамашалайық.
Балалар, бұл бәйшешек гүлі.
Бәйшешек – сәндік өсімдіктер. Балалар бұл бәйшешек гүлі өзі кішкентай бойы да суыққа төзімді қар ерісімен шығатын түсі ақ гүл екен.
-Бәйшешектің түсі қандай?
-Жапырағы қандай түсті?
-Балалар мынау бақ-бақ гүлі.
Бақбақ — көп жылдық, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады.
-Бақ-бақтың түсі қандай?
-Жапырағы қандай түсті?
-Бақ-бақты орыс тілінде одуванчик деп айтамыз.
Қане бәріміз айтайықшы.
-Балалар, мынау қоңыраугүл.
Қоңыраугүл — жапырағы жеуге жарамды.
Қоңыраугүлді әсемдік, тағамдық және дәрілік
Мақсатта қолдану үшін өсіреді.
-Қоңыраугүлдің түсі қандай?
-Жапырағы қандай түсті?
-Қоңыраугүлді орыс тілінде колокольчик деп айтады.
Қане бәріміз айтайық.
Қызғалдақ — көп жылдық өсімдік.
Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі.
Қызғалдақ– ғашықтық, махаббат белгісі екен.
-Қызғалдақтың түсі қандай?
-Қызғалдақтың жапырағы қандай түсті?
-Балалар бұл қызғалдақ гүлі.
Қане бірге айтайықшы, орыс тілінде – тюльпан деп айтады.
Балалар, шаршадыңдар ма?
Балалар: – Иә, шамалы шаршадық.
Тәрбиеші: – Ендеше бір сергіп алайық.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз солға бір,
Бұрыламыз оңға бір.
Біздер тату боламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Ал, балалар бүгін сендермен осы гүлдердің ішінен қызғалдақ гүлін жапсырамыз. Балаларға қалай жапсыру керектігін бірінші көрсетемін, балалар тәрбиешімен бірге жасай бастайды.
-Гүлдер қайда өседі?
Балалар: – Далада, бақшада, бақта, үйде өседі.
Тәрбиеші: – Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар!
-Гүлдер әдемі болу үшін не қажет?
Балалар: – Су құюымыз керек. Гүлдерді күтіп, баптау керек.
Тәрбиеші: – Жарайсыңдар!
Ойын: «Өз гүліңді тап»
Барысы: Топқа екі топқа бөлінеді, яғни 5 баланың басына қызыл қызғалдақ гүлі кигізіледі. 5баланың басына сары бақ бақ кигізіледі. Балалар музыка арқылы билеп жүреді де, музыка тоқтағанкезде сары бақбақ өз гүліне, қызыл
қызғалдақ өз гүліне тұра қалады.
(Музыкамен билеп жүреді)
Аппақ гүлдер әніне билейді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар!
Балалар: – Ойын өте қызықты болды.
Тәрбиеші балалардын жасаған жұмыстарын қарап шығады. Балалардын қалай жұмыс жасайтыны бақылап, қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалау.
Рефлекциялы-түзету кезең
III.Қортынды бөлім:
Балалардың жұмытарынан көрме ұйымдастырылады.
Сұрақ қоя отырып, оқу іс – әрекетін қортындылау.
Белсенді қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.
Балаларға жұлдызша беріледі.
Балалар өз ойларын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Көктем мезгілі және көктем гүлдері туралы білу керек.
Нені игереді: Жапсыру дағдылары, түстерді ажырату, сұрақтар жауап беріді игерді.
Нені біледі: Табиғатқа қамқор болуды, бастаған жұмысын аяғына дейін істей алуды біледі.