Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ұйымдастырылған курс туралы пікір

Жаңартылған білім беру мазмұныны бойынша ұйымдастырылған курс туралы пікір.

Мен ұстазбын! Мен педагогпын! Мен зерттеушімін! Мен жас ұрпақты келешекке жетелеп апаратын тәрбиешімін!
Тәрбиеші бұл не деген сөз? Неге осылай аталған?Естігенде қарапайым сөз сияқты, ал мағынасына үңілсек терең – ой жатыр.Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын, ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс,парасаттылық қажет.Мен өзіме ұнайтын, жаныма жақын мамандық иесі екенімді мақтан тұтамын. Еңбек ету жолында білімімді ары қарай шыңдау үшін мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру курсына барып келу арманым еді.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы бойынша білім беру бағдарламасы аясында жаңартылған оқу бағдарламасы курсын оқып келіп жатқан әріптестерімді көргенде қызығатынмын. Шіркін – ай мен қашан осы курсқа барар екенмін деп ойлайтын едім. Көптен күткен сол күнде келіп жетіп, «Назарбаев Зияткерлік мектептері педагогикалық шеберлік орталығының» базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған мемлекеттік курсына қатыстым. Бұл курсқа келгенде басты мақсатым жаңа формация педагогы болу, оқытудағы педагогикалық қоржынымды әр- түрлі жаңа әдіс- тәсілдермен толықтыру болатын .Менің бұл курстан алған әсерім өте көп болды.Қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен ерекшеліктер балаларды тек біліммен қаруландырып қана қоймай, бала ,педагог,ата- ана қажеттілігін басты назарға ала отырып, білім мазмұнын жаңартуға негізделген. Алғашқы күннен ақ курс өте қызықты,тез өтті..Мәліметтер жаңаша, ынталандырарлықтай болды. Педагогтарға арналған нұсқаулықпен таныса отырып,жұмыс жасалынды. Бізге көптеген тапсырмалар берілді. Берілген тапсырмаларды сол уақытта бітіруіміз талап етілді. Үнемі топқа бөліне отырып,орындарымызды ауыстыра отырып,топта бір- біріміздің ойымызбен бөлісіп, ақылдасып, ортақ шешімге келіп жүмысымызды қорғай білдік. Маған топпен жұмыс жасаған ұнады. Себебі топпен жұмыс жасағанда әріптестер арасында байланыс орнығатынына көзім жетті. Бұл нені білдіреді? Бұл топтық жұмыс өте тиімді екенінің дәлелі. Топта бір-бірлеріне деген сыйластық, ауызбіршілік, бір-бірінің ойымен бөлісу ,басқаның ойымен келісіп жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады.
Бағдарламаның оқу-жоспары «Белсенді оқыту», «Модельдеу», «Тиімді оқыту және оқу тәсілдерді»т.б сынды тақырыпта тапсырмаларды топппен тиянақты орындау арқылы, топтық жұмыс кезінде атқарған тапсырмалар тек нәтижеге бағытталу керектігін ұқтым. Сондай-ақ, қысқа мерзімді оқу қызметінің жоспарын және бағалау критерийлерін үйрендім.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында спиральдық шиыршық қағидатының мәнін түсіндім. Модель 4К, Бала үнін өзімнің тәжірибемде қолданамын деп шештім. Себебі бұл да баланың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді. Жаңартылған білім мазмұны ол баланы шығармашылық қабілеттерін, ұйымшылдыққа, сөздік қорларының дамуына көп пайдасын тигізеді. Осы бағдарлама аясында енді мен ескі дәстүрмен жүре бермей,жаңартылған мазмұнының айырмашылығын білетін болдым. Осы бағдарламаға сүйене отырып ұймдастырылған оқу іс-қызметтер,іс- шаралар болашақта балалардың белсенділігін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылықтарын, өздерінің құрдастары және ересектермен қарым-қатынас біліктіліктерін дамытуға бағытталғаны айқын көрініп тұр. Курста үйренген әдіс тәсілдерді алдағы уақытта тиімді қолдана алатыныма сенімім мол. Себебі ол менің қолымнан келеді.
Менің алдымдағы әр бүлдіршіндерім ең басты досым, менің сенімім және ар ожданым.Әр адамның ішкі жан дүниесінде қоңырау болады. Егер де сол қоңырауды қозғаса адам өте әсем ,өте сұлу сыңғырлап өзінің жан дүниесіндегі бар жақсылықты шығара біледі. Мен де өзімнің әр бүлдіршінімнің жан дүниесіндегі қоңырауды оятқым келеді.
Ендігі мақсатым, осы үйренгенімді жүзеге асыруға асығыстамын. Білімді де, білікті, өмірден өз орнын таба білетін,білімін тәжірибе де қолдана алатын,жан -жақты дамыған тұлға тәрбиелеймін.
Сонымен үнемі кәсіптік біліктілігін артып,жаңашылдыққа ұмтылған педагог қана шығармашылықпен, зор қуатпен еңбектенеді. Себебі, әлем таныған елде рухани -бай және интелектуалды тұлғалар мекендеу қажет.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.Аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *