Теңге. Монета және қағаз ақша

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3В бөлім. Көбейту жəне бөлу.

Жамбыл облысы,Меркі ауданы

             Мектеп: №28 ЖББМ

Мұғалімнің аты-жөні:  Күдербаева А.Ж.

Ортақ тақырып: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Сынып: 2

Күні: 22.02.2019ж.

Қатысқандар:30   Қатыспағандар:0
Сабақтың тақырыбы Теңге. Монета және қағаз ақша
Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сілтеме)

2.1.3.6. 50 тг, 100 теңгелік монеталарды, 200 тг, 500 тг

купюраларды ажырату жəне түрліше төлем жасау.

Сабақтың  мақсаты •50 тг, 100 теңгелік монеталарды, 200 тг, 500 тг қағаз ақшаларды ажыратады.

•50 тг, 100 теңгелік монеталар, 200 тг, 500 тг қағаз ақша жинағын ұсақтай алады.

•күнделікті өмірдегі есептесулерде монеталармен жəне қағаз ақшалармен түрліше төлем  жасайды.

Бағалау критерийі 1. 50тг, 100тг, 200тг, 500 теңгелік ақшаларды купюраны ажыратады.

2. Көрсетілген соманы ұсақтай алады жəне жинақтай алады.

3.Құны әр түрлі ақшалармен төлем жасайды,дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар  Тірек сөздер: теңге, монета, қағаз ақша.
Пəндік лексика жəне терминология:

монеталар, купюра.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Рөлдік ойындар ойнау:  дүкенші мен бала

Талқылауға арналған сұрақтар:

–          Теңге дегеніміз не?

–          Бізге ол не үшін қажет?

–          Қай кезде қолданамыз?

Құндылықтарға дарыту Сын тұрғысынан ойлайды, ынтымақтастық қалыптасады,  деректерді өңдейді, «Теңге ілу» ойынын ойнау арқылы қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастырады.
Пәнаралық байланыс Рөлдік ойындар ойнау «Дүкенші мен бала» әдебиеттік оқу, дене шынықтыру пәнімен байланысады..
Акт қолданудағы  дағдылары Интербелсенді тақта бейнеролик https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/2-synyp/monetalar-kupyuralar
Бастапқы білім «Пазл»  әдісі. 1 сыныпта өткен теңге, монета және қағаз ақша еске түсіру.
 

Сабақ барысы:

 

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта  жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі.

«Менің көршім» ширату жаттығуы.

Оң жағындағы, сол жағындағы көршісімен құшақтасып,сәттілік тілейді.

Теңге арқылы топқа бөлу.

1 топ –  монета.

2 топ –   қағаз ақша

3-топ – 500 теңге

«Пазл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді. Осы әдіс арқылы оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдері тексеріледі.

–          Теңге дегеніміз не?

–          Бізге ол не үшін қажет?

–          Қай кезде қолданамыз?

ҚБ: Әрбір топ өзінің сұрақтарына берілген жауаптарын қошемет беру арқылы бағалайды.

(М) Жаңа тақырыпты таныстырылым арқылы түсіндіремін.

Жаңа тақырыпты ашу мақсатында  теңге, монета, қағаз ақша туралы бейнежазба көрсетемін.

«Кинометафора» әдісі арқылы бейнежазбадан көргендерін топта талқылау.

1.Теңге қай жылы шықты?

2. Ақшада не бейнеленген?

3. Өмірде ақшаны не үшін қолданамыз?

ҚБ:  «Бағдаршам» арқылы бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

 

 

«От шашу»

 

 

Оқулық  2 сынып

Бейнежазба, Теңге тарихы

https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/2-synyp/monetalar-kupyuralar

 

Монеталар жəне купюралар. Сабаққа арналған тұсаукесер.

Әртүрлі тақырыптық суреттер

Өзара бағалау.

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Оқулықпен жұмыс:

Тапсырма №1 Тәжірибелік жұмыс. Жұппен орындалады.

1-ден 7-ге дейін санап жұптасады.

1000, 500, 200 теңгелерді монеталарға ұсақтайды.

  Тапсырма №2 

«Теңге ілу» ойыны

Ойынға қатынасушылар әрқайсысы жеке-жеке атқа мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, теңгені іліп алып, әрі өтіп кетеді. Ұпай әр сайыскердің іліп алған теңге санына қарай есептеледі.

«Фасоль салынған дорба» әдісі арқылы қапшықтарға салынған теңгені топқа лақтырамын, қағып алған үш оқушының монеталарын санайды, анықтайды, салыстырады.

 

   Дәулет  Қанат   Самат

1.Әр балада неше монетадан бар?

2.Әр балада неше теңге бар?

3.Қайсысының монетасы бәрінен артық?

4.Қайсысының ақшасы бәрінен аз?

Дeскриптор

1.Монеталардың артық не кем екенін табады,түсіндіреді.

2.Нәтижeгe жeту үшін орындалатын теңдік және теңсіздік  құрады,салыстырады.

ҚБ: «Басбармақ»

Тапсырма №3 (ж) Диалог және қолдау көрсету тәсілі.

«Ойлан, жұптас,бөліс» әдісі

Есептерді шығар. Неше кері есеп құрастыруға болады? Олардың біреуін шығар.

а) Әмиянда 100 теңге және 50 теңгеліктен 4 монета бар. Барлығы неше теңге болады?

ә) Санжар а) есепте берілген әмияннан 50 теңгеліктен 2 монета және бір 100 теңгелік алды. Әмиянда неше теңге қалды?

Дескриптор:

1.Есептің шартын құрастырып оқиды,жазады.

2.Есептің шешімін табады.

3.Жауабын жазады

Дәптермен жұмыс.

Дəптердегі  тапсырма бағалау критерийлерін қолданумен орындау ұсынылады. Оқушылар есептерді өздері шығарады. Артық ақшаны қайтарып беруге болатын монеталарды қоршайды.

 

 

Оқулық жəне дəптер.

 

Үш түрлі конверттерге купюралар салынады »

 

 

 

 

«Теңге салынған дорба»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Карточкалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дүкенде» сюжеттік-рөлдік ойыны.

  Дeскриптор

1.      Көрсетілген сомаларды жинақтай алады.

2.      Артық ақшаны есептейді, дәлелдейді.

Мадақтау арқылы бағалап отырамын.

Бала. – Сәлеметсіз бе!
Дүкенші: – Сәлеметсің бе!
Бала: – Маған 50 теңгеге дәптер беріңізші?
Дүкеші былай дейді:- Балақай сенің жасың нешеде?
Бала: – Менің жасым жетіде.Мен 2 сыныпта оқимын.
Дүкенші: – Жарайсың! Сен маған 200 теңге бердің, мен саған неше теңге қайтаруым керек екенін білесің бе?
Бала: – Әрине, білемін. Маған 150 теңге қайтаруыңыз керек.
Дүкенші: – Тамаша! Сау бол!
Бала: – Сау болыңыз!

 

«Дұрыс және бұрыс тұжырымдар»  тәсілі

– Теңге дегеніміз не?
– Ақшада не бейнеленген?
– Ақшаның қалай ұстауымыз керек?
– Ақша қалай келеді?

– Ақшаның бізге керегі бар ма?

Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әртүрлі заттар

«Дүкен»

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақтада жазылған сұрақтар.

 

 

 

 

Стикерге жазып іледі.

  Қосымша мәліметтер  
Саралау – Сізқандайтəсілмен

көбірекқолдаукөрсетпексіз?

Сізбасқаларғақарағанда

қабілеттіоқушыларға тапсырмаларбересіз?

Бағалау – Сіз

оқушылардың

материалдыигеру

деңгейінқалайтексеруді

жоспарлапотырсыз?

Пәнаралық байланыс. Денсаулықжəне

Қауіпсіздік техника

сын сақтау.АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс

Саралау тапсырмалар беру арқылы «Пазл» әдісі, «Кинометафора» әдісі, «Дұрыс және бұрыс тұжырымдар» Әдебиеттік оқу.

Дене шынықтыру. Сілтеме материалдар.

Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, әрқайсысы өз идеясын ұсынуға мүмкіндік беретіндей  топтық жұмыстарды ұйымдастырамын. Қабілеті жоғары оқушылар бар топтың тапсырмасын күрделі етіп беруге тырысамын.

Қабілеті жоғары оқушы мен қабілеті төмен оқушыларға қарқын тәсілі арқылы бір- біріне қолдау көрсету мақсатында  жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастырамын. Теңге. Монета және қағаз ақша туралы, шығу жолдарын табу арқылы оқушыларыдың ой-өрісін кеңейтуге қол жеткіземін.  Өзара сұрақ алмасуға,  өткенді талдауға және қорытынды жасауға қол жеткіземін.

 

Тапсырмаларға берілген дескрипторлар арқылы оқушыларды бағалаймын. Сұрақтарды ауызша талқылау барысында оқушылардың жауаптарын қадағалап,  смайликтер беріп отырамын. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігіне қарай мадақтаймын. Топтық бағалауды қолданамын. Кері байланыс арқылы өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын.

 

Қб «Басбармақ»

Қб «От шашу»

Қб «Бағдаршам»

Кері байланыс «Бағалау терезесі»

Техника қауіпсіздігін, өмір қауіпсіздігін сақтауды ескертемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *