М.Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері

Халқымыз «Балалы үй базар» деп тегін айтпаса керек, отбасылық өмірдің мәні мен сәні сәбимен бірге кіреді. Үлкен адамдардың өміріне соншама қуаныш пен шаттық сыйлайтын сәбилер кейде, керісінше, ата-анасының көңіліне уайым мен алаңдаушылық ұялатып жататыны да қоғамымыздағы белгілі жәйт. Туғаннан мүгедектікке душар болған, не есейе келе әртүрлі жағдайдың салдарынан денсаулығына, соның ішінде, жүйке жүйесіне зақым келген балаларды тек ата-анасы емес, мемлекет те бақылауда ұстап, қолынан келген жәр¬демін аяп отырған жоқ.

Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елесте¬туді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты – «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығу¬ларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқы¬туда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ олар өз қателіктерін өздері көріп, соны өздері түзеп отырады. Монтессори әдістемесінің маңызды ерекшелігі – баланың жеке қабі¬летін көрсете алатын және көрсеткісі келетін арнайы ортаны құру. Бұл Монтессори ортасы деп аталады. Бұл ортада психоло¬гиялық жайлылық, таңдау ерік¬тілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі салтанат құрады. Бұл күндері жүйені баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан Жапония, Қытай, Сингапур, Германия секілді мемлекеттерде интеллектуалды дамыған адамдардың көптігі осыған байланысты еке¬ніне біртіндеп көз жеткізіп келе¬міз. Тіпті сол дамыған мемлекеттерде тек жалпылама адамдар емес, ұлттың өзі интеллектуалды ұлт ретінде қалыптасып отыр¬ғаны белгілі. Бала жас кезінде жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай қарай иіледі. Жақсыға үйретсең, жақсылап үйретсең тез қабылдайды. Осы тұрғыдан келгенде Монтессори әдістемесінің маңызы зор.

Монтессори әдісінің мақсаты:

балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу;

өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;

балалардың өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.

Монтессори ұстазының міндеті:

балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу;

негізгі түстерді айыра білуге үйрету;

ұсақ моториканы дамыту;

алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру;

зейінін тұрақтандыру;

тәртіпке үйрету;

Монтессори бөлмесі  5 аймаққа бөлінген:

1.Сенсорлық аймақ,  2.Математикалық аймақ ,  3.Күнделікті өмір жаттығулары аймағы   4.Тілдік аймақ.    5.Ғарыштық  аймақ.

М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге,Өздігінен шешім

қабылдауына, топтада,жекеде жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғи мінезін, қабілетін,тәрбиешінің нұсқауымен емес,өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.

Монтессори бақылаушы ретінде баланың ішкі дүниесімен  таныса отырып, қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында көп еңбек сіңірді.Айналадағы заттық орта туралы түсініктерін қалыптастырды .Сәбилік шақта айналадағы қоршаған ортаның үдемелі дамуы өте маңызды мәнге ие болды.Дәл осы шақта баланың психологиялық дамуының негізі қаланады.

 

Автор туралы мәлімет

Түркістан облысы

Түркістан қаласы

«Керемет» бастауыш мектеп-балабақшасы

Тәрбиеші:Артикова Гүлдана  Ташпулатовна

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *