Сюжеттік рөлдік ойын: Дәрігер
Сюжеттік – рөлдік ойын: «Дәрігер»
Күні: 10.06.2019ж
Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан – жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Керекті заттар: Дәрі – дәрмектер, кітапшалар, атрибуттар, халаттар, бас киімдер, құрал – жабдықтар.
Әдіс – тәсілдер: Ойын ойнау арқылы әңгімелесу, сұрақ – жауап.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші: Бүгін балалар сабақты біз екі топқа бөліп өтеміз. Бірінші топтағы балалар «Дүкенші», «Дәрігер» ойынын ойнайды.
Екеуі дәрігерге келеді.
Шешесі:
• Кіруге рұқсат па?
Дәрігер:
• Кіріңіз, отырыңыз. сәлеметсіз бе, кітапшаңызды берініз, қай жерініз ауырады?
• Шешесі: Қызымның қызуы көтеріліп тұр, тамағы ауырады, тамақты аз ішеді , басы ауырады.
Дәрігер: Қазір тыңдап көрейін, қатты дем ал, тамағыңды көрсет.
– Мен сізге дәрі жазып берейін, ертең қан тапсырасыз, қазір сіздерге дәрі жазып берейін, екі күннен соң маған қайтадан келесіздер.
– тез сауығып кетіңіздер, сау болыңыздар!
Екеуі дәріханаға келеді. Дәріханашымен амандасып, дәрігер жазып берген қағазды береді.
Шешесі:
• Бізге мына дәрілерді беріңізші.
Дәріханашы:
• Мына шөппен тамағын шаясыз. Мына дәріні күніне екі рет ішесіздер.
• Сізге рахмет, сау болыңыз! – деп шығып кетеді.
Қызымен шешесі үйіне оралады. Әкесі мен ұлы жұмыстан келеді. Шешесі бәріне тамақ дайындап, үстел басына шақырады. Қызы шешесіне көмек көрсетіп, үстелге ыдыстарды қояды. Дәрігердің берген дәрісін ішкізеді. Балалардың ойыны әрі қарай жалғаса береді.
Сюжеттік – рөлдік ойын: «Дәрігер»
Тақырыбы: «Дүкенші»
Білімділік мақсаты: Балаларға дүкен, дүкенші (тұтынушы туралы түсінік беру) Дүкен адамдарға өте қажет екенін, дүкеннен азық – түлік, ойыншық, аяқ киімдер, ыдыстар т. б. ақшаға алатыны туралы түсінік түсіндіру.
Дамытушылығы мақсаты: Сұрақ – жауап арқылы балалардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту., балалардың қызығушылығын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Балаларды адамгершілікке инабаттылыққа баулу және достасып, бірігіп тату ойнауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар. Өлшеуіш, касса, тағам түрлері ыдыстар ақша т. б. дүкенге байланысты заттар.
Ұйымдастыру сәті:
Апаң сенің базардан
Алма сатып әперді
Ең үлкенін, тәттісін
Саған таңдап әперді
Алманы апаң қайдан алды?
Алманы кім сатты.
Алманы дүкеннен сатып алды.
Иә балалар
Бүгін біз дүкен ойынын ойнап көрелік.
Балалар мен сендерге ойын шартын түсіндірейін.
Ойын мазмұны. Тәрбиеші алдымен дүкенмен таныстырады. Онда дүкенші болатынын айтып түсіндіреді. Содан соң балалардың ішінен біреуін дүкенші етіп тағайындайды, ал қалған балалар сатып алушылар немесе клиенттер. Дүкенші өз формасын киеді. Дүкенге кірген кезде
– Сәлеметсіз бе
– Саламатсыз ба
Дүкенші: менің сізге қандай көмегім керек?
– Маған бір дана алма, екі дана апельсин керек еді.
– Мінекейіңіз
– Қанша төлейін
– 2 теңге
– Рахмет
– Ас болсын
– Сау болыңыз.
Сатушы:- Саламатсың ба
Тұтынушы – Сәлеметпе
– Мен немереме тәтті жүзім алайын деп едім?
Сатушы: мына жүзім өте дәмді.
– Ендеше маған содан 1кг өлшеңізші
Тұтынушы: Мінекейіңіз.
Сізден 3 теңге
– Рахмет
– Сау болыңыз?
Ендеше ойын ойнайық ойынның аты «Жемістер мен көкөністерді жинау.».
Ойын шарты: жерде шашылып жатқан жемістерді бір бөлек көкөністерді бір бөлек себептерге жинау.
– Жарайсыңдар балалар.
Енді өз орнымызға жайғаса қояйық.
Балалар біз бүгін қандай ойын ойнадық?
Мазмұнды ойын не туралы ойнадық.
Көкөніс дүкені.
Иа балалар көкөністер біздің ойымызды санамызды дамытады, бойымыз өседі.
Бүгінгі мазмұндық ойынымыз аяқталды. Топқа барып ойынымызды жалғастырамыз.
Сау болыңдар.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718