Үй жануарлары

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІ.   АШЫҚ САБАҚ.

 Технологиялық конспектіні  толтырған тәрбиеші: Самудинова.Л.С.

Білім  беру  саласы : ҚАТЫНАС

Оқу  іс-әрекеті  :  Тіл дамыту

Тақырыбы  :Менің сүйікті үй жануарларым.

Мақсаты :Үй жануарларын ажырата білу.

Білімділік:  Балаларға үй жануарларын танып,төрт түліктің төлдері жайлы бала-ға түсінік беру,жұмбақ жасыру,тақпақтар оқу,үй жануарлары мен жабайы аңдарды суреттер арқылы ажыратуға үйрету.

Дамытушылық:Төрт түлік жайлы түсініктерін кеңейту ұғымдарын толықтыру,байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру,сөздік қорын байыту,тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік:Балаларға жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып,олардың төлдерін дұрыс атай білуге ,оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы : ешкі-коза,қой-баран,сиыр-корова,түйе-верблюд.

Технологиялық камтамасыз ету: төрт түліктің суреттері,төлдер,жабайы аңдар.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,топтастыру,сергіту жаттығулары,көрнекілік әдісі.

 

Кіріспе бөлімі:

Шаттық шеңбер:

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің данасы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Төрде отырған көп қонақтармен бәріміз бірге амандасайық

Негізгі бөлім:

 

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін тауып тақтаға жануарлардың суреттерін іліңдер.

Кішкене ғана жүні  бар,

Айналдырып киген тоны бар.(Қой).

 

Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар.(Түйе)

 

Айран берген,құрт берген,

Шелек-шелек сүт берген

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қандай мал кім берген?(Сиыр)

 

Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар

Бірақ тағы сақалы бар.(Ешкі)

 

Билингвальдық компонент:Сиыр-корова,ешкі-коза,қой-баран,түйе-верблюд.

 

Балалар үй жануарларының пайдасы зор,сендер олардың  пайдасын,түстерін сипаттап көрсетіп ,суреттерді ілейік.

-Сиыр

сүт,ірімшік,май,құрт береді.Шұжық жасайды.

-Ешкі

сүті пайдалы,жүнінен шұлық тоқиды.

 

-Қой

еті дәмді,терісін илеп тон тігеді,жүнінен киіз басады,киім,мата,қолғап тоқиды

-Түйе

шұбат,жүнінен көрпе тігеді.

Балалар бұлардың барлығын қалай айтамыз?

Неліктен үй жануарлары дейміз?

– Себебі ,олар адамның көмегімен үйде өсіріледі.

 

Сергіту сәті:   Әуен арқылы жаттығу жасау.

Қимыл қозғалыспен көрсету арқылы жасаймыз.

 

Д/о:Артық жануарды тап.(жануарлардың суреттері мен орман жануарларының суреттері  араласып тақтаға ілінеді ) .

 

Д/о:Үй жануарларының төлдерін тап.

Шарты:тақтаға шығып,үй жануарларының төлдерін енесіне қосу

 

Қортындылау:

Балалар үй жануарларына нелер жатады?

-Олардың төлдері қалай аталады?

-Неге оларды үй жануарлары дейміз?

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?

Сендер жануарлар туралы жақсы біледі екенсіңдер,сондықтан мен сендерге сиырдың сүтінен жасалған құрт беремін.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *