Оң жақ сол жақ
Исмагулова Гулнар Зайнеденовна
Мақсаты: Қағаз парағының оң жағын және сол жағын ажырата білу
және кеңістікті бағдарлай білуін (оң жақта-сол жақта), жетіл-
діру, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелету, сергіту сәті, ойын.
Көрнекілігі: үлестірмелі құралдар, суреттер, ойыншықтар, қоржын.
Сөздік жұмыс: Сол жақта-оң жақта.
Билингвалды компонент: Оң жақта-справа, сол жақта-слева,
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Шаттық шеңбер
Мынау менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау басым арқылы Барлық істі атқарған Мынау менің оң қолым Мынау менің сол қолым |
Балалар қуана, жарыса шаттық шеңберді орындайды |
Ұйымдастыру-ізденістер
|
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар? -Олар қалай аталады? -Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Балалар бір аптада неші күн бар? -Балалар, бүгін аптаның қай күні? Өте жақсы, жарайсыңдар! Бүгінгі оқу қызметіміз қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Өткен тақырыпты бір қайталап жіберейік.
Биік-высокий, аласа-низкий. Бүгінгі тақырыбымыз «Оң жақта- сол жақта» Балалар оң жағымыз бен сол жағымызды көрсетейікші. -Оң жағымызда не тұр? -Есік. -Ал сол жағымызда ше? -Терезе -Балалар бізге біреу есік қағып тұрған сияқты. -Сәлем балалар! Есіктен Тапқышбек кіреді, қолында конверт. -Сәлеметсіз бе, сіз кім боласыз? -Мен Тапқышбекпін! -Сәлеметсіздер ме! -Мен математика патшалығынан келдім. Мына конвертте тапсырмалар бар. Соған жауап бересіңдер, мен сендерге сыйлық беремін. Келістік пе? Тапқышбек сіз біздің балалардың сабағын тыңдаңыз. (Тапқышбек, орындыққа отырады) -Олай болса балалар, Тапқышбектің тапсырмаларын шешейік Тәрбиеші тапсырманы орындатады.
1–тапсырма: «Кілемшедегі пішіндер» Жарайсыңдар Балалар!
2-тапсырма: «Оң және сол» Ойынның мақсаты: үлкен және кіші заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар. Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді. Балалар тұрып бойымызды сергітейік. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Мойнымызды бұрайық. Қолымызды көтеріп, Алақанды созайық.
3-тапсырма: «Сәйкестіндіру» әдісі Ойын шарты: «Пішіндерді ұяшықтарға орналастыру» Балаларға үлестірмелі карточкалар беріледі. Балалар осы карточканы ұяшықтарға орналастыру. |
-Көктем мезгілі.
– Көктем – Үш ай бар – Наурыз, сәуір, мамыр -Күн жылынып, қар еріп, адамдар қалың киімін шешіп, жұқа киіне бастайды. -Жеті күн бар -Сәрсенбі
Балалар жауап береді.
Балалар мұқият тыңдап тапсырманы орындайды.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту сәтін орындайды.
|
Рефлексивті-түзетуші
|
Тапқышбектің балаларға тапсырмаларды дұрыс орындаған үшін рахмет айтады.
Балалар бүгінгі сабақта, Тапқышбектің тапсырмасын дұрыс орындадыңдар. Сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар! |
Балалар мен қоштасады сыйлығын береді.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Оң жақ-сол жақ туралы ұғымдарды,
мезгіл туралы ұғымдарды;
Нені игереді: үлкен және кіші заттарды ажыратуды;
Нені білді: Дайын пішіндерді дұрыс ұяшықтарға орналастыруды.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718