Эссе «Тәрбие негізі – балабақшада!»

Жотабаева Жулдуз Мусаевна

«Ешкім іштен батыр болып тумайды:

батырлық та мінез секілді өскен орта,

көрген тәрбиеге байланысты

қалыптасады»

Тәрбиеші ұстаз болу-жай ғана мамандық емес. Ол-адам бағдарын жасаушы. Адам өмірге келген соң үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттасам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің тәрбиеші болуыма жол салып, арман ғана болып қалмауына негіз болған менің білім нәрін сусындаған Уржар ауданы Қарабұта орта мектеп ұстаздары мен алғашқы ұстазым.  Өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын. Өйткені, бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қандай арман болсын. Міне, осындайда «Ұстаз – ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын.

Қазіргі замандағы мың құбылып өзгеріп тұратын өмірде табысты болу үшін оған оңай бейімделе білетін қабілетке ие болу керек.

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес.«Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», — деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.
Жалпы адам баласы тәрбиеші болу үшін өзі тәрбие көрген, тәрбиені ұғынған жөн. Тәрбиенің отанында тәрбиеленген адам ғана айналаны, қоршаған ортаны тәрбиелей алады. Тәрбиелі ұрпақ елімізге ауадай қажет. Себебі тәрбиелі ұлттың тамыры тереңге бойлап, қаланған іргесі қандай ауыртпалық түсседе құламайды. Бәрін түйіндей келе менде болашақ ұрпақ үшін тәрбиеші мамандығын таңдадым. Қазір осы салада білім жинап жүргеніме…….. Осы аралықта мен өте көп нәрсе үйрендім. Бұл мамандық мені бірден баурап алды. Шат-шадыман күбірлеген жаста, күнәдән пәк, күмістей сыңғырлаған сәби үні күні-түні қүлағыңнан кетпей, бейне бір ақ, адал жолға жетелеп бара жатқандай күй кешеді екенсің. Өйткені балалардан ешқандай жасандылық көрмейсің. Егер олардың алдында шынайы қалпыңда көрінбесең олар сені қабылдамайды. Тәрбиеші мамандығы маған ыстық көрінеді.

Бұл мамандықпен жайқалған, гүлденген, іргесі, нақ бекіген балашағымды көре аламын. Буыны қатпаған жас жеткіншектерді жетілдіру үлкендер мына біздердің парызымыз. Саналы да зиялы және білімді буындарды биіктету біздің қолымызда. Елімнің арқасы асқақ, мерейі үстем болуына азда болса өз үлесімді қосып жатсам, ол мен үшін үлкен абырой
Әрине, ұстаз болу жоғарғы педагогикалық оқу орнын  бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізе аласың деп білемін. Өз мамандығым жайлы ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін аша алатын сөздер іздедім: тәрбиеші тәуліктің 24 сағатында педагог болуы тиіс, себебі ол – білімніің негізін қалаушы адам.

Өзімнің алдағы 5-жылғы іс -тәжірибелік жұмысымның нәтижесінде балаларымең білім сапасының артуына, тәрбиелік жұмыс жобамның негізінде балалардың шығармашылық қабілеттеріне көп көңіл бөліп, азын-аулақ жетістіктерге қол жеткіздім деп санаймын.

Өзім жетекшілік ететін №13 «Балбөбек» тобымның балалары 2019 жылы 3 наурызда Рахманғали Айханша Халақаралық «Бейбітшілік әлемі» сайысына қатысып ғылыми жобалар қорғап І орын иеленді. Қол өнер сайысы бойынша Бейсенов Ералы І орын иеленді. Сондай ақ би, ән сайыстарында Республикалық, қалалық сайыстарнаң жүлдегерлері бар. «Пони», «Зият» т.б. сайыстарына балалар қатысып жақсы нәтижелер көрсетуде.

Ал, «осы мамандықты таңдағандағы жетістікті қалай өлшеуге болады?» деген сұрақ қойылса, былай деп жауап берер едім: «Жетістік деп мен өзімнің оқушыларымды оқытудағы және тәрбие берудегі табыстарымды айтар едім. Оның нәтижесі – оқушыларымның өмірдегі жеңістері, дарындылық қасиеттерінің, қабілеттерінің ашылып, кеңейе түсуі, өзін-өзі бағалауды күшейтуі, өз бақытын іздеуі».

«Ақша жоғалтсаң – ештеңеңді жоғалтпайсың, уақытыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, досыңды жоғалтсаң – көп нәрсеңді жоғалтасың, өзіңді жоғалтсаң  – бәрін жоғалтасың» деп неміс мақалы дұрыс айтылған. Осыған орай, менің өмірлік қағидам – ешқашан өз қадір-қасиетімді жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу».

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *