Ойыншықтар
Батыс Қазақстан обл.Казталов ауданы Көктерек ауылы
Сүндетова Жазира Мұхитқызы
«Арай»шағын орталығы
Ашық оқу қызметі «Ботақан» тобы 3-жас
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Білім беру бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Ойыншықтар»
Мақсаты: 1. Балаларды жаңа тақырыппен таныстыра отырып,ойыншықтар не үшін керек екені,ойыншықтар сөзі нелердің жалпы атауы екенін,олар неден жасалатыны туралы түсінік беру. 2.Балалалрдың ой-өрісін ,білімділігін,сөздік қорын дамыту. 3.Сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.Балаларға ұқыпты ,сындырмай ойыншықпен ойнауға,оларды өз орнына жинауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ыдыстар суреттері,теледидар,двд,диск,ойыншықтар суреттері,ойыншықтар түрлері.
Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Қайырлы таң достарым
Қайырлы таң қонақтар!
Тәрбиеші: -Балалар біз өткен оқу қызметінде «Ыдыстар» тақырыбында әңгімелеген болатынбыз.
-Мына суреттерде не берілген кәне атаймыз?
-Кәсе,қасық,шанышқы,тәрелке,қазан т.б.
-Дұрыс,жарайсыңдар
-Бұл заттарды жалпы қалай атаймыз?
-Ыдыстар
-Ыдыстар не үшін қажет?
-Тамақ әзірлеуге,тамақ ішуге.
-Ыдыстар неден жасалады?
-Шыныдан,ағаштан,қауырсыннан,металдан жасалады.
Ойыншық ыдыстарды көрсетімін.
-Ал ,мына ыдыстар неден жасалған?
-Бұл ыдыстар қауырсыннан жасалған
-Бұл ыдыстармен тамақ іше аламыз ба?
-Жоқ бұл ойыншық ыдыс.
-Өте дұрыс,балалар ал сендер осы ыдыс ойыншықтардан басқа тағы қандай ойыншық түрлерін білесіңдер?
-Қуыршақ,машина,доп,қоян,аю т.б.
-Бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы «Ойыншықтар»тақырыбында болмақ.
-Балалар мына қорапта қонжық пен қоян суреттері бар ,кәне әр қайсысымыз суреттерді таңдап алайық.Балаларды суреттерге сай екі топқа бөліп отырғызамын. Бірінші топ «Шығармашылық»орталығы ,екінші топ «Ойын»орталығы.
-Кәне ,айтыңдаршы сендер ұнататын ойыншықтар бар ма және оларды кім сыйлады?
(Әр бала өз ойын жеке –жеке айтып шығады)
-Сендер білесіңдер ме, ойыншықтар неден жасалады? (алдарына машина,доп,аю ойыншықтарын қоямын)
-Аю жұмсақ ойыншық-бұл мата мен мақтадан жасалған,машина қауырсыннан жасалған,доп резинадан жасалған.
-Кәне мына тақтадағы суреттерді атайық?
-Машина,қуыршақ, доп,күшік,поезд,ұшақ,пирамида.
Бұлардың бәрін жалпы ойыншықтар деп атайды.Кәне бірге қайталайық.
-Ойыншықтар
-«Шығармашылық»орталығына бояуға арналған дайын суреттер беремін. Балаларға суреттерде не берілгенін сұрау:
-Суретте не берілген?
-Қуыршақ.машина,доп суреттері.
-Бұлар жалпы не деп аталады?
-Ойыншықтар.
-Жарайсыңдар кәне енді өз қиялдарыңа ерік бере отырып суреттерді әдемі етіп бояйық.
– «Ойын »орталығына дәрігер,аспаз рөлді ойындары беріледі ,балаларға сұрақ:
-Сендерде нелер бар?
-Менде ыдыстар бар,менде дәрігер ойыншығы бар.
-Ыдыстармен не істейміз ?
-Тамақ әзірлейміз.
-Өте жақсы.
-Ал дәрігер ойыншығымен не істейміз?
-Ауырып қалған адамдарды емдейміз.
-Өте дұрыс жарайсың,ал енді осы ойыншықтармен ойнай қойыңдар.
Дидактикалық ойын: «Шеңберге қой»
Мақсаты: шеңбер сызылады,сыртына 3-4 ойыншық қойылады.Бір баланың көзі байланып,шеңберге ойыншықтарды қою керек.Дұрыс қойған балаға сыйлық беріледі,дұрыс қоя алмаған бала өзі білетін тақпақ немесе өлең айтады.
Екі топ ауысып отырып,жұмыстар атқарады.
Оқу қызметін қортындылауға сұрақ –жауап әдісін қолданымын:
-Бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?
-Ойыншықтар
-Ойыншықтар бізге не үшін керек?
-Ойнау үшін керек
-Өте жақсы балалар сізге көп рахмет,жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718