БІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА-ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ САТҚЫНДАУҒА ҚАРСЫМЫЗ
№ 16 КОЛЛЕДЖ МКҚК
САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ
«БЕКІТЕМІН»
Директордың ТЖЖО
___________________ Г.Шертаева
«_____» _______________ 20 ___ ж.
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ПІКІРТАЛАС САҒАТЫ
БІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА-ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ САТҚЫНДАУҒА ҚАРСЫМЫЗ
ИПС-ТБ-К-60/01
Данасы:________________________________________
Енгізілген мерзімі:_______________________________
Пайдалану мерзімі: ______________________________
Қызмет бабында пайдаланылатын басылым
Шардара
Сопбекова Меруерт Жумабековна
Түркістан облысы
Шардара қаласы
№16 колледж
Арнайы пән оқытушысы
Біз сыбайлас жемқорлыққа-қоғамдық мүдделерді сатқындауға қарсымыз
АЛҒЫ СӨЗ
1 Әзірлегендер: К-60 топ жетекшісі ……………………………………………………….. М.Сопбекова
2 Бірінші рет енгізілді
Осы интеллектуалды пікірталас сағатын №16 колледждің рұқсатынсыз толық немесе жартылай қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды
МАЗМҰНЫ
1 Сабақтың мақсаты……………………………………………………………………………………………………………4
2 Көрнекілігі…………………………………………… ………………………………………………………………………..4
3 Сабақтың барысы…………………………………………………………………………………………………………….4
4 Қорытынды………………………………………………………………………………………………………………………6
5 Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………………………………….6
1 САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы зерттеу, әдіснамалық, талдамалық және білім беру қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіруге бағытталған тиімді шараларды әзірлеу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға зерттеу жүргізу, талдау, білім беру арқылы, әдістемелік және әдіснамалық қолдау және сүйемелдеу.
2 МІНДЕТТЕР
• Орталықтың басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және азаматтардың этикалық нормаларын арттыру мәселелері бойынша инновациялық әдістемелік материалдарды әзірлеу;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту мәселелері бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
• мемлекеттік органдардың жұмысында, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдармен және жетекші ғылыми, академиялық, білім беру орталықтарымен ынтымақтастық орнату;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру және қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша шаралар әзірлеу;
• түрлі іс-шараларды өткізу үшін «ашық» пікірталас алаңын қалыптастыру.
Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек. «Қазақстан-2050» Стратегиясы
3 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ .
1.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуы мен дамуы Мемлекет басшысының саяси еркі мен жаһандық бастамаларының арқасында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іс жүзінде жүзеге асырылуына және институционалды реформаларына, Қазақстанда қазіргі заманғы жаңа сұрауларды шешуге жағдайлар жасалды. Президент алдағы онжылдыққа елді дамытудың түбегейлі жаңа моделін қалыптастырудың басты міндетін қойды. Ол үшін кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған мемлекеттік қызметтің ауқымды реформасы жүргізілді. «Қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі басталды. Мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесі де жаңартылып, оның сыбайлас жемқорлықты барынша болдырмауға бағытталғанын» Елбасы атап өтті. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңімен жүріп келетіндігі» айтылады. Елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру ретінде оны дамытудың негізгі үш деңгейін атап өтуге болады, олар қандай да бір тарихи уақыт кезеңінде қозғалатын басымдықтарға қарай бөлінеді. Бірінші деңгейде тек жазалау тәжірибесі басым, екінші кезеңде аралас үлгі, қылмыстық-құқықтық және алдын алу шараларының қолданылуымен сипатталады және қазіргі соңғы деңгейде сыбайлас жемқорлықты болдырмау өте маңызды болып отыр. Бұл жемқорлықтың салдарымен емес, себептерімен және оның пайда болуына жасалған жағдайлармен күрес. Кезеңдердің әрқайсысында еліміз белгілі бір нәтижелерге жетті. Осылайша, ел Президенті тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан халқын жұмылдырып ғана қоймай, сонымен қатар, республикамыздың дамуына ауқымды басымдықтар берді, ол еліміздің сәтті дамуының негізі болды. Мемлекеттік тәуелсіздікті заң жүзінде ресімдегеннен кейін үш айдан соң сыбайлас жемқорлыққа қарсы бітіспес күреске басты саяси маңыздылық берілді. «Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 17 наурыздағы Жарлығының қабылдануы мен сыбайлас 7 жемқорлыққа қарсы саясатының құқықтық және институционалдық негіздерін қалыптастырудың есебі басталды. Осы жылдар ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қатарынан 7 мемлекеттік бағдарламалар іске асырылды. Алғашқы екі бағдарлама сыбайлас жемқорлықпен күрес кезінде басымдық ретінде экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимылды және жалпы құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды айқындады.
4. ҚОРЫТЫНДЫ
Тәуелсіздік жылдарында қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сай келетін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесі қалыптасты. Тарихта Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының қалыптасуын үш негізгі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бастапқы кезеңде әлеуметтікэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге басымдық беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес фрагменттік және эпизодтық сипатта болды. Екінші кезең ұлттық экономиканың қарқынды деңгейде өсуіне негізделіп, нәтижесінде бюджеттік түсімдер саны айтарлықтай артты, бұл олардың қолданылуын бақылау қажеттілігін талап етті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган құрылып, оның тәуелсіздігі және тікелей Мемлекет басшысына есептілігі қамтамасыз етілді. Аталған органның жұмысы бірінші кезекте нақты сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау мен олардың жолын кесуге бағытталды. Жаңа жаһандық тегеурінді талаптар мен жылдам өзгеріп келе жатқан әлеуметтік-саяси жағдайларды ескере отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қабылданды. Онда 2015- 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрініс тапқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері белгіленді. Оның ерекшелігі жемқорлықтың салдарымен күрес тәсілінен жемқорлықтың себептері мен жағдайларының алдын алу жүйесіне өтуі болып отыр. Осылайша, Стратегияны жүзеге асыруда екі жыл ішінде елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, әкімшілік кедергілер мен тұрмыстық сыбайлас жемқорлық мейлінше төмендеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы артты. Заң үстемдігі мен жазаның бұлтартпастығы қағидаларының іске асырылуы қамтамасыз етілді. Мемлекеттік қызметшілерді этикалық бақылаудың тиімді тетіктері қалыптасты. Мемлекеттік аппараттың айқын болуына қатысты элементтер енгізілді. Азаматтардың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі артып, мемлекет пен азаматтық қоғамның конструктивті диалогы реттелді. Сонымен бірге бұл кезеңде бірқатар стратегиялық міндеттерді шешу қажет. Бірінші кезекте, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою керек.
5 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Сыныптан тыс жұмыстар
Болашақ.Газет
Тәрбие құралы.Журнал