“Күз береке”
«Ақтолқын» бөбекжай балабақшасы
Тақырыбы:
(күз мерекесіне арналған ертеңгілік)
«Құлыншақ» І кішілер тобы
Тәрбиеші: Сұлтангереева А.Б.
2019-2020 оқу жылы
Тақырыбы: «Күз береке».
Мақсаты: Балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты дамыту.Ата-аналардың ұйымшылдық әрекетін, досшылдығын, өзгешеліктерін дамыту.
Жүргізуші:
-Армысыздар,құрметті ата-аналар,балалар!
Жиылған қауым,армысыздар бәріңіз,
Келіп жетті алтын дәнді сары күз.
Бірге болып қуанышта бәріңіз,
Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз.
-Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймыз! Бүгін күз мерекесіне орай ата-аналардың қатысуымен өткелі отырған сайысымызға келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізбен және шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайысқа қатысушылар:
1.Маликаның анасы-Мөлдір.
2.Раянаның анасы-Жанаргүл.
3.Нұрайдың анасы-Сатханым.
Сайысымыздың шарттары:
1.Таныстыру-сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді.
2.Қолөнер-сайыскерлер өздерінің жасаған қолөнер бұйымдарын қорғайды.
3.Өз өнерін көрсету-сайыскерлер дайындап әкелген өнерлерін ортаға салады.
4.Сұрақ-жауап-бұл бөлімде сайыскерлерге сұрақ-жауап алмасу.
5.Үй тапсырмасы-үйден дайындап әкелген тағамдарымен таныстырады.
-Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,-дей келе,алғашқы болып өзін таныстыратын Маликаның анасы-Мөлдір.
Келесі Раянаның анасы-Жанаргүл.
Келесі Нұрайдың анасы-Сатханым.
-Сайысымыздың екінші бөлімі «Қолөнер». Сайыскерлер өз қолынан жасап әкелген қолөнерлерін ұсынады.Және таныстырып өтеді.
-Келесі шартымыз «Өз өнерін көрсету» Әр қатысушы өздерінің өнерлерін ортаға салады.
-Төртінші шартымыз «Сұрақ-жауап».Сайыскерлер алдарындағы қағаздарды суырады.Және ондағы сұрақтарға береді.
Сұрақтар:
1.Менің атым Самат.Менің әпкемнің бір ғана інісі бар?Оның есімі кім?
(Самат).
2.Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса,бөлмеде неше мысық отыр?
(4 мысық).
3.Үстел үстінде 3 стакан шие тұр.Марат бір стакан шиені жеп қойды.неше стакан қалды?
(3 стакан).
4.Екі бала шахматты екі сағат ойнады.Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
(2 сағат).
5.Допты лақтырғанда доп сол ізімен кері қайту үшін,оны қалай лақтыру керек?
(жоғары).
6.Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар.Бірінші не жағасыз?
(шырпы).
7.Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді.Ауылға неше машина бара жатыр?
(бір мотоцикл).
8.Қандай ыдыспен тамақ ішуге болмайды?
(тамағы жоқ ыдыспен).
-Соңғы шартымыз «Үй тапсырмасы».Қатысушылар үйден дайындап әкелген ас тағамдарын ұсынып,таныстырып өтеді.
Билер:
-Қатысу да бір жеңіс
Жан болсаң сен ұғатын,-дей келе,сайысымызды қорытындыласақ.
-Осымен бүгінгі «Күз береке» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.Ата-аналар бүгінгі сайысымызға атсалысып,қатысқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.Көңіл қойып,тыңдағандарыңызға рахмет!