«Ертегі неше бөлімнен тұрады?»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Күні: 10. 01 2020ж
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Вариативтік компонент: «Абай тану»
Тақырыбы: «Ертегі неше бөлімнен тұрады?»
Мақсаты: Ертегілер туралы түсінігін кеңейту.
Білімділігі: Ертегіні бөліктерге бөлу арқылы ертегі мазмұнын білуге үйрету Қоршаған ортаны танып, әдемі көріністерін сезіну
Дамытушылығы: . Мәнерлеп айту арқылы көркемдеп сөйлеу және ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі:. Жинақылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері :
1 Ойындар ойнау
2 Ертегіні таңдау
3 Бөліктерге бөліп айтуды
Көрнекілері мен құралдар: Стол үсті, қуыршақ театры,автор суреті , үлестірмелі материалдар
Полилингвальный компонент : әңгіме-беседа-conversation, табиғат-природа- nature , Кітап-книга-book,
Оқу қызметінің барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Ойын: «Кім көп біледі?»
Әр түрлі ертегілерді атады, кейіпкерлер суретімен танысты
II Негізгі бөлім:
Ойын: «Одан әрі жалғастыр….»
Сұрақ-жауап.
Ойын арқылы балалар жазушылардың шығармаларын айтып, жарысты,ұмытқандары еске
түсті
Ойын: «Ертегі неше бөлімнен тұрады?»
Үш бөлімнен:
1 Бастапқы
2 Негізгі бөлім
3 Қорытынды
Бауырсақ ертегісінің бастапқы бөлімінде ата мен әже болады. Бауырсақ пісіреді, ыссы болғасын терезенің алдына қояды. Қатты жел тұрып, бауырсақ орманға домалап кетеді. Негізгі бөлімінде бауырсақ Қоянмен, Аюмен, Қасқырмен, Түлкімен кездеседі.Қортынды бөлімінде Түлкі Бауырсақты алдап жеп қояды.
.Сергіту сәті.
«Бауырсақ», «Шалқан» ертегілерін үш бөлікке бөліп айту ережесімен танысты, айтып, жаттықты.
.Шығарма желісін одан әрі жалғастыру арқылы көркемдеп,мәнерлеп сөйлеуге жаттықты.
«Себебі, өйткені»сөздерін қолданды.
«Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ сурет салады»(аяз)
«Ти десем, тимейді,
Тиме десем тиеді»(ерін)
Дөп-дөңгелек,
Доп домалап келеді,
Тепкен бөгеп,
Керек оған аяғы
Ақ қар аппақ па,
Дала аппақ па?
Бәрі аппақ па?
«Қыз бала- жағадағы құндыз,
Ер бала аспандағы жұлдыз»
«Кітап –білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы»
«Білім-инемен құдық қазғандай»
«Еңбек түбі-береке»
«Жұмбақ жарысы»
«Жаңылтпаш жарысы»
«Мақал жарысы»
III Қорытындылау
Ойын: «Кім шапшаң?»
Балалар ойындар арқылы балалар ертегіні үш бөлімге бөліп, айтуды үйренді, танысты,қызығушылығы артты
Мадақтау
Толтырған: Джумағалиева.Камчат .Ығылманқызы.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *