Үлес және бөлшек туралы түсінік

Пән: Математика
Орта мерзімді жоспар бөлімі:
2 A Бөлім: Үлестер
Күні:
Сынып: 3-сынып Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны: 26
Қатыспағандар саны: 0
Сабақ тақырыбы Үлес және бөлшек туралы түсінік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп беру, оларды оқу, жазу және салыстыру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар
Жай бөлшектерді оқу және жазу.
Бірқатар оқушылар:
Көрнекіліктерді пайдалана отырып бөлімдері бірдей жай
бөлшектерді оқу, жазу,салыстыру.
Кейбір оқушылар:
Көрнекіліктерді пайдалана отырып, алымдары бірдей
бөлшектерді салыстыру.
Бағалау критерийлері Бүтін зат, оның жартысы, бөлігі туралы түсінік. Натурал сандарды бөлу дағдылары туралы білімді меңгереді.
Тілдік мақсаттар Тілдік оқу мақсаты
Оқушылар:
• күнделікті өмірде толық пәннің бөлігі туралы білімді көрсете білу керек.
• оқу, жазу, бөлшектерді салыстыру
• санның үлесін табу, үлес бойынша сан Модельдеу,талдау
• Үлесті табуға құрама есептерлді өмірлік жағдайларда шамалардың арасындағы тәуелділікті талдау және шешу,
• пропорцияны құрастыру арқылы есептерді шығару
Пәндік лексика және терминология
• үлес, бөлшек, бүтіннің жартысы, жартысы, үштен бір бөлігі, төрттен бір бөлігі, алым, бөлгіш
• жартысы, үштен бір бөлігі, төрттен бір бөлігі, сағат/күн/жыл
• уақыт, күнтізбе, тоқсан
• компонент, пропорция, шамалар арасында тәуелділігі, формула, алгоритм
• жағдайды есепке модельдеу, пропорцияны құрастыру
• талдау, салыстыру
• күн тәртібі, уақытты үнемдеу
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Музыка, қазақ тілі.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Ресурстар Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
Бастапқы білім Бірінші тоқсанда алған білімдері бар.
Сабақтың барысы
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Жаңа топ құру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Мен күлгенді ұнатамын» ойын жаттығуы
Педагог балаларға:тұңжыраған жәнекөңілсіз,жабырқаған және ойланған көңілді және күлкілі;қайрымды және қуанышты,т.б.кейіпке еніп,бір бірімен рольге кіріп,адамдардың бейнесін келтіруге ұсынады.балалар айнаға қарап, әдемі ақкөңіл кейіпте күлімдейді.педагог осы «Мен күлгенді ұнатамын » жаттығуын күніне бірнеші рет қайталап көңіл күйді күлкімен көтеруге бола- тынын түсіндіреді. «Күлкі-көңіл күйдің сиқырлы кілті.Адам күлгенде өз көңіл күйін,өз денсаулығын жақсартады және айналасындағы адамдардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер береді.»
Асық арқылы бөлу
Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала
ры
Сабақтың ортасы Ширату тапсырмасы.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
Жаңаны ашу.1- тапсырмаға арналған суретті қарауды ұсынады.
–Алдыңызда тұрған күнтізбе. Ол неше бөлікке бөлінген? (12-ге).
–Бұл бөлікті қалай атайды? (Он екіден бір).
– Бір ай бір жылдың неше бөлігін құрайды? 1/12.
– Көктем айлары қандай бөлікті құрайды?
Математикада бұны былай жазуға болады: 3/12.
Мұғалім жазбаны торкөзде көрсетеді.
Бұл жазбаны бөлшек деп атайды. Сызықтың астындағы сан – бөлімі. Ол неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді. Сызықтың үстіндегі сан – алымы. Осындай қанша бөлікті алғанын көрсетеді.1- (ә) тапсырмаға қарауды ұсынады.
– Бір күн аптаның қандай бөлігін құрайды? 2 күн ше?(1/7, 2/7).
Әрі қарай мұғалім балалардан аптаның жұмыс
күндерін, демалыс күндерді бөлшекпен атауды және жазуды сұрайды.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Жұппен орындалатын практикалық жұмыс. Мұғалім балаларға жолақ қағаздарды таратады. Қағазды екіге бүктеп, содан кейін тағы бір бүктеуді ұсынады.
Жолақты ашуды сұрайды.
–Біз жолақты неше тең бөлікке бөлдік?(4 тең бөлікке бөлінді.)2-ші бөлігін бояуды, бөлшекті атауды, 3-ші бөлігін
бояуды – бөлшекті атауды сұрайды.
–Бөліктердің қайсысы үлкен?
Балалар қорытынды жасайды: бөлімі бірдей екі
бөлшектің қайсысының алымы үлкен болса, сол бөлшек үлкен болады.
Әрі қарай балалар 2- тапсырманы түсіндіре отырып орындайды.
Дескриптор:
Есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін пайдалана отырып, қосу және азайту амалдарын орындау біліктері, безендіру, түсініктеме беру, дәлелдеу, оқу тапсырмаларын шешуде болжамдар айтып, оларды тексеру қажеттілігін түсіну үшін математикалық көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбалар, схемалар, т.б.) түсіну және пайдалану білігі дамиды.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
Жаңаны қолдану.
4- тапсырманы балалар өз беттерімен орындайды. Мұғалім 6- практикалық тапсырманы жұппен орындауды ұсынады. Содан кейін мұғалім дәптердегі қалыптастырушы бағалауы бар тапсырманы орындауды тапсырады.
Мен:
– суреттен бөлшекті көрсете аламын;
– бөлшектерді жазамын;
– бөлшектерді салыстырамын.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырмалары.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
«СМС» кері байланыс.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,
толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтан алған әсерлерін хабарлама арқылы ұстазға оқып береді, немесе қалдырады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген
кезеңінде қолданыла алады. Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылат ын
Қауіпсіздік техникасы
ережелерінің тармақтары.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да
ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың
жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу
қажет?

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *