Аса қауіпті жұқпалы аурулар. Оба. Туляремия.
Әзірлеген: Жұқпалы аурулар пәнінің оқытушысы: Абдурахманова К И
Туляремияның табиғи ошақтары
Сол себепті болашақ медицина қызметкерлері ретінде аса қауіпті ауру ошақтарын, ауру себептерін, клиникасын, диагностикасын, емін, ошақта жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтауды білуіміз қажет.
Кейс-стади технологиясы
Бұл әдіс өмірде кездесетін жағдайды талдауды қажет ететін, тек белгілі бір мәселені ғана шешіп қоймай, сипаттау барысында сонымен қатар осы мәселені шешуге қажетті білімді қайта еске түсіруге, тәжірибе жүзінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бір ерекшелігі бұл әдісте алынған жағдай бір шешімді емес, бірнеше шешім болуы тиіс. Бұл әсіресе болашақ медицина қызметкерлеріне салыстырмалы диагноз қоюды үйретуде ұтымды әдіс болып табылады.
Кейс-стади технологиясын интерактивті оқыту әдісі ретінде пайдалану студенттер тарапынан позитивті қабылданумен ерекшеленеді, оның себебі оқыту барысында теория кезінде алынған білімді іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік беретін ойын ретінде қабылдануына байланысты. Сонымен қатар жағдайды талдау студенттерге кәсіби қызығушылықты арттыруға, есеюге, оқуға деген позитивті мотивацияның қалыптасуына көмектеседі.
Сабақтың жоспары
Тақырыбы: Аса қауіпті жұқпалы аурулар,оба,тулеремия.
Сабақтың түрі:практикалық
Сабақтың әдісі: аралас (шағын топтармен жұмыс жасау әдісі,жаңа материалдарды меңгеру және пысықтау әдісі,ауызша сұрау,иллюстративті түсіндіру,ойын әдісі, студенттердің өзіндік жұмысы)
Сабақтың өтетін орны: ауруханаға дейінгі сабақ
Оқушы саны:12
Сабақтың ұзақтығы:270 минут
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
• Студенттердің клиникалық ойлау қабілетін дамыту.Интернет және қосымша білім көздерімен жұмыс істеуге баулу.
Сабақтың оқыту мақсаты:
· Оба, туляремия ауруларына түсініктеме
беру,этиологиясын,патогенезін,клиникасын,диагнозын,емін және аса қауіпті жұқпалы аурулармен жұмыс жасағанда алдын-алу шаралары туралы білім қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
· Студенттердің деонтология ережелерін қатаң сақтауға үйрету.Адамгершілікке, кішіпейілділікке, мейірімділікке, шеберлікке, сабырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: CD диск,интерактивті тақта, проектор, DVD, тесттер, кейс жағдаяттар, тапсырмалар,қызба парағы, дәрі-дәрмектер, слайдтар, оба және туляремияның таралуы және жөнінде фильмдер, бөксе фантомы, қол фантомы, обаға қарсы қорғану киімі, жгут, спирт, мақта, шприцтер, шпатель, бикс, залалсыздандырылған пробиркалар.
· Пән аралық байланыс:
· 1. Ішкі аурулар пропедевтикасы
· «Науқастарды субъективті және объективті тексеру»
· 2. Мейірбике ісі негіздері тақырыбы «Халі ауыр жағдайдағы науқастарға күтім жасау ерекшеліктері»
· 3. Қалыпты анатомия тақырыбы «Тыныс алу жүйесі»
· 4. Микробиология,вирусология тақырыбы «Аса қауіпті инфекциялар»
· 5.Фармакология тақырыбы «Антибиотиктер»
· 6. Патологиялық физиология «Қабыну»
Пән ішілік байланыс:
«Аса қауіпті инфекциялар», «Жұқпалы аурулардың диагностикасы»,«Жұқпалы ауруларды емдеу,күту»,«Жұқпалы аурулардың алдын алу», «Жұқпалы аурулар бөлімінің құрылымы», «Сібір жарасы», «Конго кырым геморрагиялық қызба»,
Сабақтың хронкартасы
I.Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
II. Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру 3 мин
III. Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау 70 мин
IV. Студенттердің өзіндік жұмысы 90
V. Студенттердің теориялық – практикалық білімін бақылау 90 мин
а)кейс сұрақтар арқылы бағалау 10
б)тест арқылы 10
в)ситуациялық есептер шығару-10
г)практикалық іс-әрекеттерді меңгеруін тексеру 60
VI. Сабақты қорытындылау 10 мин
VII. Үйге тапсырма 5 мин
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі 2-3 мин
Оқушылармен амандасу,аудитория тазалығы мен оқушылар қатысын тексеріп, журнал толтыру.
II.Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру 2-3 мин
Сабақ тақырыбының мотивациясына тоқталып, оны студенттердің болашақта клиникалық пәндерді үйренудегі маңыздылығы айтылады.Студенттерді сабақтың жоспары мен студенттерді бақылау критерийлерімен таныстырып, топты «инфекционист», «эпидемиолог» микротопшаларына бөледі.
III. Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау
Бұл бөлімде дағдылардың тізімі айтылады.Екі топшаға обаға қарсы киім туралы, киімді кию және шешу реттілігі, дағдыларды жасау техникасы көрсетіледі.
IV. Студенттердің өзіндік жұмысы
Студенттерге тәжірибелік дағдыларды орындау үшін обаға қарсы қорғану киімі, зерттеуге материал алу жинағы, антибиотиктерді егу техникасын көрсетуге фантом, үлестірмелі материалдар тарқатылады. Әр топшаға арнайы пакет тапсырмалар. Әр пакетте төрт тапсырмадан бар.
V. Студенттердің теориялық – практикалық білімін бақылау:
а) интерактивті тақтада кейс сұрақтар беріледі. Сұрақтар дәрежесіне қарай бөлінген.
б) тест арқылы білімдерін бақылау. Үш нұсқада тест тапсырмалары беріледі.
в) оқушылардың клиникалық білім деңгейіне анализ жасау, өз іс-әрекетін бақылау мақсатында «Оба», «Туляремия» тақырыптары бойынша екі топшаға ситуациялық есептер беріледі.
г) практикалық іс-әрекеттерді меңгеруін тексеру. Әр топшаға арнайы берілген пакет тапсырмалар бойынша іс-әрекеттерді тексеріп, қатесін түзейді, білімдерін толықтырады.
VI. Сабақты қорытындылау 10
Оқытушы сабақты қорытындылау кезінде топ оқушыларының сабаққа дайындығы жөнінде жалпы баға береді.Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың жетістіктерін айтып мадақтайды.Оқушылардың бағаларын айтып, журналға тіркейді.
VII. Үйге тапсырма
Тақырыбы: АИТВ инфекциясы. С.Қ.Мұратбекова Н.С.Серғалиева «Жұқпалы аурулар мейірбикелік күтім курсымен»
Студент білуі тиіс:
· Оба, туляремия ауруларының аса қауіпті ауру ретінде сипаттамасы;
· Оба, туляремия қоздырғыштарын және олардың ерекшеліктерін;
· Эпидемиялогиясын
· Оба, туляремия клинико – патогенетикалық жіктемесін, клиникалық ерекшеліктерін;
· Аса қауіпті жұқпалы аурулар госпиталінде медицина қызметкерлерінің жұмыс жасау тәртібін;
· Оба, туляремия диагностикасын;
· Оба, туляремияның емдеу принциптерін және науқастарды күту;
· Алдын-алу шаралары: ауруларды ерте анықтап, оқшаулау,қарым-қатынастағыларды және сезікті кісілерді оқшаулау.
Студент игеруі тиіс:
· Төтенше хабарлама толтыруды;
· Науқастарды боксқа оқшаулауды;
· Науқастарды сұрастыруды;
· Обаға қарсы киім киюді;
· Обаға қарсы киім шешуді;
· Обаға қарсы киімді зарарсыздандыруды;
· Көк тамырдан қан алуды;
· Антибиотикті ерітуді.
· Бұлшықетке егу жасауды;
· Дене қызуын өлшеуді;
· Дене қызуы көтерілген кезде көмек көрсетуді;
· Қан кету кезінде көмек көрсетуді;
· Зерттеуге материал алуды(пунктат, қақырық)
· Күнделікті және қорытынды залалсыздандыру жасауды;
· Ошақтағы эпидемияға қарсы іс–шараларға жоспар жасау.
Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:
Негізгі: 1. Булкина И.Г. Покровский В.И Инфекционные болезни с уходом за
больными. Основы эпидемиологии М.Мед 1991г.
2. Бунин К.В. Инфекционные болезни М.Мед 1986г.
3. Насухин Ш.Б. Жұқпалы аурулар эпидемиологиясы Ақтөбе 2006ж.
Қосымша: 1. Михайлов А.А Исаев Л.А и др. Справочник фельдшера в 2-х
томах М.Мед 1990г.
2.Е.П.Шувалова. Инфекционные болезни М.Мед 1990г.
3.Палеев Н.Р. Справочник инфекциониста М.Мед 1998г.
4.Б.К.Ілиясов эпизоотология микробиология негіздерімен А.2003ж.
5.Исаханов А.Х. Жұқпалы аурулар (оқу құралы) 2007ж.
Ғаламтордағы WEB сайттар:www.google.ru,www.yandex.ru, www.doctor.ru
«Инфекционист» топшасы
№ |
Бағалау критерийлері
Аты–жөні |
Теория лық білімі |
Тәжірибелік дағды бойынша |
Тесттің нәтижесі |
Кейс жағдаяттар топша бағаланады |
Белсенділігі |
Қорытынды баға |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
«Эпидемиолог» топшасы
№ |
Бағалау критерийлері
Аты–жөні |
Теориялық білім |
Тәжірибелік дағды бойынша |
Тест, Кейс есеп шешу |
Пысық тау бойынша |
Белсенділігі |
Қорытынды баға |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
III Студенттердің теориялық білімін бақылау 30-минут
Сабақтың бұл бөлігінде интерактивті тақтада кейс сұрақтар беріледі. Сұрақтар дәрежесіне қарай бөлінген.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718