Дәрумендер

Тәрбиеші: Нурболатова Гулрайхан Каракойшиевна

Мақсаты:

Білімділігі: Пайдалы азық- түліктер мен дәрумендер және салауатты тамақтанудың маңызы туралы білім беру. Көкөністер мен жемістердің пайдасы туралы айта отырып, санату, орыс тілінде қалай аталатынын білу.

Дамытушылығы: Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, сөздерді анық айтуын, зейіндерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Өз ағзаларын күтуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ноутбук, суреттер, үлестірмелі құралдар.

 

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеттері

 

Мотивациялық

қозғаушы

 

-Балалар, бүгін біз Күз патшалығына саяхат жасайтын боламыз. Қане мына өлең жолдарын қайталай отырып, жол қысқартайық.

Шаттық шеңбері

Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
Тілегіміз бейбіт күн!
Ашық болсын көк аспан!

Ғажайып сәт:

Сахна артынан Күз ханшайымы шығады.

-Сәлеметсіңдер ме, достар! Менің патшалығыма қош келдіңдер! Мен Күз ханшайымымын. Мұнда көптеген қызықтар көріп, ойын ойнайсыңдар, табиғи дәрумендерден дәм татасыңдар! Дайынсыңдар ма?

-Олай болса топтарға бөлінейік.

 

 

 

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, жай айналып, өлең жолдарын қимылмен қайталайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар амандасады, қызыға айнала қарайды.

 

 

 

-Иә, дайынбыз!

Іздену ұйымдастырушы -Балалар, алдымен мұнда назар салайық суреттен не көріп тұрсыңдар? (ноутбукпен жұмыс жасау, видеоролик тамашалау)

-Балалар, біз үнемі дұрыс тамақтануымыз керек. Зиянды тағамдарды пайдалануға болмайды. Табиғи дәрумендерді мол пайдалану біздің денсаулығымыз үшін, әсіресе өсіп келе жатқан сендер үшін өте қажет.  Оларды жумай жеуге болмайды. Онда көптеген микробтар болады. Табиғи дәрумендер- ол жемістер меннн көкөністер. Дәрумендер дегеніміз- балалар денсаулығының мықты болып өсуіне көмектесетін заттар. Дәрумендердің А,В,С,Д,Е деген түрлері бар. Олар біздің күнделікті ішіп жүрген тағамдарымызда кездеседі. Мысалы:  А дәрумені- сары май, ірімшік, бауыр, қызанақ, қызыл алма, шабдалы, өрік.

В дәрумені- бұршақ, қарақұмық, ірімшік, балық, қара нан.

С дәрумені- жеміс- жидек, көкөніс.

Д дәрумені- ет, бауыр, сары май, ірімшік.

-Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді.

-Жылдың қай мезгілінде табиғи дәрумендерді көп пайдаланымыз?

Неліктен?

-Ал, жылдың басқа мезгілінде дәрумендерден тапшылық көрмеу үшін, дәріханалардан түйіршік дәрі ретінде сатып аламыз.

-Қазір, балалар, біз қазір арнайы  ыдысты пайдаланып, табиғи дәрумен, шырын жасап ішеміз.

(Соквыжималька пайдалану) Сергіту сәті:

Видеороликке қарап, қимылдар жасау

-Жарайсыңдар! Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.

 

 

 

-Жемістер, көкөністер.

 

 

 

 

 

Балалар зейін сала тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Күз мезгілінде, себебі осы мезгілде жемістер мен көкөністер піседі.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қызыға қарап ішеді.

 

Қимылмен көрсетеді.

Рефлексті коррекциялаушы -Қандай дәрумендермен таныстыңдар?

-Дәрумендердің пайдасы қандай?

Балаларға сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже: Денсаулықтарын күтуді, дәрумендерді үнемі пайдалануды, жеміс- жидектерді жуып жеуді білу керек

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *