Қазақтың қолөнері. Тоқыма тоқу өнері

«Ө.Жаңабаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: “Қазақтың қолөнері.

                    Тоқыма тоқу өнері”

 

 

Секциясы: Этномәдениеттану

 

Бағыты: Сәндік қолданбалы өнер

 

Дайындаған : 5 «ә» сынып оқушысы

Алдашева Аружан

Жетекшісі:  Жетен Бақытгүл

 

 

 

 

 

  Аннотация

            

       Зерттеудің мақсаты:

Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы – тоқыма өнерін

жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы

қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту.

Зерттеудің міндеті:

Қазақтың қолданбалы қолөнері жайлы білу;

Тоқу өнері жайлы мағлұмат беру;
Тоқыма тоқу технологиясын үйрену;
Қазақтың қолөнерін қастерлеу және қолөнер шеберімен кездесу.

Зерттеудің болжамы: осы зерттеп жатқан жобамды, жұмысымды тоқтатпай әрі

қарай жалғастыру.

Зерттеудің нысаны: тоқыма өнерін зерттеу, анықтау;

Зерттеудің нәтижелері: әрбір жұмысты істеген кезде одан қандай да бір нәтиже

шығу керек. Тоқыма өнері туралы ізденген кезде менде бірнеше нәтижеге

жеттім.  Біріншіден, тоқыма өнерін зерттей келе олар жайлы көп біле бастадым.
Екіншіден, тоқымамен жұмыс істеуді үйрендім.

Зерттеудің кезеңдері:

– Біріншіден, мен өзім зерттейтін жұмысымның тақырыбымен таныстым.

-Екіншіден, мәліметтерді жинақтап, тоқуды үйрендім.

-Үшіншіден, жинаған жұмысымды талдадым.

-Төртіншіден, бірнеше шығармашылық жобалар дайындадым

                                             

 

 

Кіріспе

Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек. [1] Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер.  Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. [2] Бүгінгі таңда халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі жас ұрпақты ұлттық қолөнерге баулуда орны ерекше. Нарықтық экономикаға өту кезеңінде ұлттық бұйымдарға деген сұраныстың артуы республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды қазақ халқының кәсіптік қолөнер бұйымдарын дайындай білу іскерлігіне баулу қажеттігін тудырды. Осындай пайдалы еңбектің бір түрі-тоқыма өнері. Орта мектепте ұлттық негізге сүйеніп, білім беру мен тәрбие жұмысының мазмұнын, мақсатын, қағидаларын қайта қарап оқушыларға еңбекке баулудың мазмұнын, қазақтың сәндік-қолданбалы қолөнерінің құрамдары мен әдіс-тәсілдерін үйретіп, жаңа экономикалық жағдайда еңбек етуіне, өз бағыт-бағдарын анықтауға, мүмкіндіктерін іске асыруға даярлайды.Тоқыма өнерінде оқушының көркем еңбек іскерлігін қалыптастыру, көркем графикалық білім-білікті дамытудың негізгі бағыттары бойынша тоқыма бұйымдарын даярлауға назар аударылады. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының “сегіз қырлы, бір сырлы”өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.
Тоқыма өнері негізгі ұстанымдарды заман талабына сәйкестендіруді, оның көкейтестігін анықтайды.Оқушы білімін жетілдіріп ақыл-ой санасын дамытуға игі әсер етеді, рухани мәдениетті меңгеруге, адамгершілік және көркемдік тәрбиенің тиімді жолын ашуға жағдай туғызады.

Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.
Іліп тоқуға арналған иірім жіп түрлері.

Зығыр                                           Ангор
Кашемир  Мақта
Альпак       Мақор
Вискоза                   Жүн
Фасонды

 

Жүн – жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой , ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні – күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.  Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші  апараттар қолданған.

 

Ұршық – жүнді қолмен иіруге арналған негізгі аспап. Бұл қарапайым аспап, әр елдің ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30см шамасында сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген.  Оның ішкі тесігінің диаметрі-2, 5 мм, ал, сыртқы өлшемі -30мм.

 

 

 

 

 

Тоқыма үшін қажетті құралдар

1.Біз

2.Жіп

 

 

 

 

 

 

  1. Қарапайымым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады.
    2. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым-біз
    3. Ілмек біз.

 

 

 

Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек. Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б.Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды қосу, қысқарту, сирек те жиі тоқу арқылы жасалады. Тоқу түрлері: тура және кері қатарлармен тоқу. Айналдырып шеңбер жасай білу. Тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасына өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.  Ілмекпен тоқуда негізгі элементтері – бос шалу, біріктіру бағаншасы, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша, екі шалмалы бағанша, үш шалмалы бағанша, төрт шалмалы бағанша ,

пико,жарты бағанша  және т.б лар
Ілмек бізбен тоқу кең тарап, тоқу арқылы жасалған бұйымдар жоғары бағаланатындықтан әр түрлі басылым беттерінде шеберлер өзінің өнерін көрсету үшін ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерін ойлап тауып, сол арқылы халыққа белгілі бір бұйымды тоқу әдісін көрсетеді. [1] Тоқымашы әуелі шалу түрлерін жете, терең меңгеру қажет.

Негізгі шалу түрлері мыналар:

                         Ілмек бізбен тоқу технологиясы

 

 

 

 

Жиекті шалу (сымға тізіп ілінген жіптер);

Оңға шалу; Теріс шалу;

Қосымша шалу; Тоқылмай алынатын шалу;

Ұзартылған шалу.

Ілмек бізбен  тоқуға қолданылатын әдістері, шалулар түрлері

 

 

                     Шалудың түрлері

 

 

 

 

 

1.Орамал тоқу әдісі:

 

 

 

– Бұл әдісте барлық тоқылатын қатарлар бағандар қосып шалу  әдісімен тоқылады.

2.Шұлықша тоқу әдісі: Бұл әдісте бірінші қатар оңға, шалу әдісімен тоқылады да екінші қатар теріс, яғни оң жағында теріс шалу әдісімен тоқылады. Тақ қатарлар тоқыма бұйымының оң жағына (1, 3, 5, 7, 9, 11) сәйкес келеді де, жұп қатарлар бұйымының теріс жағына (2, 4, 6, 8, 10) сәйкес келеді.

3.Резинка әдісі:

Бұл әдісте тоқыма сымнан тақ шалулар алынады. Бірінші қатар бір оң, бір теріс әдісімен қайталана береді, келесі қатарлар оң шалу оңға, теріс шалу теріс әдісімен тоқылады. Резина әдісімен тоқыма бұйымның жең ұшы, жағасы, етегі, белдеменің белі, шұлықтың қонышы т.б. тоқылады. Тоқу барысында тоқу ережелерін қатаң сақтау керек. Бұл әдісте өрнектерге қарағанда жіңішке сымдар қолданылады.

Балаларға арналған шұлық тоқу әдісі

   

     

Бұйымды тоқу барысында жоғарыда айтылған 3 әдісті де қолдануға болады. Тоқумен балалар қызығушылықпен, шығармашылықпен жауапкершілікпен айналысады.

Бірінші кезең: қажетті материал, құрал-жабдықтар, әр түрлі нөмірлі сымдар, жіптер, өрнек үлгілерді даярлау. Бастапқы қатарға қажет шалу салып есептеу. Жіп 70-80 грамм, сым №5, №4, №3, т.б. Қажетті шалу 40, әр сымда 40:4=10 шалу. 4 сымға тепе-тең 10 шалудан аламыз. Алғашқы 10 шалуды түйреуішпен немесе түрлі түсті жіппен белгілеп қоямыз. 4-5 см-дей резина (тобыққа дейін) шұлықша әдіспен тоқиды да одан әрі өкше шығару болады.

Өкше шығару:

 

 

тоқыманы әрі қарай тоқу үшін 1-2 сымдағы шалулар өкше шығаруға қатыспайды. 3-4 сымдағы шалуларды тоқуға ыңғайлы юолу үшін, бір сымға өткіземіз де оң және теріс шалулар көмегімен өкшенің биіктігін тоқимыз. Тоқыма шетіндегі шалу саны 10-ға жеткенде (20 қатар) оң шалумен аяқтап өкше шығаруға кірісеміз. Ол үшін сымдағы екі жағына 6 шалудан ортасына 8 шалу қалдырып тоқимыз. Тоқу барысында екі шеткі жағы 6 шалудан бірте-бірте ортадағы 8 шалудың соңғы шалуына қосып тоқып, қысқартамыз да, жұмыс соңында тек орындағы 8 шалу ғана қалады.

Тоқу үлгісі:

1-қатар (тоқыманың теріс жағы):

  • Біріші жағының 6 шалуы тоқылады. Сосын отадағы 8 шалудың ең соңғысынан басқасы тоқылып, соңғы шалу екінші жақтың көршілес, шалуымен қосылып теріс тоқылады. Қалған 5 шалуды тоқымай, тоқыманы кері айналдырады.

2-қатар (тоқыманың оң жағы):

  • Шеткі шалуды сымға тартып іледі де, ортаңғы сымдағы шалулардың ең соңғысынан басқасын тоқып шығып, соңғы шалуды бірінші жағының көршілес шалуымен қосып тоқиды. Тоқыманы кері айналдырады. Осылайша 1-2 қатардағы қайталап тоқи береді. Соңында сымды тек ортадағы 8 шалу қалады. Өкше шығару аяқталады.

Шұлықтың басын шығару

 

Бұл бөлікте №5 сыммен, оң тоқылады. Ортаңғы бөліктің шалулар тізілген сыммен өкшенің шеткі шалуларынан 10 шалу ілініп алынады. Сонан соң сыммен бірінші сымдағы 10 шалуды тоқиды. Келесі бір бос сыммен тоқыма шетінен жаңа шалулар теріліп қарама-қарсы бетінде қанша шалу болса, сонша шалу сол сыммен ортаңғы бөліктегі шалудың жартысын тоқиды. Яғни 4 сымға да шалулар тізіліп үшінші, төртінші сымдардағы шалулар саны бірінші, екінші сымдардағы шалуларда көбірек болуы қажет. Бұдан әрі  айналдыра, қуыстап тоқи отырып, 3-4-сымдағы артық шалуларды әрбір екінші қатарда кеміте береді. Сымның әр қайсысына 10 шалудан қалғанда кемітуді тоқтатып, шұлықтың басы шығарылады. Ол үшін әр қатар сайын сымның соңғы екі шалуы біріктіріліп, теріс шалынады. Осылайша әр сымда бір-бір шалу қалғанша кемітіп, жіп үзіледі де шалулар қатты тартылып бекітіледі немесе тігіледі. Жіптің қалған бөлігін ілмекпен шұлықтың іш жағына өткізіп жасырады.

Жұмыс аяқталды. Дайын бұйымды жылы суға жуып кептіреді. [2]

      Ілмекпен тоқу. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады: жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер т.б. Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектердің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды (петель) қосу, яки қысқарту, сирек те жиі тоқу (ілмек пен жіптің диаметріне қарай) арқылы жасалады.

Негізгі шалулар

Тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар (немесе тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі) болып саналады. Ілмектің ұшына шалу жасайды да, жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.

Қысқа шалу. Ілмекті тізбектегі 3-шалудың алдынан артына қарай өткізеді. Содан соң ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады.

Жай шалу. Ілмекті тізбектегі 3-шалудың алдынан қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап, шалып алады, содансоң жіпті тағы орап , оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады.

Нық шалу. Ілмектіңсабына жіпті орап алып, ілмекті тізбектің 3-шалуының алдынан  артына қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап шалып алады да, жіпті тағыда орап, енді оны ілмектегі үш шалудан өткізіп алады.

Бос жіп қосылған шалу. Бағананың биіктігін көтеру үшін оны бір не бірнеше бос жіп қосып тоқу керек. Ілмекке жіпті орап, бұрынғы қатардағы не тізбектегі 4-шалудан өткізеді де, оған қайта жіп орап, 1-шалудан тартып шығарады, жіпті қайта орап, оны ілмектегі шалумен бос жіптен өткізеді, жіпті тағы орап, оны да ілмектегі соңғы 2-шалудан өткізіп алады. 2 не 3, одан да көп бос жіп қосылған бағана жасау үшін соған сәйкес ілмекке 2 не 3 бос жіп қосып шалу қажет, содан соң біртіндеп ілмекте 1 жіп қалғанша 2 жіптен қосып тоқи береді, ол үшін ілмекті соған сәйкес 5-, 6-, 7- т.б. шалулардан өткізіп отырады. Ал ілмектің ұшында әрқашан бір шалу қалып отыру қажет.

Бос жіп қосылған рельефті оң шалу. Ілмектің сабына жіпті орап алып, ілмекті бұрынғы қатардағы шалудың түбін орай алдығңы жағынан өткізеді де, бір шалудан тартып шығарады. Одан соң жіпті тағы орап, оны ілмектегі шалу мен бос жіптен өткізеді , жіпті тағы орап, енді оны ілмекте қалған 2 соңғы шалудан өткізеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қоғамның қай кезінде болсын бала тәрбиесі, оқу мен білім еш уақытта шет қалып көрмеген. Қоғам өзгерумен бірге олар жаңаланып, жаңарып отырады. Әр жылдың өз берері бар. Дегенмен істің нәтиже беруі тынымсыз еңбекпен, ақыл ойдың күшімен келетін нәрсе. Осы дәуірде өмір сүріп, еңбек етіп жүрген әрбір адамзаттың патриотизм ұғымын өзі туып өскен жеріне, өз еліне, халқына деген сүйіспеншілік сезім мен байланыстыра қарайтыны ақиқат. Олай болса, Отанын сүйген адам ұлтына, нәсіліне қарамастан, республиканың жалпы тарихан, саяси-экономикалық, рухани даму сатыларын, сондағы тұрғын халықтардың әдет-ғұрпын, салтын, мәдениетін игеруге талпыну керек. Қай қоғамда болмасын бүгініміз бен кешегімізді қастерлеу өмірдегі тіршіліктің, қоғамның парызы. Ал қоғамның дамытушысы-адам. Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту. Халықтың ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тану, тарихтың көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау бүгінгі өмір талабы. Зерттеу барысында кездескен маңызды мәліметтер арқылы және өзім жасаған әрбір нәтижелі жұмыстарым арқылы төмендегідей қорытынды шығардым. Қазақтың сәндік қолданбалы қолөнерін зерттеп өз мүмкіндіктерін іске асыруға мынадай міндеттер кіреді.

1.Оқушы жеке бас тұлғасын дамытып тәрбиелейді.

2.Қолөнер жайында жүйелі білім алады.

3.Өзінің жеке дара қабілетін танып, жетілдіреді.

4.Тоқыма қолөнері арқылы іскерлікке, шығармашылыққа үйренеді.

5.Рухани бай, ойлау шебері кең, мәдениетті адам болып қалыптасуға тәрбиеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Мектептегі технология № 4 2013
  2. Мектептегі технология № 3 2005
  3. С.Қасиманов «Қазақ халқының қолөнері»
  4. Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедиясы Алматы 1990 жыл
  5. Ш.Әбдуалиева «Халық қолөнері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *