Көктем келді
Рысжанова Жанна Жарылғасынқызы
1.Білім беру саласы: Коммуникация
2.Кіріктірілген білім салалары:Қоршаған ортамен таныстыру
3.Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту
4.Тақырыбы:“Көктем келді”(сұрақ – жауап).
5.Мақсаты: а)Педагогтің сұрақтарына байланысты жауаптар қайтаруға (қар ериді,күн жылынады,құстар ұшып келеді),сөз тіркестерін құрастыруға (күн ашық,гүлдер әдемі) үйрету.
ә) Жұмбақтардың мағынасын түсінуге сурет арқылы шешулерін табуға үйрету, «к» дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.
б)Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып,сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
6.Көрнекіліктер: слайд,№31 демонстрациялық материал ( көктем көрінісі суреті).
7.Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көктем мезгілін бақылау.
8.Сөздік жұмыс: бәйшешек,бүршік,көктем.
9.Билингвальды компонент: бәйшешек – подснежник, бүршік – почка, көктем – весна.
Оқу іс –әрекет
кезендері |
Педагогтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Амандасу.Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып,төмендегі өлең жолдарын қайталаттырады:
Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға Ертемен ақпейілмен: «Қайырлы күн!»деймін мен. (Е.Өтетілеуұлы) |
Балалар алдымен жылулық шеңберіне тұрып сәлемдесіп,бір-біріне ыстық лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастырушылық- ізденіштік
|
Демонстрациялық материалмен жұмыс.
Ақ қар еріп,су көбейіп, Сай-салаға толады. Ағаш басы бүршік атып, Гүл бәйшешек толады. Айтыңдаршы бөбектерім, Бұл қай кезде болады? (Көктем) – Бәйшешек – ерте көктемде гүлдейтін гүл. Ерте көктемде ағаштар бүршік атады. – Балалар,өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған?(Педагог «к» дыбысының анық айтылуына мән беру).
– Балалар,мына суретке қараңдаршы! Көктемде күн шығып,қар еріп,су көбейіп,сай-салаға толады.Құстар жылы жақтан ұшып келеді.Балалар оларға қамқорлық жасап,құстың ұясын ағашқа іліпті.Ағаштар гүлдеп тұр.
– Айналаның бәрі қандай? – Балалар не істеп жүр? – Балалар қалай киінген?
Билингвальды компонент: бәйшешек – подснежник, бүршік – почка, көктем – весна.
Сергіту сәті. Қоюланып қара бұлт, Жаңбыр жауды себелеп. Жапырақты жамылып, Жата қалды көбелек. «Суреттердің орнын тап!» дидактикалық ойыны. Шарты: суреттердің орнын тауып жабыстыру.
|
Өлең – жұмбақты тыңдайды.
Сұрақтарға балалар жауап береді.
– Көктем мезгілі жайлы.
Балалар суретке назар аударады.
Балалар педпгог қойған сұрақтарға жауап береді.
Балалар қайталайды: бәйшешек – подснежник, бүршік – почка, көктем – весна.
Балалар педагогпен бірге сәйкес қимылдар жасайды.
Суреттердің орнын табады да,жабыстырады. |
Рефлексиялық-түзетушілік
|
– Балалар,біз суреттен не көрдік?
– Көктемде құстар қай жақтан ұшып келеді екен? – Ағаштарда не өседі? Балаларды мадақтап,оқу іс – әрекетін қорытындылайды. |
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: қойылған сұрақтарды мұқият тыңдап,оларға толық жауап беру тапсырмасын ;
Түсінеді: сөздердегі дыбыстарды айту үшін дыбыстарға арналған артикуляциялық жаттығуларды мүлтіксіз орындау керектігін:
Қолданады: көктем туралы ойларын еркін жеткізе білу іскерліктерін.