Үй жануарлары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№8 «Ақбөбек» бөбекжай-бақшасының
Тәрбиешісі: Мамутова Гулзия Толесиновна
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта Тақырыбы: Үй жануарлары Мақсаты: Білімділік: Үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануары жайлы түсініктерін, ажырата білуді үйрету, пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: Әңгімелету арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру, ойлау арқылы сөздік қорларын кеңейту. Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу. Әдіс- тәсілі: Жұмбақ шешу, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ- жауап, ойын. Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері .
Тәрбиеші: Балалар, «Амандасу- адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы» сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері: Көкке қолды созайық, Күннен шуақ алайық Гүлге қолды созайық
Алақанға салайық Жүректен жылу алайық Оны да соған қосайық
Жиналған жылы шуақты бір-бірімізге шашайық.
Тәрбиеші:
–Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
– Қыс мезгілінде неше ай бар?
– Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
– Сендер қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?
– Өте жақсы. Жарайсыңдар!
– Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы?
– Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі және ит пен мысық жатады. Мысық – ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Ит- жеті қазнаның бірі. – Балалар, сендер ата- әжелерің қандай сөздермен еркелетеді? – Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, ботам, еркем, кішкентай лағым, қошақаным. Сендерді ата- әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттымен еркелетеді екен, қандай тамаша?
–Тәрбиеші: Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің төлі – бота, сиырдың төлі – бұзау, қойдың төлі – қозы, ешкінің төлі – лақ, жылқының төлі – құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы жануарлар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың , қойдың, сүтінен май, құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата-бабамыз да үй жануарларын өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған.
( Осы кезде есік ашылып әже кіреді)
Әже: Амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер.
– Бұл қай жер екен?
– Балабақша.
– Қандай балабақша?
– «Ақбөбек» балабақшасы.
– Естілмейді қандай балабақша?
– « Ақбөбек» балабақшасы.
– Мен, осында ойнап жүрген немеремді іздеп жүрмін, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Тауып берсеңдер сыйлығым бар. Көрмедіңдерме?
Балалар – жоқ Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Әже төрлетіңіз! Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі үй жануарлары туралы айтып жатыр едік.
Әже: Жарайды, балалар ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін кім табады екен?
Шөре, шөре, лағым, Тентек болма шырағым, елкеңдемей құлағың, – деп нені айтамыз? (Лақ)
Қара көзі мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүзі үлбіреп,- деп нені айтамыз? (Ботақан).
Әукім- әукім әукешім,
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді.
Әукешім- деп нені айтамыз? ( Бұзау)
Басында екі таяғы бар. Төрт аяғы бар.
Адам деуге болмайды, Сақалы тағы бар. Бұл не? ( Ешкі)
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Әже уайымдамаңыз, немереңіз табылады! Шаршаған шығарсыз, бәріміз бір сергіту сәтін орындап жіберейік, балалар бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті: Видеомен
Әже: Жарайсыңдар балалар! Көңілім көтеріліп серігіп қалдым. Тәрбиеші: Қане, балалар Әжемізбен бірге «Төлдерін тап» ойынын ойнайық. ( Немересінің даусы естіледі)
Тәрбиеші: Рахмет! Әже сіз келіп, біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Жолыңыз болсын! Сау болыңыз!
Қортынды.
– Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?
– Бізге қонаққа кім келді?
– Үй жануарларының төлдерін не деп атайды?
– Малдың дыбыстарын қалай атайды?
Жылқы- кісінейді.
Сиыр- мөңірейді.
Қой, ешкі – маңырайды.
Түйе- боздайды.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718