Ұйымдастырылған оқу қызметі, Тақырыбы: «Кірпіге арналған әшекейлер»,«Күйкен бөбекжайы» МКҚК Тәрбиеші: Омуркулова Ж

Мақсаты:  Кірпіге  арналған әшекейлерді жапсыруға қызығушылықтарын арттыру, желіммен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Қағаз бетінде кеңістікті бағдарлай білу іскерліктерін дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:  әр топқа дайын үлгідегі кірпі, алма, саңырауқұлақ суреттері, желім, сулық, қажетті құралдар.

Сөздік жұмыс: кірпі, алма, саңырауқұлақ.

Билингвальді компонент: кірпі – ёжик, алма яблоко,  саңырауқұлақ – грибы.

Оқу қызметінің

кезеңдері

 

                Тәрбиешінің  қызметі

 

Балалардың қызметі

 

Мотивациялық

қозғаушылық

 

 

 

Балаларды шеңберге тұрғызады.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң, апайлар,

Қайырлы таң, достарым!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста не жауады?

Балалар шеңберге тұрып, шаттық шеңбер құрады.

Педагогпен бірге өлең жолдарын қайталап айтады.

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Ұйымдастыру

шылық ізденістік

 

 

 

Ғажайып сәт.

Есік қағылып, Қоян кіреді. Амандасады.

-Балалар, таңертең есік алдынан мына хатты тауып алдым. Хатты сендерге тәрбиешілерің оқып берсін.

Тәрбиеші хатты оқиды.

Хатта:

«Кірпі өзінің туған күніне достарын шақырып, дастархан әзірлеп қойған екен. Кенет қатты жел тұрып, дастарқан үстіндегі алмалар мен саңырауқұлақтарды ұшырып әкетіпті. Достарын күтіп отырған Кірпі не істерін білмей, мұңайып отыр. Ол сендерден өзіне көмек беруін өтініп сұрап отыр».

Тәрбиеші:

-Балалар,Кірпіге  көмектесемізбе?

Өйткені, оның туған күні екен. Балалар, біздерде Кірпіге сыйлық жасап берейік.

-Балалар, Кірпі не жегенді ұнатады?

-Дұрыс айтасыңдар, алма мен саңырауқұлақты.

Сөздік жұмыс: кірпі, алма, саңырауқұлақ.

Билингвальді компонент: кірпі – ёжик, алма яблоко,  саңырауқұлақ – грибы.

-Балалар, Кірпі орманда және кез келген жерде   де тіршілік ететін жануар.

-Балалар, Кірпінің үстінде нелері бар екен?

Дұрыс айтасыңдар, оның тікенектері өте  қауіпті. Кірпі өзіне қауіп төнгенін білсе, тікенектерін тікірейтіп, жауынан қорғанады.Кірпі жемістер мен көкөністерді қорек етеді.

Суретпен жұмыс.

Тақтадағы суретке балалардың назарын аударады.

Тақтада Кірпі , оның тікенектерінде алма мен саңырауқұлақ бар.

Қоян:

-Балалар, ендеше сендер Кірпіге көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші:

-Көмектесу  үшін біз дайын Кірпінің суретін алдымен әртүрлі тәсілдермен безендіреміз, сосын оның үстіне алма мен саңырауқұлақты жапсырамыз. Енді балалар пішіндер бойынша үш топқа бөлінеміз.

1-топ

Жұмыстың орындалу ретімен таныстырады.

1.      Дайын алма суретін аламыз, суреттің ақ жағына желім жағамыз.

2.      Желімді жағып болған соң, үлгідегі суретке мұқият қарап, дәл сол орынға жапсырамыз.

3.      Енді саңырауқұлақты алып, оның да ақ жағына желім жағып, үлгі суреттегідей жапсырамыз.

4.      Желімдеп болған соң, үстінен қолымызбен басып, тегістеп шығамыз.

5.      Жұмысты аяқтап болып, қолымызды сулықпен сүртеміз.

Қоян  мен тәрбиеші балалардың жұмысты орындау процесін бақылап, қажет жерінде бағыт беріп отырады.

Сергіту сәті

Қоян  досым орманнан,

Алма теріп әкелді.

Қуанғаннан мәз болып,

Досыма бердім таратып.

Жеке жұмыс.

Жеке жұмысты қажет ететін балаларға көмек береді.

Тәрбиеші:

-Балалар, жұмысымызды аяқтаған болсаңдар, қане, қарап көрейік.

Балалардың жұмыстарын бір-біріне көрсетеді.

Тәрбиеші:

-Міне, Қоянжан балалар, Кірпіге арнап өз сыйлықтарын жасады. Сен енді балалардың сыйлықтарын Кірпіге жеткіз. Достарына берсін.

Қоян:

-Балалар, жарайсыңдар, Кірпі досым қуанып қалатын болды. Сендерге көп рақмет. Менің де сендерге орманнан ала келген сыйлығым бар. Ол мына себет ішінде.

Қоян  балаларға себеттен алып алмаларды таратады.

Қоян  балалармен қоштасып, орманға кетеді.

 

Балалар Аюды көріп қуанады, қызығушылық танытады.

 

 

Хатты мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

-Иә.

 

 

-Алманы, саңырауқұлақты.

 

Қайталайды.

Қайталайды.

 

Педагогті мұқият тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

Суретке назар аударады.

 

 

 

-Иә, көмектесеміз.

 

 

 

 

 

Жұмыстың орындалу реттілігін мұқият тыңдап, орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінге сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

 

 

 

 

 

Жұмысты аяқтап, бір-біріне көрсетеді.

 

 

Балалар қуанады.

 

 

Сыйлықтарды алып мәз болады.

 

Қоянмен қоштасады.

 

 

 

Рефлексифті

түзетушілік

 

 

 

Қорытындылау.

Сұрақтар қояды:

-Балалар, бізге қонаққа кім келді?

-Біз кімге көмектестік?

-Біз Кірпіге нелерді жасап бердік?

-Қоян  бізге не берді?

Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтайды.

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Күтілетін нәтижелер:

Нені білу керек:  кірпінің тіршілігі туралы, қорегі туралы;

Нені игереді:   дайын пішіндерді үлгі суретке қарап жапсыруды, желіммен жұмыс жасауды;

Нені меңгерді:  үлгі суретпен салыстырып, жұмыс жасауды, жұмыстың орындалу реттілігін.

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *