Дұрыс тамақтана біл!

Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Дүниетану

Ұзақ мерзімі жоспар бөлімі
Бөлімше: Дені саудың- жаны сау Мектеп: Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектеп
Күні:

Сынып: 2 д
Мұғалімнің аты-жөні: Сатканова Мейрамгуль Армановна

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтана біл
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1.4.1 түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Адам ағзасына пайдалы және зиянды тамақтарды ажыратады.
.
Көптеген оқушылар:Адам ағзасына пайдалы тағам мәзірін құрастыру.
Кейбір оқушылар: Тамақтағамның құрамын зерттеу.
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология: дәрумен, тамақтану пирамидасы, ас мәзірі.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
– А дәрумен көздің көруін жақсартады.
– Д дәруменінің адам ағзасына қандай пайдасы бар?
Талқылауға арналған сұрақтар:
– Дұрыс тамақтануды не құрайды?
– Дұрыс тамақтану не үшін қажет? ?-
Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық (топта және жұптық жұмыс барысында көрінеді)
Азаматтық жауапкершілік ( дұрыс тамақтанудың адам ағзасына деген маңыздылығын ұғынады)

Пән аралық байланыстар Қазақ тілі,математика

Бастапқы білім Пайдалы тағам мен зиянды тағамдар туралы негізгі ойы қалыптастқан.
Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Ширату
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта
Оң жақтағы көршіңе сәттілік тіле
Сол жақтағы көршіге сәттілік тіле.
Ширату: «Сиқырлы қорап» әдісі
(Балаларға сиқырлы қорап ұсынылады. Қораптың екі жағы тесілген, сол тесік арқылы қолшаммен жарық түсіреміз. Қораптың ішінен бүгінгі тақырыпқа байланысты суреттер тұрады)
Мақсаты: Бүгінгі тақырыпты өздері табады.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі.
(Денсаулық)
1-топ «Сүт өнімдері»
2-топ «Жемістер»
3-топ «Көкөністер»
4-топ «Ұн өнімдері»

Қорап, тамақтың суреттері.

Сабақтың ортасы

4 минут

5 минут

5 минут

5 минут

Мұғалімнің түсіндірмесі.
Біздің барлық тағамымыз ақуыз, май және көмірсудан тұрады.Олар адам ағзасының өсіп-жетілуін қамтамасыз етеді.
Тағамның құрамында ақуыз жеткілікті болса сен тез өсесің.
Май біздің ағзамызға мол күш-қуат береді.
Ағзада көмірсу қоры көп болған сайын адамдар шыдамды болады.
Біздің ағзамызға минералды тұз бен дәрумен керек.
Ресурс арқылы саралау
Топтық жұмыс. «Дәрумендер»
Барысы:Оқушыларға тақырыпқа байланысты тағамдар, суреттер беріледі.
1 топ- Пайдалы тағамдарды анықтайды.
2 топ- Зиянды тағамдарды анықтайды.
3 топ- Тамақтанудың адам организміне маңызын анықтайды.
4 топ-Тамақтану режимін тексереді.
ҚБ: « Өзара бағалау»
«Пицца» «Бағдаршам»
Нәтиже арқылы саралау.
Жұптық жұмыс

Әр жұпқа: Дәрумен атауы мен тағамдар беріледі.Оқушылар дәруменге сай тағам суретін ілгішке іледі.
А дәрумені, В дәрумені, С дәрумені, Д дәрумені.
ҚБ: «Өзара бағалау»
Дұрыс болса-Жасыл лента
Бұрыс болса- Қызыл лента
Сергіту сәті
https://www.youtube.com/watch?time_continue=139&v=to3BpGzdxA0&feature=emb_logo
«Пайдалы тағамдар пирамидасы» «Репортаж әдісі»
Дискриптор: Тамақтану пирамидасынының бөлігін құрау.

Бағалау критерий: Тамақтану пирамидасының бөлігін құрайды..
ҚБ: «Дұрыс»- қасық
«Бұрыс» -Шанышқы

Бейнеролик, мұғалімнің түсіндірмесі

Тағамдар, суреттер.

Ілгіш, сурет,лента

АКТ

Бейнеролик, тағамның суреттері.
Сабақтың соңы
5 минут

5 минут «Дұрыс, бұрыс»
Барысы: Ортаға 4 оқушы шығып, берілген сұрақты “Дұрыс, бұрыс” екенін лазерь арқылы белгілейді.
-Чипсы адам ағзасына пайдалы.
-Алмада А дәрумені бар.
-С дәрумені иммунитетті көтереді.
-А дәрумені көздің көруін жақсартады.
-Сәбізде А дәрумені бар.
-Май біздің ағзамызға күш-қуат береді.

Рефлексия
Әр оқушы өзінің суретін, түсінген деңгейі бойынша орналастырады.

Лазерь

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *