“Атымды адам қойған соң” Абай Құнанбаев шығармашылығы
Ашық тәрбие сағаты | Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 45 бейімделген орта мектебі» КММ | ||||||||
Күні: | Мұғалім: Халелова Ақерке Оралбековна
|
||||||||
Сынып: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар | |||||||
Тақырыбы: | “Атымды адам қойған соң..” Абай Құнанбаев шығармашылығы | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Ұлы ақынның еңбектерін оқу арқылы, адамгершілік құндылықтарды дарыту, шығарманың жаңашылдығына баға беру.
Барлық оқушылар орындай алады: мәтіннің мазмүнын түсініп, идеясын анықтайды. Ойын мысалдар арқылы дәлелдейді. Көпшілігі орындай алады: Мәтіннің мазмұнын меңгеріп, негізгі мәселелерді анықтайды.Өзіндік көзқарастарын білдіреді. Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтін талдауда өзінің көзқарастарын нақты дәлелдер арқылы жеткізеді. Шығарманы өмірмен байланыстырады.
|
||||||||
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік ел» идеясының «Тарих, мәдениет пен тіл ортақтығы» құндылығына сәйкес адамгершілік, ізгілік қасиеттерге, туған тілді құрметтеуге баулу | ||||||||
Жоспар | |||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы |
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады.
2. Жағымды көңіл-күй туғызу
Бас ,жүрек, қол моделін ұсыну 3.«Миға шабуыл» сұрақтары: –Бұл суреттерден қандай түсінік қалыптастырамыз? -Нені меңзейді? -Қазақта қай ақынның идеясымен үндеседі?
Диас, Айгерім, Арай, Ақбота «17 қара сөз» қойылым көрсету
4. Миға шабуыл сұрақтары: – Осы шығармаларынан нені ұқтық? – Абай неге адамның көп қасиетінің ішінен тек қайрат, ақыл, жүрек үшеуін ғана таңдап алған? – Ғылымның пікірімен келісесіңдер ме?
Сыныпты 3 топқа бөлу 1.Нұрлы ақыл 2.Ыстық қайрат 3. Жылы жүрек Әр топ өз қасиеттеріне баға береді. «Ыстық қайрат» – бұл үнемі ізденіс үстінде болу, тек қана алға ұмтылу, жасампаз болу. «Нұрлы ақыл» – елге сәуле түсіріп, ізгілікті іс істеу, алла берген ақылды тек жақсылыққа жұмсау. Ал, «жылы жүрек» – иманды, иман жүзді болу, адамдарға құрметпен қарау, олардың мұң-мұқтажын, көңіл-күйін ұға білу. Міне, осы үш қасиет ізгілікті мақсатта пайдаланылған жағдайда ғана толымды адам деген мәртебеге ие болуға болады. 5. «Миға шабуыл» Күймені айдаған арбакеш суреті ұсынылады? – Бұл суреттен не байқадыңдар? – Сендердің ойларыңша, қайрат, ақыл, жүректі неге ұқсатар едіңдер?
6. ” SWOT әдісі” топтық жұмыс Әр топ өздеріне берілген тапсырманы SWOT әдісіне салып қорғайды 1 топ- Ақыл 2-топ – Жүрек 3-топ – Қайрат
7. Сендердің ойларыңша «толық адам» деп кімді айтар едіңдер? ПОПС формуласы Менің ойымша, … Себебі, мен оны былай түсіндіремін … Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын… Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…
«Сендірерлік дәлел» әдісі Менің ойымша…… Мынаны естен шығармау қажет………. ……………қарамастан………………………….. …………..болса да………………….. Яғни……………… …………..деген тұжырымға келемін. |
https://www.youtube.com/watch?v=f2J53JvJ2j8
таныстырылым
таныстырылым
|
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718